Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. «03» қаңтар 2022 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед-Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед-Шымкент» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету туралы жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Қызмет көрсетуші» деп аталатын «Экомед-Шымкент» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген жеке тұлғамен осы офертаның талаптарымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі – «Шарт») жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей.
1.8. Осы шарт талаптарының толық және сөзсіз акцептелуінің (қабылдануының) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруы, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алуы және/немесе олардың ақысын төлеуі болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалар оны мына әрекеттердің бірін жүзеге асыру арқылы акцептейді:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлемді жүзеге асыру.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария офертаға (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге өзінің қызмет бейіні бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
3.1. Клиника/Қызмет көрсетуші өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-VI Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы. «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалар тіндері донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
— 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
— 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсетілетін орын: Шымкент қ., Н. Назарбаев даңғылы, 16, т.е.б. 1.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызмет көрсету кезінде және одан кейін жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Қызмет көрсетуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен жұмыс уақытында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның жұмыс кестесіне сәйкес) күн сайын жүргізіледі.
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма: 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін,
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс уақытта қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүзеге асырылады.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылған.
3.5. Мамандардың барлық қабылдаулары алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http://www.ecomed.kz сайты арқылы, Клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00;
— Клиникада тікелей тіркеу бөліміндегі әкімшілер арқылы.
Пациенттер Клиниканың тіркеу бөлімімен немесе call-орталығымен келісу бойынша дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылмай-ақ кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарау, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдау ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін, осы аралықта әр қабылдаудың ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауының ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Қарап-тексеру ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету немесе басқа науқасты шұғыл тәртіппен тексеру қажет болған жағдайда қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлер Клиника белгілеген кестеге сәйкес қабылдайды. Дәрігерлердің жұмыс кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды тоқтата тұруға құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта онлайн қабылдауға өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау мақсатында call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа қоңырау шалу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік туындаған жағдайда пациент мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алу кезінде отбасылық мәртебесін растайтын құжаттарды және емделу мен қызметтер алу үшін қажетті басқа да барлық құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасы арқылы Клиниканың/Қызмет көрсетушінің есеп айырысу шотына да жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызметтер көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жүзеге асырылуы; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жағдайда болмаған немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент Клиникаға телефон арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлауға міндеттенеді.
3.15. Егер Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіксе, Клиника алдын ала жазылу болғанның өзінде Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Егер алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болса, дәрігер пациенттің алдын ала жазылуын кейінгі уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Дәрігер алдын ала жазылу болғанның өзінде, жағдайы неғұрлым ауыр пациентті қабылдау немесе тыныс алу жолдары арқылы таралатын инфекциялық аурумен ауыратын пациенттің басқа пациенттермен байланысын азайту қажет болған жағдайда пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдауы тоқтатылған жағдайда Клиника дәрігерге жазылған Пациенттерге бұл туралы жедел түрде хабарлайды, бұл ретте Клиника басқа дәрігер ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толықтай тоқтату құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте оны төлеуге жұмсалған қаражат қайтарылмайды және қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулер (оның ішінде пункция, биопсия, инъекция және т.б.), операциялық араласулар жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.
3.18. Денсаулығына құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда Клиника медициналық ұйым орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына мәліметтер береді.
