Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Медициналық қызметтер көрсету туралы
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Алматы қ. «03» қаңтар 2022 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед» Фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед» Фирмасы ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету туралы жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы құжатпен бұдан әрі «Клиника және/немесе Жеткізуші» деп аталатын «Экомед» Фирмасы ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген жеке тұлғамен осы оферта талаптарымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі — «Шарт») жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта-шарт болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей болып табылады.
1.8. Осы шарт талаптарының толық және сөзсіз акцептелгенін (қабылданғанын) растайтын дәлел, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алу және/немесе оларға ақы төлеуді жүзеге асырған күні болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалар акцептті мына әрекеттердің бірін жасау арқылы жүзеге асырады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлем жасау.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария офертаға (бұдан әрі — Шарт) сәйкес Клиника/Жеткізуші қолда бар медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Пациентке/Тапсырыс берушіге өзінің қызмет бейіні бойынша медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша — медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
3.1. Клиника/Жеткізуші өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныс жасушалары, репродуктивтік ағзалар тіндері донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсетілетін орын: Алматы қ., Гагарин даңғылы, 78.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызметтер көрсету кезінде және одан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар туындауы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Жеткізуші осы шарт бойынша қызметтерді өзінің жұмыс күндері мен сағаттарында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында күн сайын бос уақытқа, кез келген күнге (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның кестесіне сәйкес) жүргізіледі.
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма: 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін,
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс уақытта қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады. Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүзеге асырылады. Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылады.
3.5. Барлық мамандардың қабылдауы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http://www.ecomed.kz сайты арқылы, сайттағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00;
— Клиникада тікелей тіркеу бөліміндегі әкімшілер арқылы.
Пациенттер тіркеу бөлімімен немесе Клиниканың call-орталығымен келісім бойынша дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз да кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдаудың ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарау, өзге қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдау 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін созылуы мүмкін, осы аралықтағы әрбір қабылдаудың нақты ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін созылуы мүмкін. Қарау ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету немесе басқа пациентті жедел тәртіппен тексеру қажеттілігі туындаған жағдайда қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қабылдауды үзуге құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта онлайн қабылдауға өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа телефон шалу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік туындаған жағдайда пациент мамандандырылған медициналық ұйымға жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен медициналық ұйымдарда пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны пайдалану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алған кезде отбасы мәртебесін растайтын құжаттарды және емдеу мен қызмет көрсету үшін қажетті басқа да барлық құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен немесе банк картасы арқылы Клиниканың/Жеткізушінің есеп айырысу шотына жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызметтер көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жүзеге асырылуы; өтінімнің, жолдаманың және жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жерден болмаған немесе басқа да төтенше жағдайлар орын алған жағдайда call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді.
3.15. Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Клиника алдын ала жазылу болғанның өзінде Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Дәрігер алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау қажет болған жағдайда Пациенттің алдын ала жазылған уақытын кейінге шегере алады, бірақ 1 (бір) сағаттан артық емес. Дәрігер жағдайы анағұрлым ауыр пациентті қабылдау немесе респираторлық жолмен берілетін инфекциялық ауруы бар пациенттің басқа пациенттермен байланысын азайту қажеттілігі туындаған жағдайда алдын ала жазылуға қарамастан пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдау тоқтатылған жағдайда Клиника дәрігерге жазылған Пациенттерге жедел түрде хабарлайды, бұл ретте Клиника басқа дәрігер ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Жеткізуші қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе төленген қаражатты қайтармай және қайта есептемей, қызметті толықтай тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
3.17. Диагностикалық зерттеулер (оның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), хирургиялық араласулар қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда аталған әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.
3.18. Денсаулығына құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілген деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда Клиника медициналық ұйым орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына ақпарат береді.
3.19. Пациент белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келуі және медициналық құжаттарды рәсімдеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылған кезде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді. Әрбір Пациентке жазылуына сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кеш басталуы көрсетілетін қызмет сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдануын кешіктіруі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда дәрігер кейінгі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірмей қабылдау уақытын ұзарту мүмкіндігі болмаса, қабылдауды басқа уақытқа ауыстыруға құқылы.
