Алжанова Камшат Салдарқызы
Дәрігер туралы
Бірінші санатты акушер-гинеколог. Босандыру қызметінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде (әйелдер консультацияларында, перзентханаларда) жұмыс істеген.
Жүкті әйелдерді, соның ішінде ауыр экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар пациенттерді жүргізумен айналысады. Қауіпсіз ана болу қағидаттары мен дағдыларын меңгерген. Медициналық құжаттаманы жүргізеді, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес береді (контрацепция әдісін жеке таңдау), кіші жамбас ағзаларының ауруларын және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) диагностикалау және емдеумен айналысады.
Шағын гинекологиялық операциялар мен процедураларды жүргізеді: жатырішілік құралды (ЖІҚ) енгізу және алып тастау, кольпоскопия, жатыр мойнынан биопсия алу, жатыр мойнының абляциясы, жатыр мойнының криодеструкциясы, полипэктомия.
Маңызды жеке қасиеттеріне ұстамдылық, стресстік жағдайларда сыни ойлау, мұқияттылық, шыдамдылық және сабырлылық жатады.
Лауазымы
Акушер-гинеколог
Жұмыс өтілі
20 жылдан астам