3.19. Пациент белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, медициналық құжаттарды қалыптастыру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат алып келуі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылған кезде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға телефон арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлауға міндеттенеді. Жазылуға сәйкес әрбір Пациентке белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациентті қабылдаудың кешігуіне әкелуі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық уақытқа кешіккен жағдайда, егер дәрігер келесі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірмей қабылдау уақытын ұзарта алмаса, қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
3.22. Пациент Клиниканың дәрігерлік және өзге персоналының кабинетіне олардың шақыруымен кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде Клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа пациенттерге де құрметсіздік таныту ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиниканың медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмауына әкелуі немесе денсаулық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, оның ішінде Клиника дәрігерлері мен персоналы туралы жағымсыз пікір білдірген, персоналға дөрекілік танытқан, медициналық персоналдың нұсқауларын, ұсынымдарын және тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрініс тапқан психологиялық үйлесімсіздік болған жағдайда, егер медициналық қызметтерді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалар) кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке қорғаныш құралдарын: респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазивтік араласу алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің диагнозы, ағзасының жай-күйі, емдеу мен профилактикаға арналған ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындылар, егер оларды Пациентке Клиниканың медициналық персоналы жұмыс уақытында берген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында аталған медициналық қорытындының деректерін басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шартпен Пациентке немесе өзге тұлғаларға Клиникамен келіспей Пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік байланыс қызметтерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Осы Шартта көрсетілген Клиникадағы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға барған кезде Пациенттер және оларды алып жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс. Кез келген мүлікке зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген зиянды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтер көрсету кезінде және одан кейін жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиниканың ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге барған және оның үй-жайларында болған кезде:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге әрекеттерді жасауға;
— басқа пациенттерге және Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиника мүлкін бүлдіруге;
— Клиникадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есіктерді тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық процедуралар кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— былапыт сөздер айтуға, Клиника персоналын немесе Клиникадағы өзге тұлғаларды балағаттауға және оларға дөрекілік көрсетуге немесе басқа адамдардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге, Клиника персоналына және басқа Пациенттерге қоқан-лоқы көрсетуге және қысым жасауға жол берілмейді.
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезде Пациентке, оның заңды өкіліне және алып жүруші тұлғаларға:
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, басқа есірткілік және масайтатын заттарды қолдануға, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге;
— қоқысты, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдар мен пайдаланылған препараттарды еденге тастауға қатаң тыйым салынады.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және алып жүруші тұлғалардың әдепсіз, жол берілмейтін және агрессивті мінез-құлқы, зорлық-зомбылық немесе бұзақылық әрекеттер жасауы, медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және алып жүруші тұлғаларға жеке қорғаныш құралдарын: респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану ұсынылады.
3.37. Жоғарыда баяндалған ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника басшылығы мен персоналы пациентке қызмет көрсетуден, бақылаудан және емдеуден, медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтердің ақысы маманның алғашқы/қайталама қабылдауына дейін қызмет көрсетілетін күні кассада толық көлемде төленеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай шеңберінде нақты маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – осы ай ішінде Клиника пациентінің сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген кезде қолданыста болатын Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтердің ақысын Пациент/Тапсырыс беруші жеке өзі (немесе оның келісімімен өзге тұлға) қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес қызметтер көрсетіле бастаған күні толық көлемде төлейді.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда медициналық қызметтер үшін енгізілген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты мен чегі болған кезде Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет құны арасындағы айырманы төлейді, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында Клиниканың медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
4.7. Клиника қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.1.1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Қызмет көрсетушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес медициналық қызметтер көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде пациенттің өміріне қауіп төндіретін кенеттен болған жіті аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде өміріне төнген қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмектің ақысыз көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және шынайы ақпарат беруге;
5.1.7. Пациентті:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентті шұғыл немесе жоспарлы стационарлық емдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетудің қарсы көрсетілімдері мен ықтимал жағымсыз салдары туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда шарттың біржақты тәртіппен бұзылатыны туралы хабардар етуге міндетті.
