ЭКО арқылы дүниеге келген тұңғыш қазақстандық баланың 23 жылдығы!

Все статьи
15 қыркүйек, 2026
Алматы

Жыл сайын 31 шілде — біз үшін үлкен мереке. Өйткені дәл осы күні, 1996 жылы «Экомед» зертханасының көмегімен ерекше қыз бала — Қазақстандағы АЛҒАШҚЫ «ПРОБИРКАДАН ТУҒАН СӘБИ» дүниеге келді!

Оның дүниеге келуі мыңдаған қазақстандық жұпқа «бедеулік» диагнозын жеңіп, көптен күткен ана мен әке атану бақытына қол жеткізуге үміт сыйлады!

Бұл ғажайып сәби адам ағзасынан тыс ұрықтандыру әдісі — экстракорпоралдық ұрықтандырудың (ЭКҰ) арқасында дүниеге келді. Бұл әдісті көпжылдық ғылыми ізденістер, қажырлы еңбек және отбасылық жұптарға көмектесуге деген үлкен ұмтылыстың нәтижесінде 1995 жылы Қазақстанда алғаш рет қазақстандық эмбриолог, Қазақстандағы ЭКҰ саласының негізін қалаушы, Қазақстандағы алғашқы «пробиркадан туған сәбидің» дүниеге келуіне үлес қосқан Салтанат Байқошқарова енгізді.

Бүгінде елімізде адам репродукциясы саласында 20 клиника мен зертхананың жұмыс істеп, оларда бедеулікті заманауи ғылыми деңгейде диагностикалау және емдеу мүмкіндігінің бар екені бізді қуантады. С.Б. Байқошқаровадан білім алған мамандар еліміздегі және шетелдегі бедеулікті емдеуге маманданған 10-нан астам зертхана мен клиникада еңбек етуде.

Ал «Экомед» адам репродукциясы саласындағы жетекші клиникалар желісі ретінде Қазақстанның 9 қаласында ерлі-зайыпты жұптарға өз есігін айқара ашып, пациенттерге жақындай түсу үшін өз географиясын кеңейтуді жалғастыруда!

Өз тарихында «Экомед» клиникасы 12 000-нан астам ерлі-зайыпты жұпқа бедеулікті жеңіп, ата-ана болу бақытына қол жеткізуге көмектесті.

«Экомед» ұжымы клиника басшылары мен барлық мамандарды осындай тамаша мерекемен құттықтайды!