Өскемен қаласында ЭКО орталығының ашылуы

Все статьи
15 қыркүйек, 2026
Алматы

Бедеулік — қазіргі әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанда әрбір жетінші ерлі-зайыпты жұп отбасын жоспарлауда қиындықтарға тап болады. Репродуктивтік медицина саласындағы соңғы жетістіктердің қолжетімділігіне қарамастан, көптеген пациенттер олар туралы жеткілікті ақпараттандырылмаған және қажетті ем алу мүмкіндігіне ие емес.

«ЭКОМЕД» — ЭКҰ және бедеулікті емдеу бойынша Қазақстандағы алғашқы, ең ірі әрі жетекші орталықтар желісі. Дәл осы орталықтың арқасында 1996 жылғы 31 шілдеде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы «пробиркадан туған сәби» дүниеге келді. Зертхананың ұйымдастырушысы және Қазақстандағы алғашқы «пробиркадан туған сәбидің» дүниеге келуіне үлес қосқан маман — «Экомед» клиникалар желісінің ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Байқошқарова Салтанат Берденқызы.

Орталық репродуктивтік медицина саласындағы үздік мамандарды біріктірді. Олар академиялық, инновациялық, ғылыми-зерттеу және клиникалық қызметтің озық әлемдік тәжірибесін, сондай-ақ ең заманауи әдістер мен технологияларды қолданады. Бұл бізге жүктіліктің басталу көрсеткіштері жоғары, әлемдік стандарттарға сай қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

«Экомед» ЭКҰ орталықтары Қазақстанның 7 қаласында орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Атырау және Ақтау. Бүгін біз Өскемен қаласында 8-орталықтың ашылғанын қуана хабарлаймыз!

«Экомед» клиникасының мамандары жыл сайын бедеулікті емдеудің жаңа әдістеріне, қосалқы репродуктивтік технологияларға, эмбриология мен генетикаға арналған конференцияларға қатысады, атап айтқанда:

  • Қазақстанда — КАРМ (Қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығы);
  • Ресейде — РАРЧ (Ресей адам репродукциясы қауымдастығы);
  • Еуропада — ESHRE (Еуропалық адам репродукциясы және эмбриология қоғамы);
  • Америкада — ASRM (Америкалық репродуктивтік медицина қоғамы).

Біздің саламызға қатысты жаңа әдістер мен технологиялар пайда болып, олар бедеулікті емдеуде жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда, мамандарымыз оларды меңгеруге және Қазақстан бойынша орталықтарымыздың желісіне енгізуге ұмтылады.

Өз жұмысында озық технологияларды қолданатын тәжірибелі, жоғары білікті мамандар командасы сіздің ата-ана болу арманыңызды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салады.

Мұнда емдеу барысында жетекші әлемдік өндірушілердің тек жоғары сапалы шығыс материалдары мен дәрілік препараттары қолданылады.

Құрметпен,
Директор
Мусиралиева Дамира Алмұхамедқызы