3.22. Пациент Клиника дәрігерінің немесе өзге персоналының кабинетіне олардың шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде Клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа пациенттерге де құрметсіздік таныту ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиниканың медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмауына әкелуі немесе денсаулық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, Клиника дәрігерлері мен персоналы туралы жағымсыз пікірлер айтқан, персоналға дөрекілік көрсеткен, медициналық персоналдың нұсқауларын, ұсынымдарын және тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрінетін психологиялық үйлеспеушілік болған жағдайда Клиника, егер медициналық қызметтер көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалары) кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазивтік араласу алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің диагнозы, ағзасының жағдайы, емдеу және профилактика бойынша ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын медициналық қорытындылар, егер олар Пациентке Клиниканың медициналық персоналы жұмыс уақытында берілген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытындылардың деректерін басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Шарт бойынша Пациентке немесе өзге тұлғаларға Пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік байланыс қызметтерінде жариялауға, сондай-ақ Клиникамен келіспей үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Клиника персоналы осы Шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға келген кезде Пациенттер және олармен бірге жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтер көрсету кезінде және одан кейін жақын және ұзақ мерзімді кезеңде әртүрлі асқынулар туындауы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиниканың ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге барған және оның үй-жайларында болған кезде мыналарға жол берілмейді:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге де әрекеттер жасауға;
— басқа пациенттер мен Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиника мүлкін бүлдіруге;
— Клиникада тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есікті тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық емшаралар кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— балағат сөздер айтуға, Клиника персоналына немесе Клиникада жүрген өзге тұлғаларға ұрысуға және дөрекілік көрсетуге, не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге, Клиника персоналы мен басқа Пациенттерге қоқан-лоқы жасап, қысым көрсетуге.
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезеңде Пациентке, оның заңды өкіліне және бірге жүретін тұлғаларға қатаң тыйым салынады:
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі немесе басқа да масайтатын заттарды қолдануға, Клиниканың кіреберісінде және кез келген үй-жайларында темекі шегуге;
— қоқыс, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдарды, пайдаланылған препараттарды еденге тастауға.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және бірге жүретін тұлғалардың әдепсіз, жол берілмейтін және агрессивті мінез-құлқы, зорлық-зомбылық немесе бұзақылық әрекеттер жасауы, медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылау мен емдеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы, ал пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынуы тиіс.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және бірге жүретін тұлғаларға респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.37. Клиника басшылығы мен персоналы жоғарыда баяндалған ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Пациентке қызмет көрсетуден, бақылаудан, емдеуден және медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтер үшін төлем маманның алғашқы/қайталама қабылдауы алдында қызмет көрсетілетін күні кассада толық көлемде жүргізіледі. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Алғашқы қабылдау — бір ай ішінде нақты маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау — сол ай ішінде Клиника пациентінің сол дәрігер-маманға барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын Клиника/Жеткізуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес белгіленеді.
4.3. Медициналық қызметтер үшін төлемді Пациент/Тапсырыс беруші өзі (немесе оның келісімімен өзге тұлға) қызметтер көрсетіле бастаған күні қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес толық көлемде жүзеге асырады.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда медициналық қызметтер үшін төленген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты және чегі болған кезде қайтарылады, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Клиника/Жеткізуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызметтердің құны арасындағы айырманы қайтарады, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Клиниканың медициналық персоналы медициналық көмек көрсету барысында қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
4.7. Клиника қызметтерінің ақысы Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ЖЕТКІЗУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Жеткізуші міндетті:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Жеткізушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданыста болатын Прейскурантпен танысуға мүмкіндік беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтерді ауруларды диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда — медициналық көрсетілімдер бойынша дәлелді медицина базасы мен жалпы қабылданған тәсілдерге сәйкес көрсетуді қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен пайда болған жіті аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде пациенттің өміріне төнген қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер көрсету қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес медициналық көмекті ақысыз көрсетуді қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесі, оларды көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және шынайы ақпарат беруге;
5.1.7. Пациентті хабардар етуге және ескертуге:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентті шұғыл немесе жоспарлы стационарлық емдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетуге қарсы көрсетілімдер және ықтимал жағымсыз салдарлар туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда шарттың біржақты бұзылуы туралы.
