Біз 24 жастамыз!

Все статьи
14 қыркүйек, 2026
Алматы

«Экомед» ЭКҰ орталығына 2️⃣4️⃣ жыл толды! 🎉🎉🎉

1995 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында Қазақстандағы алғашқы «ЭКОМЕД» ЭКҰ орталығы ашылды.

Дәл «Экомед» орталығында 1996 жылғы 31 шілдеде орталықтың негізін қалаушы және ғылыми директоры Байқошқарова Салтанат Берденқызының жетекшілігімен Қазақстандағы алғашқы «пробиркадан туған сәби» дүниеге келді!

Бізді туған күнімізбен құттықтап, осы қуанышты күнді бірге атап өту үшін пациенттеріміз балаларымен келіп, сүйікті дәрігерлеріне алғыстарын білдірді! ❤️

Осы 24 жыл ішінде шағын орталықтан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі ЭКҰ орталықтары желісіне айналдық. Бүгінде біз Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Атырау және Өскемен қалаларында жұмыс істейміз. Бұл — тек бастамасы! 🎉🎉🎉

Осы уақыт ішінде біз 12 000-нан астам отбасының ана мен әке атану бақытына қол жеткізуіне көмектестік!

Осы жылдар бойы бізбен бірге болған пациенттерімізге, әріптестерімізге, достарымыз бен серіктестерімізге зор алғысымызды білдіреміз! 🎉❤️

Өткен іс-шараның барлық фотосуреттерін көруге және жүктеп алуға арналған сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/446k/2ZjVE7DFn