Гонорея
Гонорея (қарапайым тілде — триппер) — Neisseria gonorrhoeae гонокогы қоздыратын жұқпалы жыныстық жолмен берілетін ауру. Инфекция қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде шырышты қабаттар арқылы жұғады. Көп жағдайда жұқтыру қынаптық жыныстық қатынас кезінде орын алады, алайда инфекция оральді және анальді жыныстық қатынас арқылы да берілуі мүмкін. Гонококк жұқтырған адамның организмінен тыс жерде тез өлетіндіктен, гонореяның тұрмыстық жолмен жұғу ықтималдығы өте төмен.
Бұл ауру ерлер мен әйелдердің жыныс жүйесін, ішектің және ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаттарын зақымдауы, сондай-ақ конъюнктивит тудыруы мүмкін. Гонококктар жасушалардың беткейін зақымдауы немесе жасушалардың ішінде орналасуы мүмкін.
Гонореяның негізгі қауіптерінің бірі — ерлер мен әйелдерде бедеуліктің дамуы.
Өте сирек жағдайларда гонококктар ерекше түрге өзгеріп, антибиотиктермен және басқа препараттармен емдеудің тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Алғашқы симптомдардың пайда болуына дейінгі инкубациялық кезең ер адамдарда 48 сағаттан 5 күнге дейін, ал әйелдерде 5 күннен 10 күнге дейін созылады.
Ерлердегі гонореяның симптомдары
Несеп шығару кезіндегі ауырсыну;
Уретрадағы жайсыздық пен күйдіру сезімі;
Ақшыл-сарыдан жасыл түске дейінгі бөлінділер.
Әйелдердегі гонореяның симптомдары
Ақшыл-сары түсті бөлінділер;
Етеккір аралық кезеңдегі қан кету;
Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну;
Несеп шығару кезінде ауырсыну және күйдіру сезімі.