Ерғалиев Ислам Дәуренұлы
Дәрігер туралы
2017 жылы «Атырау медицина университеті» КЕАҚ-ны «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында резидентураны аяқтаған.
Қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алу үшін ғылыми қызметпен айналысады. Репродуктология және отбасын жоспарлау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.
Бедеулік мәселелері бойынша дәлелді медицинаға негізделген заманауи әдістерді қолдана отырып, емдеу-профилактикалық қызметпен айналысады. Оқу барысында мамандығы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан.
Өз жұмысындағы ең басты қағидасы – әрбір пациентке жеке тәсіл қолдану.
«Репродуктологияны біздің Ғаламмен салыстыруға болады: онда әлі зерттелмеген әрі таңғажайып құбылыстар бар, сонымен бірге ғажайыптарға да орын табылады. Жаңа өмірдің дүниеге келуі, ата-аналардың қуанышы мен жүздеріндегі бақытты күлкі – біздің жұмысымыздың басты нәтижесі».
Лауазымы
Репродуктолог дәрігер
Жұмыс өтілі
3 жылдан астам