Уразалиева Айғаным Мұратқызы
Дәрігер туралы
ЭКҰ зертханасында 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті маман. ЭКҰ, ИКСИ, PIEZO ICSI, эмбриондарды, аналық жасушаларды және сперматозоидтарды криоконсервациялау сияқты қосалқы репродуктивтік технологияларға (ҚРТ) маманданған. Имплантацияға дейінгі генетикалық диагностика саласындағы білікті маман.
Зертханалық процестердің толық циклімен жұмыс істеу тәжірибесі бар: үлгілерді дайындаудан бастап эмбриотрансферге дейін. ҚРТ саласындағы заманауи талаптар мен хаттамаларды меңгерген. Зертхана жұмысының барлық кезеңдерінде қауіпсіздік пен сапа стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Биотехнология» мамандығы бойынша бітірген, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Жыл сайын қосалқы репродуктивтік технологиялар бойынша конференцияларға, конгрестерге және оқыту семинарларына қатысады.
Лауазымы
Эмбриолог
Жұмыс өтілі
3 жылдан астам