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдеу іс-шаралары көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге;
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен қарауға және ізгілік танытуға;
5.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақшалай қаражат енгізіп, төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін заманауи диагностика және емдеу әдістерін пайдалана отырып, осы шартқа сәйкес медициналық қызметтерді сапалы әрі толық көлемде көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақшалай қаражатты есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда клиникалық базаның мүмкіндіктерін ескере отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына немесе өз дәрігерлерінің тәжірибесіне сүйене отырып, диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлескен орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігерлік нұсқаулар орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын және ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтер көрсетуге кіріспеуге;
5.2.5. Мына жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталғанда;
— Пациент Клиника ұсынымдарын сақтамағанда;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) ресімдеуден/қол қоюдан бас тартқанда;
— Клиниканың ішкі тәртібі, осы шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары бұзылғанда;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсетуді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда;
5.2.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника/Қызмет көрсетушінің пікірінше оның денсаулығына төнген қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіре отырып, одан медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісу бойынша қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауға жазылуын басқа уақытқа ауыстыруға немесе жоюға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, оларды заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника пациенттеріне арналған ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидаларын, «Экомед-Шымкент» ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Емдеуші дәрігердің және емдеу мен тексеру бойынша медициналық қызметтер көрсететін тиісті мамандардың медициналық нұсқауларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарттың қолданылу кезеңінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем қабылдамауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету тәртібімен және талаптарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтердің құнын Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес оларды көрсету басталғанға дейін, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Қызмет көрсетушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, анамнезінде бар патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіптік зиянды факторлар, аллергиялық реакциялар туралы мәліметтерді және басқа қажетті құжаттарды ұсынуға. Сондай-ақ Клиникада/Қызмет көрсетушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына ықпал етуі мүмкін басқа факторлар туралы өзіне белгілі барлық мәліметтерді ұсынуға;
6.1.9. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге және сауығу болжамына әсер етуі мүмкін екенін білуге тиіс;
6.1.10. Денсаулық жағдайы нашарлаған кезде бұл туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту кезінде өзін-өзі сезінуіндегі кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағымсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімі немесе call-орталық қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірлерін, нақты тұрғылықты мекенжайын), сондай-ақ дербес деректерді, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды хабарлауға;
6.1.13. Клиника/Қызмет көрсетуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнген қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші қызмет алу үшін белгіленген уақытқа келмеген және/немесе 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзіне қалдырады;
6.1.15. Денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат берген жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші емдеу нәтижесі үшін жауапты болмайды;
6.1.16. Эпидемиялар, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндеттенеді.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлерінің және медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалардың құрметпен қарауына;
6.2.4. Клиникадан/Қызмет көрсетушіден қажетті медициналық ақпаратты және денсаулық жағдайын растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.5. Бұрын берілген түсіндірмелер түсініксіз болған жағдайда Клиникадан/Қызмет көрсетушіден өзінің денсаулық жағдайына, ұсынылған диагностика және емдеу әдістеріне қатысты қосымша түсіндірмелер талап етуге;
6.2.6. Өзінің емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.7. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес келетін жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.8. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.9. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан жағдайда Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдары түсінікті түрде түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба енгізу арқылы ресімделіп, оған Пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.10. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.11. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу барысында алынған өзге де мәліметтердің Клиника персоналы тарапынан Клиникадан тыс жерде таратылмауына;
6.2.13. Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы толық ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары мен жүргізілген ем нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер мен ұсынылған және балама емдеу әдістерінің артықшылықтары, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары, үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептері туралы түсіндірмені қолжетімді нысанда алуға, өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;
6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны тағайындай алады. Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып, денсаулық жағдайы туралы ақпарат пациенттен жасырылып, егер тиісті жағдай болса, оның жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын құжаттар және т.б.) береді және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Аталған келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыру. Сонымен қатар Пациент Клиникада фото-, бейне- және аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мына тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарт талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөніндегі өзара міндеттемелерді қабылдайды.
7.3. Тараптар оларға Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.5. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе оған қатысты алынған кез келген ақпаратты оны берген Тараптың жазбаша келісімінсіз жарияламауға және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзге мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді, ақпаратты алған Тарап оны Шарт негізінде алғанға дейін иеленген жағдайларды қоспағанда.
7.6. Үшінші тұлғаларға ақпарат беру немесе осы шартпен құпия деп танылған ақпаратты Клиникадан тыс жерде өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен медициналық қызметкер құпиясын құрайтын мәліметтерді Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.8. Пациенттің медициналық құжаттарындағы және медициналық қызметкер құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз өз жағдайына байланысты өз еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда беруге жол беріледі.
7.9. Медициналық тексерулер нәтижелерін Клиника персоналы пациенттерге жеке өзі немесе мобильді және өзге де қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, Пациент тіркелу кезінде көрсеткен сұрау бойынша ғана хабарлайды.
7.10. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді және қызмет көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қою арқылы береді.
7.10.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Қызмет көрсетушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.10.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиника/Қызмет көрсетуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.
7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Егер осы Шарттың орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуынан туындаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Клиника Пациент ұсынған құжаттардың (оның ішінде жеке құжаттардың) және/немесе ақпараттың шынайы болмауы, жалғандығы, дәл еместігі және т.б. салдарынан туындайтын зардаптар үшін жауапты болмайды.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулық жағдайы туралы толық емес ақпарат берген немесе медициналық көрсетілімдерден туындаған жағдайларда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызметтердің көрсетілу сапасы үшін жауапты болмайды.
