Өскемендеғы ЭКО-ға арналған арнайы ұсыныс

Қазақстандағы ЭКҰ саласының негізін қалаушы Байқошқарова Салтанат Берденқызының арқасында 1995 жылғы 9 қарашада Қазақстанда эмбрионды алғашқы сәтті тасымалдау жүзеге асырылып, соның нәтижесінде 1996 жылғы 31 шілдеде Қазақстандағы алғашқы «пробиркадан туған сәби» дүниеге келді.
Осы айтулы оқиғаның құрметіне біз жазғы акциямызды қайта іске қосамыз. Соңғы 2 айдың ішінде біз Қазақстан азаматтарынан ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің тұрғындарынан бедеулікті ЭКҰ әдісімен емдеудің сол ең тиімді әрі нәтижелі бағдарламасын — ЭКҰ + ИКСИ + ХЭТЧИНГ бағдарламасын қайта іске қосуды сұраған 3000-нан астам хабарлама алдық.
Бүгін Қазақстанның репродуктология және эмбриология саласындағы айтулы оқиғаның 25 жылдығына орай «ЭКҰ + ИКСИ + ХЭТЧИНГ» бағдарламасына 330 000 теңге бағасымен акция басталғанын жариялаймыз.
Біздің мақсатымыз — пациенттерімізге ЭКҰ бағдарламасының ең нәтижелі үйлесімін қолжетімді бағамен ұсыну!
Енді сізде жоғары нәтижелілігі бар ЭКҰ бағдарламасынан Қазақстандағы және әлемдегі ең тиімді бағалардың бірімен өтуге арнайы мүмкіндік бар!
Акциялық бағдарламаға мыналар кіреді:
✅ стандартты стимуляция сызбасы (ұзақ немесе қысқа) және көктамырішілік анестезия қолданылатын ЭКҰ бағдарламасы;
✅ ИКСИ ұрықтандыру технологиясы;
✅ қосалқы хэтчинг.
ЭКҰ бағдарламасы мен осы манипуляциялардың үйлесімі стимуляцияланған және табиғи циклдердегі басқа ЭКҰ бағдарламаларымен салыстырғанда жоғары нәтижелілік көрсетеді. Себебі стимуляция кезінде фолликулдар саны көбірек болып, сәйкесінше аналық жасушалар саны артады, ұрықтану, бөлшектену және бластуляция көрсеткіштері жоғарылайды. Ең бастысы — эмбриондардың жатыр қуысына имплантациялану ықтималдығы жоғары болады!
Акция шарттары:
Бұл акция тек Алматы қаласындағы «ЭКОМЕД» ЭКҰ орталығында жарамды.
Акция құнына кірмейді:
❇ Ерлі-зайыптыларды тексеру
❇ Стимуляцияға арналған препараттар