Өскемен қаласында ECOMED IVF орталығының ресми ашылуы өтті

Все статьи
15 қыркүйек, 2026
Алматы

Сіздермен ШҚО-дағы көптеген жұптарға, әсіресе Өскемен қаласының тұрғындарына көмектесетін тамаша жаңалықпен бөліскіміз келеді!!!

Бүгін Өскемен қаласы, Карбышев көшесі, 24 мекенжайында жаңа «Экомед» ЭКҰ орталығының РЕСМИ АШЫЛУЫ өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстандағы ЭКҰ саласының негізін қалаушы, Ұлттық комиссияның мүшесі, «Экомед» адам репродукциясы клиникалары желісінің ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Байқошқарова С.Б. қатысты.

Мамандарымыздың үйлесімді командалық жұмысының арқасында дүниеге келген кішкентай қонағымыздың «Тұсау кесу» рәсімі өтті.

Қонақтарымыздың қатарында облыстық Отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімдігінің және облыстық денсаулық сақтау саласының өкілдері, ең бастысы — мамандарымызға сенім артып, ана мен әке атану бақытына қол жеткізген пациенттеріміз болды.

Осы күні бізді құттықтауға келіп, салтанатты сәттің қуанышын бізбен бірге бөліскен баршаңызға алғысымызды білдіреміз!