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдеу шараларын көрсете отырып, денсаулық жағдайы туралы қорытындылар беруге;
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.14. Осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен Пациент/Тапсырыс беруші ақша қаражатын төлегеннен және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін медициналық қызметтерді осы шартқа сәйкес толық көлемде, заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып сапалы көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлері, көлемі, құны, сондай-ақ одан түскен ақша қаражатының есебін жүргізуге.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Жеткізуші құқылы:
5.2.1. Диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда — Клиниканың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша дәлелді медицина базасы мен жалпы қабылданған тәсілдерге немесе өз дәрігерлерінің тәжірибесіне сәйкес дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (қосалқы орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігер нұсқауларын орындамаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын және ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтер үшін төлем жасау міндеттемесін орындағанға дейін ақылы қызметтер көрсетуді бастамауға;
5.2.5. Қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларға қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
— Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаған жағдайда;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) рәсімдеуден/қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
— Клиниканың ішкі тәртібі және осы шартта баяндалған мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсету мүмкін болмаған жағдайда.
5.2.6. Клиника/Жеткізушінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға болатын қызметтерден ол бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың ықтимал салдарын түсіндіре отырып, медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісе отырып қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауға жазылуын ауыстыруға немесе жоюға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық кодексінде көзделген жағдайларда Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші міндеттенеді:
6.1.1. Клиника пациенттері үшін белгіленген ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын, «Экомед» Фирмасы ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Емдеу және тексеру бойынша медициналық қызметтер көрсететін емдеуші дәрігер мен тиісті мамандардың медициналық нұсқауларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиника/Жеткізушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарттың қолданылу кезеңінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емші, дәстүрлі емес медицина дәрігерлері, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдардың дәрігерлері берген ұсынымдарды емдеуші дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем алмауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа адамдарға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтерді көрсету тәртібімен және шарттарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтердің құнын олар көрсетілгенге дейін Клиника/Жеткізуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиника/Жеткізушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтерді сапалы көрсету үшін қажетті және шынайы ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы, анамнезіндегі патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қатысты қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіби зиянды факторлар, аллергиялық реакциялар және басқа да қажетті құжаттарды ұсынуға. Сондай-ақ Клиникада/Жеткізушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса) және емдеу барысына әсер етуі мүмкін өзінің денсаулығы мен өзге факторлар туралы белгілі барлық ақпаратты ұсынуға;
6.1.9. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау диагноз қоюдың дұрыстығына, тағайындалатын емге және сауығу болжамына әсер етуі мүмкін екенін білуге тиіс;
6.1.10. Пациент денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту кезінде өзін-өзі сезінуіндегі кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге айтуға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге міндетті;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда осы ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің немесе call-орталығының қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс үшін ақпаратты (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, нақты тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ дербес деректерді, ал қажет болған жағдайда отбасы мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынуға;
6.1.13. Клиника/Жеткізуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға мүмкіндік беретін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен немесе келмеген жағдайда Клиника/Жеткізуші қызмет көрсету мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзіне қалдырады;
6.1.15. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат берген жағдайда емдеу нәтижесі үшін Клиника/Жеткізуші жауапты болмайды;
6.1.16. Эпидемия, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациенттің құқығы бар:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер қатарынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлері және медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалар тарапынан құрметпен қарауға;
6.2.4. Клиникадан/Жеткізушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.5. Егер бұған дейін берілген түсіндірмелер түсініксіз болса, өзінің денсаулық жағдайына, ұсынылған диагностика және емдеу әдістеріне қатысты Клиникадан/Жеткізушіден қосымша түсіндірмелер талап етуге;
6.2.6. Емдеуші дәрігердің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, еңбек өтілі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.7. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес жағдайларда тексеруден және емдеуден өтуге;
