Мұстафа Иса Абдымуталипұлы
Дәрігер туралы
Бірінші біліктілік санатындағы уролог-андролог дәрігер.
Қауымдастықтарға мүшелігі: «Қазақстанның жас уролог-андрологтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Несеп-жыныс жүйесі ағзаларына ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізу бойынша білікті маман.
«Астана медицина университеті» КеАҚ-да «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған.
«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС-де «Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы мен андрологиясы» мамандығы бойынша резидентураны аяқтап, уролог-андролог дәрігер біліктілігін алған.
Несеп-жыныс жүйесінің қабыну ауруларын және ерлер бедеулігінің барлық түрлерін диагностикалау мен емдеу бойынша қызметтердің толық спектрін көрсетеді.
Лауазымы
Уролог-андролог дәрігер
Жұмыс өтілі
5 жылдан астам