Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Ақтау қ. «20» қаңтар 2020 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед-Каспий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед-Каспий» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету туралы жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Қызмет көрсетуші» деп аталатын «Экомед-Каспий» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген жеке тұлғамен осы офертаның талаптарында медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі «Шарт») жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей болып табылады.
1.8. Осы шарт талаптарының толық және сөзсіз акцептелуінің (қабылдануының) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруы, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алуы және/немесе оларға ақы төлеуі болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдауға (акцептеуге) ниет білдірген жеке тұлғалардың акцепті мына әрекеттердің бірін жүзеге асыру арқылы жасалады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлем жасау.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария оферта бойынша (бұдан әрі — Шарт) Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге өзінің қызмет бейіні бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
3.1. Клиника/Қызмет көрсетуші өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың тіндері донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтерді (көмекті) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсету орны: Ақтау қ., 17 шағынаудан, 23-үй.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызметтерді көрсету кезінде және одан кейін жақын және алыс кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Қызмет көрсетуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен жұмыс уақытында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге күн сайын жүргізіледі (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның кестесіне сәйкес).
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін.
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс уақытта қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүргізіледі.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылған.
3.5. Барлық мамандардың қабылдауы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http:// www.ecomed.kz сайты арқылы, Клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00
— тікелей Клиникада, тіркеу бөлімінде әкімшілер арқылы.
Пациенттер Клиниканың тіркеу бөлімімен немесе call-орталығымен келісу бойынша дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылмай-ақ кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарау, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдаудың ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін, осы аралықтағы әрбір қабылдаудың нақты ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауының ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Қарап-тексеру ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету немесе басқа пациентті шұғыл тәртіппен тексеру қажет болған жағдайда қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды үзуге құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта қабылдауға онлайн өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа телефон соғу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік туындаған жағдайда пациент мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы, өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алған кезде отбасылық мәртебесін растайтын құжаттарды және емдеу мен қызмет көрсетуге қажетті барлық басқа құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасының көмегімен Клиниканың/Қызмет көрсетушінің есеп айырысу шотына да жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызмет көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жасалуы; өтінімнің болуы; жолдаманың болуы; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының болуы.
3.13. Дәрігердің күтпеген жерден болмауы және басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент Клиниканы мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабардар етуге міндеттенеді.
3.15. Егер Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіксе, Клиника алдын ала жазылу болғанның өзінде Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Егер бұл алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болса, дәрігер пациенттің алдын ала жазылуын кейінгі уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Егер бұл жағдайы неғұрлым ауыр пациентті қабылдау немесе респираторлық жолмен берілетін инфекциялық ауруы бар пациенттің басқа пациенттермен байланысын азайту үшін қажет болса, дәрігер алдын ала жазылу болғанның өзінде пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдауы тоқтатылған жағдайда Клиника оған жазылған Пациенттерді бұл туралы жедел хабардар етеді, бұл ретте Клиника басқа дәрігерді ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толықтай тоқтату құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте оны төлеуге жұмсалған қаражат қайтарылмайды немесе қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулерді (соның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), хирургиялық араласуларды жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндетті.
3.18. Денсаулығына құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда Клиника медициналық ұйымның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына мәліметтер береді.
