— Ecomed-дегі IVF бағдарламасы үшін 50%

Все статьи
15 қыркүйек, 2026
Алматы

Құрметті достар!

ЭКҰ бедеулікті емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болғанымен, әлемдік тәжірибе көптеген себептерге байланысты барлық пациентте бірден бірінші немесе екінші әрекеттен оң нәтиже бола бермейтінін көрсетеді.

ЭКҰ жүктіліктің басталуына кепілдік бере алмайды, алайда ол бүкіл әлем бойынша басқа жолмен балалы бола алмаған миллиондаған адамға ата-ана атануға көмектесті.

Жүктілік басталуы үшін қанша әрекет қажет?

Бұл сұрақ көптеген жұпты алаңдатады! Бірақ оған жауап іздемес бұрын өзіңізге басқа сұрақ қойған дұрыс: көптен күткен мақсатымызға жету үшін біз неге және қанша әрекетке дайынбыз?

Кейбір жұптарға бір ғана сәтсіз цикл мен одан кейінгі психологиялық күйзеліс ата-ана болу арманынан біржола бас тартуға жеткілікті болса, енді біреулері ешқандай қиындыққа қарамастан күресуді жалғастырады.

Осыған байланысты Қазақстандағы Волонтер жылы аясында, сондай-ақ «ЭКОМЕД» орталығының 25 жылдығына орай біз осындай жұптарды қолдап, клиникаларымызда стимуляцияланған циклде 2 немесе одан да көп сәтсіз ЭКҰ әрекетінен өткен пациенттерге қайталама ЭКҰ бағдарламасынан 50% жеңілдікпен өту мүмкіндігін ұсынуды шештік.

Қайырымдылық бағдарламасының мерзімі: 2020 жылдың соңына дейін.

Қатысу шарттары: «Экомед» клиникалар желісінде стимуляцияланған циклде 2 немесе одан да көп сәтсіз ЭКҰ әрекетінен өткен пациенттер.

Толық ақпаратты «Экомед» клиникалар желісінің бірыңғай ақпараттық орталығынан ала аласыз: 8 775 007 07 00

Әр шаңырақта сәбидің күлкісі естілсін!