Корпоративтік мәдениет туралы ереже

1. Жалпы ережелер

Осы Ереже ұйым қызметкерлерінің санасында «АИРТ-Ecomed» қатысушысы болып табылатын білім беру ортасының жоғары әдеп қағидаттары мен нормаларына сәйкес келетін идеологияны, құндылықтар жүйесін және бірыңғай мінез-құлық стандарттарын қалыптастыру мақсатында әзірленді, бұдан әрі мәтін бойынша «Академия» деп аталады.

Осы Ереже лауазымына қарамастан барлық қызметкерлер өз жұмысын құру кезінде басшылыққа алуға тиіс қағидалар, принциптер мен стандарттардың жиынтығын білдіреді. Ереже Академия қызметінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуге арналған.

Осы Ережеде ұсынылған қағидаттар мен қағидаларды Академияның барлық қызметкерлері орындауға міндетті. Әрбір қызметкер өз жұмысында көрсетілген қағидалар мен қағидаттарды қатаң сақтағаны үшін дербес жауапкершілік атқарады. Әрбір бөлімше басшысы өзіне бағынысты қызметкерлердің осы қағидалар мен қағидаттарды қатаң сақтауына жауапты болады.

Осы Ереже халықаралық сапа стандарттары негізінде әзірленген Академияның сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құжаттама құрамына кіреді:

— ISO 9001/2008 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету стандарттары. Таңдау және қолдану жөніндегі басшылық ережелер»;

— Бизнес-әдеп нормалары. Олардың көмегімен Академия қызметкерлерінің және басқа серіктестердің әдептік мінез-құлқы бақыланады, Жарғының сақталуы қамтамасыз етіледі және ұйым қағидаларының оның қызметкерлері мен серіктестері тарапынан орындалуына бақылау жүргізіледі;

— Іскерлік әдеп нормалары. Академия қызметкерлерінің қызметтік мінез-құлық қағидалары мен нормалары, ішкі коммуникациялар және серіктестермен, клиенттермен, тапсырыс берушілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі.

2. Корпоративтік мәдениет жүйесінде қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Қызметтік әдеп – құрылымдық бөлімше басшысының бағынысты қызметкерлермен, жоғары тұрған басшылармен және басқа қызметкерлермен тұлғааралық өзара іс-қимыл жүйесі. Іскерлік әдептің айқындаушы қағидаты — ынтымақтастық пен өзара түсіністік. Қызметтік әдеп жеке байланыстарды орнатуды қамтамасыз етеді, іскерлік мәселелерді шешуге ықпал етеді және ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастырады.

Басқару әдебі – басқару процесінде Академия қызметкерлерінің мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттейтін адамгершілік нормаларының, қағидалар мен түсініктердің жиынтығы. Басқару әдебі басқару жүйесінде қызметкерді тұлға ретінде орталық орынға қою қағидатына негізделеді.

Сөйлеу әдебі – әңгімелесу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары. Әңгімелер, кеңестер, көпшілік алдында сөз сөйлеу, іскерлік хаттар жазу әдебі. Ол қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жүгінудің, өтініш білдірудің, алғыс айтудың тұрақты нысандарын және дәлел келтіру тәсілдерін қамтиды.

Іскерлік бедел – Академияның өз қызметкерлері, серіктестері, клиенттері алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ жасалған шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды белгіленген мерзімдерде орындауын куәландыратын сапалық және сандық көрсеткіштер (өлшемшарттар) жүйесімен бағаланатын ұйымның жақсы атағы. Ұйым жоғары төлем қабілеттілігін, рентабельділік пен табыстылық деңгейін, көрсетілетін қызметтердің және даярланған мамандардың сапасын, өндірістік тәртіптің жоғары деңгейін беделдің маңызды факторлары деп есептейді.

Корпоративтік мәдениет – Академия мен оның қызметкерлері күнделікті жұмысында басшылыққа алуға тиіс нормалардың, қағидалардың, құндылықтардың және әдеп стандарттарының жиынтығы. Академия кәсіби қызмет, сыртқы ортаға бейімделу және ішкі интеграция процесінде қалыптасқан, өзінің тиімділігін көрсеткен және Академия қызметкерлері ортақ қабылдайтын мінез-құлық үлгілерінің жиынтығын ұстанады.