3.19. Пациент медициналық құжаттарды рәсімдеу үшін белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылу кезінде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиниканы мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабардар етуге міндетті. Әрбір Пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Қабылдауға кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызмет сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, егер кейінгі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдау уақытын ұзарту мүмкін болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
3.22. Пациент Клиниканың дәрігерлік және өзге де персоналының кабинетіне олардың шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде Клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа пациенттерге де құрметсіздік таныту ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиника медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермеуі немесе денсаулық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, оның ішінде Клиника дәрігерлері мен персоналы туралы жағымсыз пікірлер айтқан, персоналға дөрекілік көрсеткен, медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдары мен тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрінетін психологиялық үйлесімсіздік болған жағдайда, егер медициналық қызмет көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалары) кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазивтік араласу алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің денсаулық жағдайы туралы диагноз, ағзаның жағдайы, емдеу мен профилактикаға арналған ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын медициналық қорытындылар, егер олар Пациентке Клиниканың медициналық персоналының жұмыс уақытында берілген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытынды деректерін басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шарт бойынша Пациентке немесе өзге тұлғаларға Пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік қарым-қатынас қызметтерінде жариялауға, сондай-ақ Клиникамен келіспей үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Осы Шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға келген кезде Пациенттер және оларды ертіп жүрген тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтерді көрсету кезінде және одан кейін жақын және алыс кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиниканың ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге келген және оның үй-жайларында болған кезде:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге де әрекеттер жасауға;
— басқа пациенттерге және Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиника мүлкін бүлдіруге;
— Клиникадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есікті тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық рәсімдер кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— әдепсіз сөздер айтуға, Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға тіл тигізуге және дөрекілік көрсетуге, не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге, Клиника персоналы мен басқа Пациенттерге қоқан-лоқы көрсетуге және қысым жасауға жол берілмейді;
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезеңде Пациентке, оның заңды өкіліне және еріп жүрген тұлғаларға:
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, өзге де есірткілік және масайтатын заттарды қолдануға, Клиниканың кіреберісінде, сондай-ақ кез келген үй-жайында темекі шегуге;
— қоқысты, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдарды, пайдаланылған препараттарды еденге тастауға қатаң тыйым салынады.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және еріп жүрген тұлғалардың әдепсіз, жол берілмейтін және агрессивті мінез-құлқы, зорлық-зомбылық немесе бұзақылық әрекеттері, медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылау мен емдеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және еріп жүрген тұлғаларға респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.37. Жоғарыда баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника басшылығы мен персоналы пациентке қызмет көрсетуден, бақылау мен емдеуден, медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтер үшін төлем маманның алғашқы/қайталама қабылдауы алдында қызмет көрсетілетін күні кассада толық көлемде жүргізіледі. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай ішінде нақты маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – Клиника пациентінің осы ай ішінде сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын, Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтер үшін төлемді Пациент/Тапсырыс беруші жеке өзі (немесе оның келісімімен өзге тұлға) қызмет көрсету басталған күні қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес толық көлемде жүзеге асырады.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық қызметтер үшін енгізілген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты мен чегі болған кезде Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда, Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет құны арасындағы айырманы төлейді.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында Клиника медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүзеге асырылуы мүмкін.
4.7. Клиника қызметтері үшін төлем Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Қызмет көрсетушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсетілетін кезеңде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен туындаған жедел аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың өршуі кезінде пациенттің өміріне төнген қауіпті жою мақсатында шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер көрсету қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмектің ақысыз көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және шынайы ақпарат беруге;
5.1.7. Пациентті мына мәселелер туралы ақпараттандыруға және хабардар етуге:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентті шұғыл немесе жоспарлы стационарлық емдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетуге қарсы көрсетілімдер және ықтимал жағымсыз салдарлар туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда шарттың біржақты бұзылуы туралы.
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдік іс-шаралар көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге;
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақшалай қаражатты енгізгеннен және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы шартқа сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып, медициналық қызметтерді сапалы әрі толық көлемде көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақшалай қаражатты есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеу клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда клиникалық базаның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына немесе өз дәрігерлерінің тәжірибесіне сәйкес диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігерлік нұсқамалар орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын және ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтер үшін төлем жасау жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтер көрсетуді бастамауға;
5.2.5. Мына жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
— Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаған жағдайда;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) рәсімдеуден/қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
— осы шартта баяндалған Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсетуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда.