8.5. Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығуының болмауы Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқауларды бұзуы нәтижесінде туындаса, Клиника/Қызмет көрсетуші жауапты болмайды.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) немесе одан да көп рет орындамаған, Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша өзінің құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өзінің талаптары баяндалған хат жіберуге құқылы. Талапты алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника мына жағдайларда көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін жауапты болмайды:
— Пациент емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамаған және Пациенттің денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасаған жағдайда;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талап етуі бойынша қызмет көрсетілген жағдайда;
— Пациенттің келмеуі немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуы салдарынан емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтері көрсетілгеннен кейін үшінші тұлғалар медициналық араласу жүргізген жағдайда;
— Пациентке мұндай жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екендігі ескертілген жағдайда оның емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартуы;
— Пациенттің кейінгі денсаулық жағдайы, сондай-ақ жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты асқынулардың туындауы;
— өндіруші дәрілік заттар мен препараттардың аннотациясында туындауы мүмкін екенін көрсеткен жанама әсерлердің пайда болуы;
— егер көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде мұндай ақпараттың болмауынан туындаса, Пациенттің бұрын болған аурулар, аллергиялық реакциялар, қарсы көрсетілімдер туралы дәрігерге хабарлау міндетін орындамауы.
8.9. Клиника/Қызмет көрсетуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасы үшін жауапты болады.
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауы не тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің немесе басқа форс-мажорлық жағдайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдарынан болса және олар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтірсе, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылады және айыппұл санкциялары қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Қызметтерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, оның ішінде мессенджерлер мен чаттарда Клиниканың/Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның клиенттерінің беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды кемсітетін мәліметтерді таратқаны үшін жауапты болады.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын қарастыруы мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер үшін берешегі туындаған жағдайда Клиника Пациент Клиника көрсеткен қызметтерге толық ақы төлегенге дейін осы Шарт бойынша одан әрі қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.14. Клиника мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті.
8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөліміндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер оларды жария орналастырған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында айырмашылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөліміндегі редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.
10.1. Осы жария оферта шарты жария орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және «03» қаңтар 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін шартты бұзу туралы келісімге міндетті түрде қол қою немесе екінші Тараптың бұзуға жазбаша келісімін растауы талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылды деп есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ.
11.1. Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберілетін жазбаша шағыммен жүгіне алады. Шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында жазылуы немесе Клиника сайты арқылы электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефонының нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
11.3. Шағым Клиника оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке өзіне берілуі не ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған шағымға жауап пациент көрсеткен электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар және ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес белгілейді және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін Клиника қызметтерінің прейскурантында тіркейді. Клиниканың ресми сайтында орналастырылған қызметтердің бағасы туралы ақпарат әрдайым Клиника прейскурантындағы ақпаратпен бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана мәртебесі бойынша өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер береді, олар туралы сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарлайды. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттар қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, мұндай өтініштерді Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттеменің ішінара немесе толық орындалмауы не тиісінше орындалмауы Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы жағдайлардың нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатады.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық жағдай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапты болмайды.
13.5. Егер Шартты орындаудың кешігуі форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болса, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт талаптарын орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шарттың бұзылуы үшін жауапты болмайды.
13.6. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге осындай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Клиника/Қызмет көрсетуші мүмкіндігінше Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ.
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген ем нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді нысанда алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпаратты пациентке емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге лауазымды тұлғалары медициналық этика талаптарына сәйкес келетін қолжетімді нысанда береді. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген ем нәтижелері мен ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматқа оның еркіне қарсы берілмейді. Ауру дамуының қолайсыз болжамы болған жағдайда, егер азамат бұл туралы хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) осындай ақпарат берілуге тиіс тұлғаны тағайындамаса, ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамада қамтылған ақпарат медициналық қызметкер құпиясын құрайды және пациенттің және оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
15. ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау жүргізілген кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картадан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картаның көшірмесі берілуі мүмкін.
15. Қорытынды ережелер
15.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Қызмет көрсетуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат түрінде ресімдеуге құқылы.