Имидждік стиль – Академия мен оның қызметтерінің танымалдылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ ұйымның өзіндік ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік беретін құралдардың (логотип, рәміздер) жиынтығы. Ұйымның имиджі Академия туралы ұйымның ішінде және одан тыс жерлерде қалыптасатын түсіну, қабылдау және әсер ету тетіктерінің жиынтығынан тұрады.

Кадр саясаты – кадрлық жұмыстың әртүрлі нысандарын, әдістері мен үлгілерін біріктіретін, персоналмен жұмыс істеудің тұтас және объективті негізделген стратегиясы.

Корпоративтік рух – стратегиялық дамудың миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін ортақ қабылдайтын адамдардың мінез-құлқынан көрінетін, қызметкерлер мен басшылардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін айқындайтын бастау.

1. Қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Бөлімше қызметінің негізгі саласы саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес Академияның дамуын стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ Академияда сапа менеджменті жүйесінің қағидаттарын енгізу және оны қолдау болып табылады.

Бөлімше қызметінің негізгі мақсаты сапа менеджменті жүйесінің қағидаттарына сәйкес заманауи технологияларды пайдалану, тарату және әзірлеу негізінде медициналық білім беру, ғылыми және клиникалық қызмет сапасын арттыру саласындағы стратегиялық даму жоспарын іске асыру болып табылады.

Бөлімше қызметінің негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Академияның дамуын стратегиялық жоспарлау;

бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, Академияның стратегиялық даму жоспарын жетілдіру және өзектендіру;

Академияда ISO 9001:2008 стандартының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізу;

персоналды басқару және кадр қызметінің жұмысын жетілдіру;

қоғаммен байланыс орнату қызметінің жұмысын жетілдіру;

мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін жетілдіру;

Әдеп мәселелері жөніндегі жергілікті комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

Академияның Конкурстық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

Академияның барлық процестерінің жұмыс істеуіне әдеп қағидаттарын енгізу;

Академияның корпоративтік менеджментін жетілдіру;

денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау сапасын жақсарту мақсатында халықаралық және басқа да жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

Академия қызметінің тиімділігін талдау.

2. Функциялар

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде бөлімше мынадай негізгі функциялар мен қызмет бағыттарын жүзеге асырады:

Академияның стратегиялық даму жоспарын (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді) әзірлеу, оның іске асырылуына мониторинг және бақылау жүргізу;

ұйымды басқаруды сәйкестендіру және жетілдіру мақсатында сапа менеджменті жүйесі бойынша құжаттар мен ұсынымдар әзірлеу;

персоналды басқару және кадр қызметінің жұмысын бақылау;

қоғаммен байланыс орнату қызметінің жұмысын бақылау;

Академиядағы мемлекеттік тілді дамыту қызметінің жұмысын бақылау;

Конкурстық комиссияның құжаттамасын әзірлеу;

Академия қызметкерлерін конкурстық іріктеуге қойылатын талаптарды әзірлеу және енгізу;

Әдеп мәселелері жөніндегі жергілікті комиссияның құжаттамасын әзірлеу;

Жергілікті әдеп комиссиясының қызметін жоспарлау, мониторингтеу және бақылау;

медицинадағы халықаралық әдеп қағидаттары мен стандарттарына сәйкестігі шеңберінде Әдеп мәселелері жөніндегі жергілікті комиссияның жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету;

ұйымды басқаруды жетілдіру мақсатында қызметкерлерге инновациялық менеджмент бойынша ұсынымдар беру және оқыту;

Академия қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізу, нәтижелі қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелерді көтермелеу жөнінде Академияның СРиМС департаменті жанындағы кадр қызметіне ұсыныстар енгізу;

Академияға жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттардың негізгі құзыреттерге сәйкестігіне сараптама жүргізу;

кәсіби құзыреттерді жетілдіру мақсатында департамент қызметкерлерін оқытуды жоспарлау;

бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарымен, халықаралық және басқа да медициналық ұйымдармен ынтымақтастыққа жәрдемдесу, шарттар жасасу жөнінде СРиМС департаментіне ұсыныстар енгізу;

бақылаушы органдардың сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Академия қызметін жақсарту мақсатында түзету іс-шараларын әзірлеу;

Академия қызметінің тиімділігін талдау.