5.2.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың/Қызмет көрсетушінің пікірінше оның денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіре отырып, одан медициналық көмектен бас тартқаны туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісу бойынша қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жедел ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауға жазылуын ауыстыруға немесе жоюға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық туралы кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника пациенттеріне арналған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын, «Экомед-Каспий» ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Емдеуші дәрігердің және емдеу мен тексеру бойынша медициналық қызмет көрсететін тиісті мамандардың медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарттың қолданылу кезеңінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем қабылдамауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтердің құнын Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес оларды көрсету басталғанға дейін осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Қызмет көрсетушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы, анамнезінде бар патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіптік зияндар, аллергиялық реакциялар туралы мәліметтерді және өзге де қажетті құжаттарды ұсынуға. Сондай-ақ Клиникада/Қызмет көрсетушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына әсер етуі мүмкін басқа факторлар туралы өзіне белгілі барлық өзге мәліметтерді ұсынуға;
6.1.9. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты әдейі бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге әсер етуі және сауығу болжамына ықпал етуі мүмкін екенін білуі тиіс;
6.1.10. Пациент денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігерін дереу хабардар етуге, емдеу курсынан өту кезінде өзін-өзі сезінуіндегі кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағымсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу ақпараттандыруға міндетті;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің немесе call-орталығының қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірлерін, нақты тұрғылықты мекенжайын), сондай-ақ дербес деректерін, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды хабарлауға;
6.1.13. Клиника/Қызмет көрсетуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тартқаны туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші белгіленген қызмет алу уақытына келмеген және/немесе 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзіне қалдырады;
6.1.15. Өз денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат берген жағдайда емдеу нәтижесі үшін Клиника/Қызмет көрсетуші жауап бермейді;
6.1.16. Эпидемия, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндетті.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлері мен медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалардың құрметпен қарауына;
6.2.3. Клиникадан/Қызмет көрсетушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.4. Бұрын берілген түсініктемелер түсініксіз болған жағдайда Клиникадан/Қызмет көрсетушіден өзінің денсаулық жағдайы, ұсынылған диагностика және емдеу әдістері жөнінде қосымша түсініктемелер талап етуге;
6.2.5. Өзінің емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын, лауазымын, жұмыс тәжірибесін және біліктілік деңгейін білуге;
6.2.6. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.7. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.8. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан кезде Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар қолжетімді нысанда түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба түрінде ресімделеді және оған Пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.9. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.10. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиника персоналының оның медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу барысында алынған өзге мәліметтерді Клиникадан тыс жерде таратпауына;
6.2.11. Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, оларға байланысты қауіптер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген ем нәтижелері туралы толық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға, сондай-ақ ықтимал қауіп пен артықшылықтар, ұсынылған және балама емдеу әдістері, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары, үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептері туралы ақпарат алуға, өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге құқылы. 6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны тағайындай алады. Денсаулық жағдайын ескере отырып, ақпарат Пациенттен жасырылып, оның жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын құжаттар және т.б.) ұсынады және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Аталған келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде шектеусіз: жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (оның ішінде беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Сонымен қатар Пациент Клиникада фото-, бейне-, аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мына тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтау жөнінде өзара міндеттемелер қабылдайды.
7.3. Тараптар мұндай ақпаратқа Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.4. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе Шартқа қатысты алынған кез келген ақпаратты оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзгеше мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді, бұған ақпаратты алушы Тараптың оны осы Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпараты жатпайды;
7.5. Осы шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе Клиникадан тыс жерде өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.6. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Өз жағдайына байланысты өз еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда Пациенттің медициналық құжаттарындағы медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз беруге жол беріледі.
7.8. Медициналық тексерулер нәтижелерін Клиника персоналы пациенттерге жеке өзі немесе мобильді не өзге қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, Пациент тіркелу кезінде көрсеткен сұрау салуға қатаң сәйкес хабарлайды.
7.9. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді, қызмет көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қою арқылы береді.
7.9.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Қызмет көрсетушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.9.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиника/Қызмет көрсетуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ресми сайтында жариялауға келіседі. 7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиника/Қызмет көрсетушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Егер осы Шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуы себеп болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Клиника Пациент ұсынған құжаттардың (оның ішінде жеке құжаттардың) және/немесе ақпараттың шынайы болмауы, жалғандығы, дәл еместігі және т.б. салдарынан туындаған нәтижелер үшін жауап бермейді.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулығы туралы толық емес ақпарат берген немесе жағдай медициналық көрсетілімдерден туындаған кезде Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету сапасына жауап бермейді.
