Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Астана қ. 2022 жылғы «03» қаңтар
- Жалпы ережелер
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед Плюс» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету жөніндегі жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Қызмет көрсетуші» деп аталатын «Экомед Плюс» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан кез келген жеке тұлғамен – Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын тұлғалармен осы офертаның талаптарымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі – «Шарт») жасасуға ниетін білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей.
1.8. Осы шарт талаптарының толық және сөзсіз акцептелуінің (қабылдануының) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алу және/немесе оларға ақы төлеу әрекеттерін жүзеге асыруы болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалардың акцепті мына әрекеттердің бірін жүзеге асыру арқылы жасалады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтерге алғашқы төлем жасау.
- Шарттың мәні
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария офертаға (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Клиника/Қызмет көрсетуші қолданыстағы медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша Пациентке/Тапсырыс берушіге медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге және медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың прейскурантымен белгіленеді.
- Қызметтерді көрсету шарттары мен тәртібі
3.1. Клиника/Қызмет көрсетуші өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың тіндері донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;
— Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтерді (көмекті) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсетілетін орын: Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 1, 3-кеңсе.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызметтерді көрсету кезінде және одан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы организмнің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Қызмет көрсетуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен жұмыс уақытында көрсетеді. Қабылдауға жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның жұмыс кестесіне сәйкес) күн сайын жүргізіледі.
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма: 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін,
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс уақытта қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүзеге асырылады.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылады.
3.5. Мамандардың барлық қабылдаулары алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http://www.ecomed.kz сайты арқылы, клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00;
— тікелей клиникадағы тіркеу бөлімінде әкімшілер арқылы.
Пациенттер тіркеу бөлімімен немесе клиниканың call-орталығымен келісу арқылы дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылмай-ақ кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен жүргізілген барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарап-тексеру, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдаудың ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін, осы аралықтағы әрбір қабылдаудың нақты ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Қарап-тексеру ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ басқа пациентті шұғыл тәртіппен тексеру кезінде қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің жұмыс кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды уақытша тоқтатуға құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта қабылдауға онлайн өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алған болуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа қоңырау шалу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік туындаған жағдайда пациент мамандандырылған медициналық ұйымға жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасы арқылы Клиниканың/Қызмет көрсетушінің есеп айырысу шотына да жүргізіледі.
Заңды тұлғалар жіберетін азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызметтер көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жасалуы; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жерден болмаған немесе басқа төтенше жағдайлар туындаған жағдайда call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді.
3.15. Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, алдын ала жазылуы болғанына қарамастан, Клиника Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Егер алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болса, дәрігер пациенттің алдын ала жазылған қабылдауын кейінірек уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге шегере алады. Егер жағдайы ауыр пациентті қабылдау немесе респираторлық жолмен берілетін инфекциялық ауруы бар пациенттің басқа пациенттермен байланысын азайту қажет болса, дәрігер алдын ала жазылу болған жағдайда да пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдауы тоқтатылған жағдайда Клиника оған жазылған Пациенттерге бұл туралы жедел түрде хабарлайды, бұл ретте Клиника басқа дәрігерді ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толық тоқтату құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте қызметке төленген қаражат қайтарылмайды және қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулерді (оның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), операциялық араласуларды жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.
3.18. Денсаулығына құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда Клиника медициналық ұйымның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына мәліметтер береді.
3.19. Пациент медициналық құжаттарды рәсімдеу үшін белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылған кезде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді. Әрбір Пациентке жазылуына сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Қабылдауға кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, егер кейінгі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдау уақытын ұзарту мүмкіндігі болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
3.22. Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруымен кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
3.23. Пациент Клиника медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермеуі немесе денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдарын және тағайындауларын бұзған жағдайда, егер медициналық қызметтер көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды, ал Клиника Пациент денсаулығының ықтимал нашарлауына жауапты болмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалары) кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе басқа да таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазивтік араласу алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің диагнозы, организмінің жағдайы, емдеу және профилактика жөніндегі ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындылар, егер олар Пациентке Клиниканың медициналық персоналы тарапынан жұмыс уақытында берілген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытындыларды басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шартпен Пациентке немесе өзге тұлғаларға Клиникамен келіспей Пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік қарым-қатынас сервистерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Осы Шартта баяндалған мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға барған кезде Пациенттер мен оларды ертіп жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Мүліктің кез келген түріне залал келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтерді көрсету кезінде және одан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы организмнің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
- Төлем тәртібі
4.1. Қызметтерге ақы қызмет көрсетілетін күні маманның алғашқы/қайталама қабылдауына дейін кассада толық көлемде төленеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай ішінде нақты бір маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – клиника пациентінің сол ай ішінде сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын, Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтерге ақы Пациенттің/Тапсырыс берушінің өзі (немесе оның келісімімен басқа тұлға) қызмет көрсету басталған күні қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес толық көлемде төлейді.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда, медициналық қызметтер үшін енгізілген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты және чек болған кезде, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызметтердің құны арасындағы айырманы, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда, қайтарады.