6.2.8. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.9. Пациент немесе оның заңды өкілі заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан кезде Пациентке немесе оның заңды өкіліне қолжетімді түрде ықтимал салдарлар түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамада жазбамен ресімделіп, Пациент немесе оның заңды өкілі және медицина қызметкері қол қояды;
6.2.10. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.11. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің медициналық көмекке жүгінген фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу барысында алынған өзге де мәліметтер туралы ақпараттың Клиника персоналы тарапынан Клиникадан тыс таратылмауына;
6.2.13. Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген ем нәтижелері туралы толық ақпаратты өзіне қолжетімді түрде алуға; ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтары, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы ақпаратты, сондай-ақ үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептері туралы түсіндірмені алуға, денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір және консилиум өткізілуіне;
6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны тағайындай алады. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып өзінен жасырылып, егер Пациент оған тыйым салмаса, оның жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркеу мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасы мәртебесін растайтын құжаттар және т.б.) береді және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Бұл келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға, оның ішінде шектеусіз: жинауға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), пайдалануға, таратуға (оның ішінде беруге), иесіздендіруге, бұғаттауға, жоюға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен өзге де кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Сонымен қатар Пациент Клиника аумағында фото-, бейне-, аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мына тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу және автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарт талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөнінде өзара міндеттемелер қабылдайды.
7.3. Тараптар мұндай ақпаратқа Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.5. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе оған байланысты алынған кез келген ақпаратты, оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз, Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан басқа мақсаттарда жарияламауға және пайдаланбауға міндеттенеді, ақпарат оны алған Тарапқа Шарт негізінде алғанға дейін белгілі болған жағдайларды қоспағанда.
7.6. Осы шартпен құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе Клиникадан тыс өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.8. Пациенттің медициналық құжаттарында қамтылған және медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз өзінің жағдайына байланысты еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда беруге жол беріледі.
7.9. Медициналық тексерулердің нәтижелерін Клиника персоналы Пациенттерге жеке өзі немесе мобильдік не өзге қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдарымен, Пациент тіркеу кезінде көрсеткен сұрауы бойынша ғана хабарлайды.
7.10. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді және қызметтер көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қоя отырып береді.
7.10.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Жеткізушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.10.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиника/Жеткізуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Жеткізушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.
7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиниканың/Жеткізушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Клиника осы Шартты орындамау немесе тиісінше орындамау Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуынан туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Клиника Пациент ұсынған құжаттарға (оның ішінде жеке құжаттарға) және/немесе ақпаратқа байланысты олардың шынайы еместігі, жалғандығы, дәл еместігі және т.б. салдарлар үшін жауапты болмайды.
8.4. Клиника/Жеткізуші Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулығы туралы толық емес ақпарат берген немесе нәтижелер медициналық көрсетілімдерге байланысты болған жағдайларда медициналық қызметтердің сапасы үшін жауапты болмайды.
8.5. Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығуының болмауы Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқауларды бұзуы нәтижесінде туындаса, Клиника/Жеткізуші жауапты болмайды.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған, сондай-ақ Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша өз құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өз талаптары баяндалған хат жіберуге құқылы. Талапты алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника мына жағдайларда көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін жауапты болмайды:
— Пациенттің емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамауы және оның денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасауы;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талап етуі бойынша қызметтер көрсету;
— Пациенттің келмеуі немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуы салдарынан емдеу жоспарының орындалмауы;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе төзбеушілік туындауы;
— Клиника қызметтер көрсеткеннен кейін үшінші тұлғалардың медициналық араласуы;
— Пациентке нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің мұндай жағдайда тиімсіз болуы мүмкін екені ескертілген болса, емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартуы;
— Пациенттің одан арғы денсаулық жағдайы, сондай-ақ жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты асқынулардың туындауы;
— дәрілік заттар мен препараттарды қолданудан өндіруші олардың аннотациясында көрсеткен ықтимал жанама әсерлердің туындауы;
— егер көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде мұндай ақпараттың болмауының салдары болса, Пациенттің бұрын болған аурулар, аллергиялық реакциялар, қарсы көрсетілімдер туралы дәрігерді хабардар ету міндетін орындамауы.