8.5. Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына зиян келуі немесе оның сауығуының болмауы Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқамаларды бұзуы нәтижесінде орын алса, Клиника/Қызмет көрсетуші оған жауапты болмайды.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) немесе одан көп рет орындамаған, Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша өзінің құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өз талаптары баяндалған хат жіберуге құқылы. Шағым алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін мына жағдайларда жауап бермейді:
— Пациенттің емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамауы және Пациенттің денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасауы;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талап етуі бойынша қызмет көрсету;
— Пациенттің келмеуі немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуы салдарынан емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтерін көрсеткеннен кейін үшінші тұлғалардың медициналық араласуы;
— Пациентке бұл жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екендігі ескертілген жағдайда оның емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартуы;
— жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты Пациенттің кейінгі денсаулық жағдайы және асқынулардың туындауы;
— дәрілік заттар мен препараттарды қолданудан олардың өндірушісі аннотацияда көрсеткен ықтимал жанама әсерлердің туындауы;
— егер көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде тиісті ақпараттың болмауының салдары болса, Пациенттің бұрын болған аурулар, аллергиялық реакциялар, қарсы көрсетілімдер туралы дәрігерді хабардар ету міндетін орындамауы.
8.9. Клиника/Қызмет көрсетуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасына жауап береді;
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің немесе басқа форс-мажорлық жағдайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдарынан туындаса және олар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтірсе, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Қызметтерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, оның ішінде мессенджерлер мен чаттарда Клиниканың/Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның клиенттерінің беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды кемсітетін мәліметтерді таратқаны үшін жауапты болады.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтер үшін төлем талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын көздеуі мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер үшін берешегі туындаған жағдайда Клиника Пациент бұрын көрсетілген қызметтердің ақысын толық төлегенге дейін осы Шарт бойынша одан әрі қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.13. Клиника мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті. 8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөліміндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында айырмашылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.
10.1. Осы жария оферта шарты жария орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және «03» қаңтар 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін шартты бұзу туралы келісімге міндетті түрде қол қою немесе екінші Тараптың шартты бұзуға келісімін жазбаша түрде растауы талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылды деп есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ.
11.1. Медициналық оқиға жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберілетін жазбаша шағыммен жүгіне алады. Шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында баяндалуы немесе Клиниканың сайты арқылы электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефонының нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамаға сәйкес тәртіппен қаралады.
11.3. Шағым Клиника оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке өзіне берілуі не ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған шағымға жауап Пациент көрсеткен электрондық мекенжайға электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес айқындайды және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін Клиника қызметтерінің прейскурантында белгілейді. Клиниканың ресми сайтында орналастырылған қызметтер бағасы туралы ақпарат Клиника прейскурантындағы ақпаратпен әрдайым бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана мәртебесіне байланысты өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер береді және бұл туралы сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарлайды. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың растайтын ресми құжаттар қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, мұндай өтініштерді Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттемені ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы жағдайлардың нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға мыналар кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық жағдай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапкершілік көтермейді.
13.5. Егер Шартты орындаудың кідіруі форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болса, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шартты бұзуға қатысты жауапкершілік көтермейді.
13.6. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны дереу жіберуі тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ.
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, оларға байланысты қауіптер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген ем нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді нысанда алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпаратты Пациентке емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге лауазымды тұлғалары медициналық этика талаптарына сәйкес келетін қолжетімді нысанда береді. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, оларға байланысты қауіптер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген емнің нәтижелері мен ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматқа оның еркіне қарсы берілмейді. Аурудың даму болжамы қолайсыз болған жағдайда, егер азамат бұл туралы отбасы мүшелеріне хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) осындай ақпарат берілуі тиіс тұлғаны тағайындамаса, ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамадағы ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және Пациенттің және оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
15. УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕРДІ ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау жүргізілген кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картасынан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картасының көшірмесі берілуі мүмкін.
16. Қорытынды ережелер
16.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Қызмет көрсетуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат түрінде ресімдеуге құқылы.
16.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Қызмет көрсетушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалды және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Қызмет көрсетуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кез келген уақытта өз қалауы бойынша кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте Пациентті/Тапсырыс берушіні өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей міндетті түрде хабардар етеді.