Бөлімшенің функциялары белгіленген тәртіппен толықтырылуы немесе түзетілуі мүмкін.

3. Құқықтар мен міндеттер

Ректордың құқықтары мен міндеттері:

бөлімше жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлердің мамандануын айқындау, олардың арасында жұмыстар мен тапсырмаларды бөлу мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

өзіне бағынысты қызметкерлерге өзінің функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер шеңберінде тапсырмалар мен міндеттер беру;

бөлімше қызметкерлерінің тапсырмалар мен жұмыстарды орындауын, жекелеген тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылау;

бөлімше міндеттерін орындау барысында өзінің жауапкершілік саласына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

қызметтік мақсаттарда Академияның қарамағындағы техникалық құралдарды пайдалану;

қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу, қызметкерлерді біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға жіберу мәселелері бойынша Академияның тиісті бөлімшелеріне жүгіну;

өз құзыреті шегінде анықталған кемшіліктер мен проблемалар туралы баяндау;

міндеттерді орындауға байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Бөлімше басшысы мен қызметкерлерінің өзге құқықтары мен міндеттері тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген.

4. Жауапкершілік

Ректор Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген шектерде:

бөлімше қызметінің нәтижелері мен тиімділігі үшін;

өзінің функционалдық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ бағынысты қызметкерлердің жалпы жұмысы үшін;

лауазымдық нұсқаулықпен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындамағаны (тиісінше орындамағаны); еңбек қызметін жүзеге асыру барысында жасаған құқық бұзушылықтары; материалдық залал келтіргені үшін;

заңнамада, Академия Жарғысында, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және Академия Қағидаларында белгіленген өкілеттіктерінің шегінен шығатын өзі қабылдаған шешімдердің салдары үшін;

Академияның мүлкі мен қаражатын өзінің мүддесіне немесе Академия мүдделеріне қайшы келетін мүдделерде пайдаланғаны үшін;

атқарылған жұмыс туралы есептерді тікелей басшыға уақтылы ұсынбағаны үшін;

коммерциялық құпияны сақтамағаны үшін;

өзіне бағынысты қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етпегені үшін;

өзінің функционалдық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ өзіне бағынысты бөлімше қызметкерлерінің жалпы жұмысы үшін жауапты болады.

Бөлімше басшысы мен қызметкерлерінің жауапкершілігіне қатысты өзге тармақтар тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген.

5. Қорытынды ережелер

Осы Ереженің орындалуын және уақтылы өзектендірілуін бақылау бөлімше директорына жүктеледі. Ол Ережені бағынысты қызметкерлер мен Академияның мүдделі лауазымды тұлғаларына жеткізуді және Танысу парағында олардың қолдарын жинауды қамтамасыз етеді.

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар бөлімше туралы ережені жаңа редакцияда жасау немесе Академия ректорының не өзге уәкілетті лауазымды тұлғасының бұйрығы негізінде осы Ережеге қосымша түрінде өзгерістерді (толықтыруларды) ресімдеу арқылы енгізіледі және бөлімше қызметкерлері мен Академияның мүдделі лауазымды тұлғаларының назарына жеткізіледі.

Осы Ереже бекітілген күннен бастап күшіне енеді және директор немесе Академияның өзге де уәкілетті лауазымды тұлғасы оны белгіленген тәртіппен күшін жойғанға дейін қолданылады.

Бөлімше таратылған немесе бөлімше туралы ереже жаңа редакцияда бекітілген жағдайда осы Ереже заңдық күшін жоғалтады және жарамсыз болып есептеледі.

Осы Ереженің түпнұсқасы кадр қызметінде, ал көшірмесі жұмыс бөлімшесінде сақталады.