8.9. Клиника/Жеткізуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасы үшін жауапты болады.
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің немесе басқа форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдары болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасында көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікті көтереді. Сондай-ақ Клиника/Жеткізуші және (немесе) оның клиенттері туралы олардың беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды кемсітетін мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, оның ішінде мессенджерлер мен чаттарда Қызметтерге қатысты таратқаны үшін жауапты болады.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Жеткізуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын қолдана алады. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер бойынша берешегі туындаған жағдайда Клиника осы Шарт бойынша одан әрі қызмет көрсетуді Пациент бұрын көрсетілген қызметтер үшін толық төлем жасағанға дейін тоқтата тұруға құқылы.
8.14. Клиника мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Жеткізуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиника/Жеткізушінің сайтында Интернет желісінде, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан қағаз жеткізгіште жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында қайшылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөліміндегі редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
10.1. Осы жария оферта шарты жарияланған күннен бастап күшіне енеді және «03» қаңтар 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін шартты бұзу туралы келісімге міндетті түрде қол қою немесе екінші Тараптың бұзуға жазбаша келісімін растау талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылды деп есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
11.1. Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберілетін жазбаша шағыммен жүгіне алады. Шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында жазылуы немесе Клиника сайты арқылы электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне өзінің байланыс телефонының нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамаға сәйкес тәртіппен қаралады.
11.3. Шағым Клиника алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке берілуі не ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған шағымға жауап Пациент көрсеткен электрондық мекенжайға электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар және ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері арқылы, сондай-ақ медиация рәсімімен шешуге міндеттенеді. Тараптар реттемеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес белгілейді және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін қызметтер прейскурантында көрсетеді. Клиниканың ресми сайтында орналастырылған қызмет бағалары туралы ақпарат Клиника прейскурантындағы ақпаратпен әрқашан бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана мәртебесіне байланысты өз қызметтеріне жеңілдіктер ұсынбайды.
12.3. Клиника уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер ұсынады, олар туралы сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарлайды. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттары қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдік беруге құқылы, мұндай өтініштерді Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттемені ішінара немесе толық орындамау немесе тиісінше орындамау Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың салдарынан туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларының нәтижесі болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатуы мүмкін.
13.3. Тараптар төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық мән-жай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарын орындамау форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапкершілік көтермейді.
13.5. Шартты орындаудың кешіктірілуі форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болған жағдайда Клиника/Жеткізуші тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шартты бұзу үшін жауапты болмайды.
13.6. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Клиника/Жеткізуші Пациентке/Тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Клиника/Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орынды болған дәрежеде орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді нысанда алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпаратты Пациентке емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге де лауазымды тұлғалары медициналық әдеп талаптарына сәйкес қолжетімді түрде береді. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген емдеу нәтижелері және ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматтың еркіне қарсы берілмейді. Ауру дамуының қолайсыз болжамы болған жағдайда ақпарат азаматқа және, егер азамат оларға хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) ақпарат берілуі тиіс тұлғаны тағайындамаса, оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамада қамтылған ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және Пациент пен оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
15. УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІЛЕРДІ ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінділерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляция жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картадан үзінді берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картаның көшірмесі берілуі мүмкін.
15. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
15.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Жеткізуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты екіжақты жазбаша құжат нысанында ресімдеуге құқылы.
15.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Жеткізушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалады және Тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Жеткізуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кез келген уақытта өз қалауы бойынша кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы Пациентке/Тапсырыс берушіге өзгерістер немесе офертаны қайтарып алу күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын міндетті түрде хабарлайды.
