Жатыр мойны кистасы
Аналық без кистасы (аналық бездің ісік тәрізді түзілістері, синонимі: ісік тәрізді түзілістер) — аналық безде пайда болатын, іші сұйықтықпен толтырылған дөңгелек пішінді қуыс түріндегі анатомиялық түзіліс. Кисталардың көлемі бірнеше миллиметрден бірнеше ондаған сантиметрге дейін болуы мүмкін. Аналық без кисталары аналық бездің барлық ісік тәрізді түзілістерінің шамамен жартысын құрайды. Бұл патологияға репродуктивтік жастағы әйелдер көбірек бейім.
Себептері
Аналық без кистасы — көптеген себептердің үйлесімінен туындайтын көп факторлы ауру. Оның себептеріне мыналар жатады:
генетикалық бейімділік;
гормоналдық теңгерімсіздік;
кеш менопауза;
аналық бездер функциясының бұзылуы;
түсік жасату;
гипотиреоз;
қант диабеті;
жоғары калориялы тамақтану;
жыныс мүшелерінің қайталанатын қабыну аурулары (аднексит, эндометриоз);
темекі шегу.
Емдеуден кейін кисталардың қайталануы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, сондықтан гинекологтың тексеруінен жүйелі түрде өтіп, оның ұсынымдарын орындау қажет. Аналық без кисталарының арнайы профилактикасы жүргізілмейді.
Симптомдары
Аналық без кисталары келесі симптомдармен көрінуі мүмкін:
циклдің ортасында ұстама тәрізді ауырсыну;
етеккір циклінің тұрақсыздығы;
іштің төменгі бөлігіндегі тартатын ауырсыну және жыныстық қатынас кезінде іштің ауыруы;
жүрек айнуы, дефекацияға және несеп шығаруға жалған шақырулар.
Диагностикасы
Анамнез жинау және объективті тексеруден бөлек, келесі зерттеулер жүргізіледі:
гинекологиялық УДЗ;
құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ;
ісік маркерлерін анықтау;
гормоналдық зерттеу;
құрсақ қуысы ағзаларының МРТ;
жағындыны микроскопиялық зерттеумен бірге қынаптық тексеру;
гистероскопия және бөлек диагностикалық қыру.
Емі
Фолликулярлық (функционалдық) кисталар өздігінен жойылуға бейім. Ұзақ уақыт сақталатын немесе қайталанатын аналық бездің функционалдық кисталары дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет етеді.
Функционалдық түзілістерді емдеу және динамикалық бақылау ұзақтығы 12 аптадан аспауы тиіс. Осы мерзім аяқталғаннан кейін оң өзгерістердің болмауы хирургиялық араласуға көрсетілім болып табылады. Операция ағзаны барынша сақтауға бағытталған тәсілмен жүргізіледі. Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы немесе оның капсуласының жарылуы шұғыл операция жасауға көрсетілім болып табылады. Хирургиялық араласудан кейін бақылау УДЗ жүргізіледі.
Егер әйелде аналық без кистасы анықталса, жүктілікті тек кисталық түзілістің түрі анықталғаннан кейін жоспарлауға болады. Аналық без кистасы болған кезде жүкті болу мүмкін, алайда жүктілікті қатаң медициналық бақылаумен жүргізу ұсынылады.