4.6. Пациент Клиника қызметтеріне оларды алғанға дейін ақы төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында клиниканың медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
4.7. Клиника қызметтеріне ақы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
- Клиниканың/Қызмет көрсетушінің құқықтары мен міндеттері
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Қызмет көрсетушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсетілетін кезеңде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Пациенттің емдеу нәтижелеріне барынша қанағаттануын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
5.1.5. Медициналық қызметтерді ауруларды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда – медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдерге және дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетуді қамтамасыз етуге;
5.1.6. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен пайда болған жіті аурулар, жағдайлар немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде пациенттің өміріне төнген қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес оларды ақысыз көрсетуді қамтамасыз етуге;
5.1.7. Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен олардың құны, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары, оның ішінде мамандардың біліктілігі мен сертификатталуы туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және шынайы ақпаратты Клиника сайтында орналастыру арқылы Пациентке ұсынуға;
5.1.8. Пациентке:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентке шұғыл немесе жоспарлы стационарлық ем ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетудің қарсы көрсетілімдері мен ықтимал жағымсыз салдары туралы хабарлауға;
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге жүгінген кезде оның денсаулық жағдайы туралы ақпараттың құпиялылық режимін медицина қызметкерінің құпиясы және дербес деректер туралы заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
5.1.11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдеу іс-шаралары көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге;
5.1.12. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.13. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.14. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.15. Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақша қаражатын енгізгеннен және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы шартқа сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін пайдалана отырып, медициналық қызметтерді сапалы және толық көлемде көрсетуге;
5.1.16. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақша қаражатын есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда клиникалық базаның мүмкіндіктерін ескере отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдерге және дәлелді медицина базасына немесе өз дәрігерлерінің тәжірибесіне сүйене отырып, диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігер нұсқамалары орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын және ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Шартта белгіленген мерзімдерде міндеттемелер орындалмаған жағдайда тарап 1 күн ішінде екінші тарапқа мән-жайлардың туындағаны туралы, ал олар тоқтағаннан кейін олардың тоқтағаны туралы да хабарлауға міндетті. Бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін Тараптар осындай мән-жайлар мен олардың салдары әрекет еткен уақытқа сәйкес ұзарта алады;
5.2.5. Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтерді көрсетуге кіріспеуге;
5.2.6. Мына жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;
— Пациент Клиника ұсынымдарын сақтамаған кезде;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) рәсімдеуден/қол қоюдан бас тартқан кезде;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсету мүмкін болмаған кезде;
5.2.7. Клиника/Қызмет көрсетушінің пікірінше, Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден Пациент/Тапсырыс беруші бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың денсаулыққа ықтимал салдарын түсіндіре отырып, одан медициналық көмектен бас тартқаны туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.8. Пациентпен алдын ала келісу арқылы қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.9. Пациент қызмет алуға белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауын басқа уақытқа ауыстыруға немесе жазылуын тоқтатуға;
5.2.10. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, оларды иесіздендірілген түрде өз қалауы бойынша пайдалануға;
5.2.11. Қазақстан Республикасының Денсаулық туралы кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
- Пациенттің/Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника пациенттеріне арналған ішкі тәртіп қағидаларын, «Экомед Плюс» ЖШС-де белгіленген жұмыс тәртібі мен режимін айқындайтын қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Емдеуші дәрігердің және емдеу мен тексеру бойынша медициналық қызмет көрсететін тиісті мамандардың медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарттың қолданылу кезеңінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем алмауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету тәртібімен және шарттарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтердің құнын олар көрсетілгенге дейін Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Қызмет көрсетушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратты: өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, анамнезіндегі патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын ауырған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, организмнің жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіптік зиянды факторлар, аллергиялық реакциялар туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Пациент өз денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығы мен қауіпсіздігіне, тағайындалатын емге әсер етуі және сауығу ықтималдығына ықпал етуі мүмкін екенін білуі тиіс. Сондай-ақ Клиникада/Қызмет көрсетушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына ықпал етуі мүмкін басқа да факторлар туралы өзіне белгілі барлық мәліметтерді ұсынуға;
6.1.9. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге және сауығу болжамына әсер етуі мүмкін екенін білуге;
6.1.10. Денсаулық жағдайы нашарлаған кезде бұл туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту барысында көңіл күйі мен денсаулық жағдайындағы кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағымсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің немесе call-орталығының қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, нақты тұрғылықты мекенжайы) хабарлауға;
6.1.13. Клиника/Қызмет көрсетуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тартқаны туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші қызмет алуға белгіленген уақытқа келмеген және/немесе 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзіне қалдыратынын ескеруге;
6.1.15. Өз денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат берген жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші емдеу нәтижесіне жауапты болмайтынын ескеруге;
6.1.16. Эпидемиялар, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндеттенеді.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлері мен медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалар тарапынан құрметпен және ізгілікпен қаралуға;