15.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Қызмет көрсетушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалған және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Қызмет көрсетуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кез келген уақытта өз қалауы бойынша кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Пациентке/Тапсырыс берушіге міндетті түрде хабарлауға тиіс.
15.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа да осы өзгерістердің енгізілуіне әкелетінін және Шарттағы бұл өзгерістер офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтте бір мезгілде күшіне енетінін мойындайды және келіседі. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шартты жасасу үшін қажетті барлық заңды құқықтар мен өкілеттіктерге ие екенін растайды.
15.4. Пациенттің/Тапсырыс берушінің Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін қызметтерді ресімдеуі Клиника/Қызмет көрсетуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
15.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында және/немесе Клиниканың/Қызмет көрсетушінің орналасқан жеріндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер оларды жария орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.
15.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
16.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпараты есептелетінімен сөзсіз келіседі.
16.2. Клиника/Қызмет көрсетуші:
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«03» қаңтар 2022 ж.
Клиникадағы пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиника холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталығы операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға бару кезінде мына қағидаларды сақтау көзделеді:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киім кию ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде пациент сыртқы киімін гардеробқа қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Жазылуға сәйкес әрбір пациентке белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі пациентті қабылдаудың кешігуіне әкелуі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық уақытқа кешіккен жағдайда, егер дәрігер келесі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірмей қабылдау уақытын ұзарта алмаса, қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруымен кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Алып жүруші тұлғалардың (пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындаған жағдайда ғана жол беріледі, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда.
2.6. Барлық келушілер (пациент, заңды өкілдер, алып жүруші тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беру қажет.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға барған кезде пациенттер және оларды алып жүруші тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс.
2.12. Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, бағалы бұйымдар, телефон және ақша үшін Клиника жауапты болмайды.
2.14. Кез келген мүлікке зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген зиянды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— былапыт сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге немесе басқа адамдардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жүргізуге;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір саудамен айналысуға;
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге заттарды қолдануға.
Мыналар бұзушылық болып есептеледі:
● персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас;
● басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігер қабылдауына немесе процедураға келмеу немесе уақтылы келмеу;
● дәрігер ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі процедураларды орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз бетінше қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!);
● шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу.
Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациент құқыққа қайшы немесе әдепсіз мінез-құлық танытқан, басқа пациентке немесе медициналық персоналға дөрекі сөздер айтқан, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған, осы қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Клиника әкімшілігі пациентті бақылаудан және емдеуден бас тартуға, режимді және Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке жарамсыздық парағына және ауру тарихына тиісті белгі қойып, оны шығаруға құқылы.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауапты болмайды.
2-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«03» қаңтар 2022 ж.
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі ұсыныстары үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Әрбір өтінішті Клиника басшылығы жеке тәртіппен қарайды және оған 30 (отыз) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап береді.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
• Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2ГИС және т.б.
Клиникада:
• тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы арқылы;
• электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» белгісімен).
Клиниканың әлеуметтік желілердегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Shymkent — https://www.instagram.com/ecomed_shymkent/
• TikTok — https://www.tiktok.com/@ecomed_shymkent
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім және тіркеу бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүгіне алады:
• Директор: Джантаева Зухра Батырхановна;
• Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Асилтаев Кумисбек Алтинбекович, алдын ала жазылу бойынша.
• Бас медициналық мейіргер Рыскулова Азалия Агабековна.
• Бас бухгалтер Ноғаев Нұржан Нұғманұлы.
• Сарапшы дәрігер Сулейменова Жаксыкул Урипбековна.
• Заңгер Оспанова Айнур Саттарбековна.
«Экомед-Шымкент» ЖШС
«Экомед-Шымкент» ЖШС
пошта индексі 160023
БСН 151040003918
Е/ш KZ636017291000004565
БСК HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
KZ45722S000006343123
БСК CASPKZKA, «Kaspi Bank» АҚ
Мекенжайы: Шымкент қ., Н. Назарбаев даңғылы, 16, т.е.б. 1
Директор Джантаева Зухра Батырхановна
эл. пошта: ecomed_shymkent@mail.kz
телефон: 8(7252) 77 22 77
Call-орталық: 8 775 007 07 00
+7 701 604 6341 бухгалтерия