ЭКОМЕД АТЫРАУ ҮШІНШІ ЖЫЛДЫҚ
2016 жылғы 22 наурызда Атырау қаласында «ЭКОМЕД» ЭКҰ және бедеулікті емдеу жаңа орталығы ашылды!
Бүгінде ерлер мен әйелдер бедеулігінің барлық түрлері қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ – ЭКҰ) заманауи әдістерімен емделетін орталық өзінің үш жылдығын атап өтті.
Осы қысқа уақыт ішінде орталық мамандары біздің клиникаға көмекке жүгінген жүздеген бедеу жұптарға көмектесе алды.
Клиниканың туған күнін атап өтуге репродуктология саласындағы үздік мамандардың бірі, Астана қаласындағы «ЭКОМЕД» клиникасының медициналық директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық байқауының жеңімпазы, репродуктолог дәрігер Ибрагимов Алмаз Құрманәліұлы шақырылып, ерлі-зайыпты жұптар үшін жүзге жуық тегін қабылдау өткізді.

Сонымен қатар орталығымызда бедеулікті жеңе алған пациенттер де келіп, дәрігерлерге алғыстарын білдіріп, орталықтың барлық қызметкерлерімен мерекелік көңіл күйді бөлісті.
Іс-шара қонақтарының қатарында Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында тәжірибе жүргізетін акушер-гинекологтар, андролог-урологтар болды. Олар бедеулікті емдеу мәселелеріне арналған конференцияға қатысты.