Алматыдағы ECOMED ЭКО орталығы республикалық аккредиттеуден өтті

Все статьи
17 қазан, 2019
Алматы

Алматы қаласындағы «Экомед» ЭКҰ орталығы ДСДРО (Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы) жүргізген медициналық ұйымдарды республикалық аккредиттеуден сәтті өтті.

Медициналық ұйым үшін аккредиттеу — медициналық мекемеде халыққа уақтылы әрі сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жоғары деңгейдегі барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын, денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталатынын және медицина қызметкерлерінің бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес келетінін ресми түрде мойындау.

Аккредиттеудің болуы тұтынушыға көрсетілетін қызметтердің немесе ұсынылатын тауарлардың сапасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.