Сыйлық ретінде PGD кепілдігі бар IVF
Жүкті болмай — бізден кетпейсіз!
Баршаңызға белгілі болғандай, «Экомед» ЭКҰ және бедеулікті емдеу орталықтарының желісі Қазақстан азаматтарына бірегей «КЕПІЛДІКПЕН ЭКҰ» бағдарламасын ұсынған алғашқы клиникалардың бірі. Бұл бағдарлама пациенттердің сәтсіз ЭКҰ процедурасы жағдайындағы қаржылық тәуекелін азайтуға және емделуге жұмсалатын шығындарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беру үшін әзірленген.
Пациенттерге бір емес, бірнеше ЭКҰ циклінен өтуге тура келетін жағдайлар жиі кездеседі, бұл сөзсіз елеулі қаржылық шығындарға әкеледі. Алайда шығындарды азайтып, «Экомед» клиникасындағы ем нәтиже бермеген жағдайда қаржылық тәуекелден сақтану үшін «Кепілдікпен ЭКҰ» бағдарламасы бар.
Бүгінде осы бағдарламаға қатысқан ондаған жұп бақытты ата-ана атанды!
Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмауды шештік және сіздерге «Кепілдікпен ЭКҰ» + имплантацияға дейінгі генетикалық диагностика (ПГД) сыйлыққа берілетін арнайы бағдарламаны ұсынамыз.
ПГД — эмбрионды жатыр қуысына имплантациялау (тасымалдау) алдында ондағы генетикалық ауытқуларды анықтауға бағытталған эмбрионды (яғни бластомердің бір бөлігін) зерттеу әдісі.
Бұл әдіс әсіресе ЭКҰ-ның бірнеше сәтсіз әрекетін бастан өткерген пациенттер үшін өзекті.
Акциялық бағдарламаға мыналар кіреді:
• стандартты стимуляциямен төрт ЭКҰ циклі;
• эмбриондарды криоконсервілеу циклдерінің қажетті саны;
• эмбриондарды еріту және тасымалдау циклдерінің қажетті саны.
АНЫҚТАМА! Тексерулер, препараттар, сондай-ақ қосымша процедуралар аталған бағдарламаның құнына кірмейді.
«Кепілдікпен ЭКҰ» бағдарламасының құны — 3 000 000 теңге.
Акция мерзімі: 2020 жылғы 9 қаңтарға дейін.
Толық ақпарат: 8 775 007 07 00