15.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа да осы өзгерістерді енгізуге әкелетінін және Шарттағы бұл өзгерістер офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтте бір мезгілде күшіне енетінін мойындайды және келіседі. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасу үшін қажетті барлық заңды құқықтары мен өкілеттіктері бар екенін растайды.
15.4. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді ресімдеуі Клиника/Жеткізуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
15.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Жеткізуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттағы өзгерістер Клиника/Жеткізушінің сайтында Интернет желісінде және/немесе Клиника/Жеткізуші орналасқан жердегі қағаз жеткізгіште жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
15.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
16.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпараты есептелетінімен сөзсіз келіседі.
16.2. Клиника/Жеткізуші:
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсету туралы
ашық (жария) оферта шартына
«03» қаңтар 2022 ж.
Клиникадағы Пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиниканың холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталығы операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға бару мына қағидаларды сақтауды көздейді:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киімге ауысу ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде Пациент сыртқы киімін гардеробқа тапсыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір Пациентке жазылуына сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кеш басталуы көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдануын кешіктіруі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, дәрігер кейінгі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдауды ұзарту мүмкіндігі болмаған кезде қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Пациентпен бірге жүретін тұлғалардың (Пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына тек емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындау шартымен жол беріледі, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда.
2.6. Барлық келушілер (Пациент, заңды өкілдер, бірге жүретін тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беруі тиіс.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіп сақталуы қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынуы тиіс.
2.10. Эпидемия кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға барған кезде Пациенттер және олармен бірге жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс.
2.12. Клиника персоналы осы мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, зергерлік бұйымдар, телефон, ақша үшін Клиника жауапты болмайды.
2.14. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— балағат сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникада жүрген өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге немесе басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жасауға;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір тауармен сауда жасауға;
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, Клиниканың кіреберісінде немесе кез келген үй-жайларында темекі шегуге, сондай-ақ сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге заттарды қолдануға.
Бұзушылық болып саналады:
● Клиника персоналына, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;
● басқа Пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігер қабылдауына немесе емшараға келмеу немесе уақытында келмеу;
● дәрігер ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі емшараларды орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз бетінше қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!);
● шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болу.
Клиника персоналы осы мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациенттің құқыққа қайшы, әдепсіз мінез-құлқы, басқа Пациентке немесе медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуы, осы қағидалардың талаптарын бұзуы жағдайында Клиника әкімшілігі, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту, режим мен Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы ауру парағы мен ауру тарихына тиісті белгі қою арқылы шығару құқығын өзіне қалдырады.
Сақтауға тапсырылмаған құнды заттар үшін Клиника әкімшілігі жауапты болмайды.
2-қосымша
Медициналық қызметтер көрсету туралы
ашық (жария) оферта шартына
«03» қаңтар 2022 ж.
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі ұсыныстары үшін өте ризамыз.
Әрбір өтініш Клиника басшылығымен жеке тәртіппен қаралады және оған 10 (он) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап беріледі.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
• Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2GIS және т.б.
Клиникада:
• тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы;
• электрондық пошта арқылы: info@ecomed.kz («Пікірлер мен ұсыныстар» белгісімен).
Клиниканың әлеуметтік желідегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Almaty — https://www.instagram.com/ecomed.almaty/
• TikTok — https://www.tiktok.com/@ecomed.almaty
• Facebook — https://www.facebook.com/ecomedplusastana
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім және тіркеу бөлімі бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүгіне алады:
• Директор: Отарбаев Марат Қалдыбаевич;
• Медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Айгерім Қайратқызы, алдын ала жазылу бойынша;
• Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Бильтаева Гүлнар Нығметқызы, алдын ала жазылу бойынша;
• Бас медициналық мейіргер Жанғабаева Майра Ниетбайқызы;
• Қаржы мәселелері жөніндегі директордың орынбасары Мыңжасарова Марал Құдайбергенқызы;
• Техникалық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Әмірхан Жандос Нұрланұлы;
• Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Жалғасбай Жадыра Жексікелдіқызы;
• Кадрлық-құқықтық қызметтің басшысы, заңгер Оспанова Айнұр Саттарбекқызы.