Сағындықова Бибігүл Сәдуақасқызы
Дәрігер туралы
Қазақстандағы адам репродукциясының қалыптасу және даму кезеңдерінің барлығынан өткен алғашқы репродуктолог мамандардың бірі. Аудандық орталық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері қызметінен бастап, Семей қаласындағы ірі әйелдер консультациясының меңгерушісіне дейінгі босандыру көмегінің барлық кезеңдерінен өткен.
Отандық және халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлардың қатысушысы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығының және басқа да ұйымдардың құрмет грамоталарымен марапатталған. Екі мәрте «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болған.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде оның көмегімен дүниеге келген сәбилер өсіп келеді.
Лауазымы
Репродуктолог дәрігер
Жұмыс өтілі
44 жыл, оның ішінде «Экомед» клиникасы ашылған сәттен бастап 22 жыл.