16.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа осы өзгерістерді енгізуге әкеп соғатынымен келіседі және оны мойындайды, бұл өзгерістер Шартқа офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтпен бір мезгілде күшіне енеді. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасуға қажетті барлық заңды құқықтар мен өкілеттіктерге ие екенін растайды.
16.4. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді рәсімдеуі Клиника/Қызмет көрсетуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
16.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында және/немесе Клиниканың/Қызмет көрсетушінің орналасқан жеріндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
16.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
17. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
17.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігердің қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпараты есептелетінімен сөзсіз келіседі.
17.2. Клиника/Қызмет көрсетуші:
«Экомед-Каспий» ЖШС
БСН 160540012558
ЖСК KZ916017231000002415
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Заңды мекенжайы: Ақтау қ., 17 шағынаудан, 23-үй, 37-кеңсе
Нақты мекенжайы: Ақтау қ., 17 шағынаудан, 23-үй, 37-кеңсе
Директор Диханова Назгуль Ерсайновна
Тел.: 8 (7292) 301 800
ecomed_zhadyra@mail.ru
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсету туралы
ашық (жария) оферта шартына
«05» шілде 2022 жыл.
Клиникадағы пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиника холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға келу кезінде мына қағидалар сақталуы тиіс:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киімге ауысу ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде пациент сыртқы киімін гардеробта қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Қабылдауға кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызмет сапасын төмендетіп, келесі пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, егер кейінгі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдау уақытын ұзарту мүмкін болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Пациент дәрігердің кабинетіне оның шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігердің кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Еріп жүрген тұлғалардың (Пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындаған жағдайда ғана жол беріледі, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлар бұған кірмейді.
2.6. Барлық келушілер (Пациент, заңды өкілдер, еріп жүрген тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы емдеуші дәрігерін дереу хабардар етуге міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беруі тиіс.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға келген кезде Пациенттер мен оларды ертіп жүрген тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс.
2.12. Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, бағалы бұйымдар, телефон, ақша үшін Клиника жауапкершілік көтермейді.
2.14. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— әдепсіз сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге, не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жүргізуге;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір саудамен айналысуға;
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, Клиниканың кіреберісінде, сондай-ақ кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге де заттарды қолдануға;
Мыналар бұзушылық болып есептеледі:
● персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;
● басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігердің қабылдауына немесе рәсімге келмеу немесе уақтылы келмеу;
● дәрігердің ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі рәсімдерді орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз қалауы бойынша қабылдау;
● Клиника үй-жайларында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!)
● шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болу.
Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациенттің құқыққа қайшы, әдепсіз мінез-құлқы, басқа пациентке немесе медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, Пациенттің алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болуы, осы қағидалардың талаптарын бұзуы жағдайында Клиника әкімшілігі, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Пациентті бақылау мен емдеуден бас тартуға, режимді және Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке жарамсыздық парағы мен ауру тарихына тиісті белгі қоя отырып, оны шығаруға құқылы.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауапкершілік көтермейді.
2-қосымша
Медициналық қызметтер көрсету туралы
ашық (жария) оферта шартына
«20» қаңтар 2020 жыл.
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Әрбір өтініш Клиника басшылығымен жеке тәртіппен қаралады және оған 30 (отыз) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап беріледі.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
* Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2ГИС және т.б.
Клиникада:
* — тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы;
* электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» белгісімен).
Орталықтың әлеуметтік желілердегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Aktau — https://www.instagram.com/ecomed_aktau/
• TikTok — https://www.tiktok.com/@ecomed.aktau
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім және тіркеу бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүгіне алады:
* Директор: Диханова Назгуль Ерсайновна;
* Аға мейіргер Кулова Самал Аманкосовна
* Бухгалтер Шайхиева Жадыра Бақбергенқызы
* Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Диханова Назгуль Ерсайновна
«Экомед-Каспий» ЖШС
БСН 160540012558
ЖСК KZ916017231000002415
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Заңды мекенжайы: Ақтау қ., 17 шағынаудан, 23-үй, 37-кеңсе
Нақты мекенжайы: Ақтау қ., 17 шағынаудан, 23-үй, 37-кеңсе
Директор Диханова Назгуль Ерсайновна
Тел.: 8 (7292) 301 800
ecomed_zhadyra@mail.ru