6.2.3. Клиниканың/Қызмет көрсетушінің қызметіне араласпай, кез келген уақытта көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын тексеруге;
6.2.4. Клиникадан/Қызмет көрсетушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.5. Бұрын берілген түсініктемелер түсініксіз болған жағдайда Клиникадан/Қызмет көрсетушіден өзінің денсаулық жағдайы, ұсынылған диагностика және емдеу әдістері туралы қосымша түсініктеме талап етуге;
6.2.6. Емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.7. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес келетін жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.8. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.9. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан жағдайда Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар түсінікті түрде түсіндірілуге тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба түрінде рәсімделеді және оған Пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.10. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.11. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиника қызметкерлерінің оның медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу барысында алынған өзге де мәліметтер туралы ақпаратты құпия сақтауға;
6.2.12. Пациенттің медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде беретін мәліметтерінің, сондай-ақ медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын өзге ақпараттың құпиялылығына құқығы медицина қызметкерлері мен басқа тұлғалардың оны жария еткені үшін жауапкершілігін туындатады;
6.2.13. Өз денсаулығының жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, оларға байланысты қауіптер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емнің нәтижелері туралы толық ақпаратты өзіне қолжетімді түрде алуға; ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал қауіптері мен артықшылықтары, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары, сондай-ақ оны үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептері туралы түсініктеме алуға; өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;
6.2.14. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануға тиіс тұлғаны тағайындауға құқылы. Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып, денсаулық туралы ақпарат Пациенттің өзінен жасырылып, оның жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
- Құпиялылық
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген мекенжайы мен тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері және т.б.) ұсынады және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Аталған келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі, оның ішінде шектеусіз: жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыру. Дербес деректерді Клиника мына тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу және автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарт талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөніндегі өзара міндеттемелерді қабылдайды.
7.3. Осы Шарттың ережелері, оған қосымша келісімдер мен қосымшалар, оның орындалуына байланысты құжаттама мен ақпарат құпия болып табылады.
7.4. Тараптар оларға тек Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.5. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе оған байланысты алынған кез келген ақпаратты оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзгеше мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді, бұған ақпаратты алған Тараптың оны Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпараты жатпайды.
7.6. Үшінші тұлғаларға ақпарат беру немесе осы шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.8. Пациенттің медициналық құжаттарындағы және медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз беру өзінің жағдайына байланысты еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда жол беріледі.
7.9. Медициналық тексерулердің нәтижелерін Клиника персоналы пациенттерге жеке өзі немесе мобильді және өзге де қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, Пациент тіркелу кезінде көрсеткен сұрау бойынша ғана хабарлайды.
7.10. Пациенттің/Тапсырыс берушінің дербес деректерді өңдеуге келісімі
7.10.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Қызмет көрсетушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.10.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиника/Қызмет көрсетуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.
7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың жасалғанын растаймын.
- Жауапкершілік
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Осы Шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуы себеп болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Пациент ұсынған құжаттардың (оның ішінде жеке құжаттардың) және/немесе ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі, жалғандығы, дәл еместігі және т.б. салдарынан туындаған зардаптар үшін Клиника жауапты болмайды.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулық жағдайы туралы толық емес ақпарат берген немесе медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызметтер көрсету сапасына жауапты болмайды.
8.5. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқамаларды бұзуы нәтижесінде туындаған болса, Клиника/Қызмет көрсетуші Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығуының болмауы үшін жауапты болмайды.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) және одан көп рет орындамаған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өзінің талаптары баяндалған хат жіберуге құқылы. Талапты алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника мына жағдайларда көрсетілетін қызметтердің нәтижесіне жауапты болмайды:
— Пациент емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамаған және денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасаған жағдайда;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талап етуімен қызметтер көрсетілген жағдайда;
— Пациенттің келмеуі немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуы себебінен емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтері көрсетілгеннен кейін үшінші тұлғалар медициналық араласу жүргізген жағдайда;
— Пациент емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартқан жағдайда, егер оған мұндай жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екені ескертілсе;
— жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты Пациент денсаулығының кейінгі жағдайы және асқынулардың туындауы үшін;
— өндіруші дәрілік заттар мен препараттардың аннотациясында туындау мүмкіндігін көрсеткен жанама әсерлердің пайда болуы үшін;
— Пациент бұрын ауырған аурулары, аллергиялық реакциялары, қарсы көрсетілімдері туралы дәрігерді хабардар ету міндетін орындамаған және көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде мұндай ақпараттың болмауының салдары болған жағдайда.
8.9. Клиника/Қызмет көрсетуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасына жауап береді.
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің немесе басқа форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдары болса және олар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтірсе, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікті көтереді. Сондай-ақ Қызметтерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) басқа да бұқаралық коммуникация жүйелерінде, оның ішінде мессенджерлер мен чаттарда Клиниканың/Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның клиенттерінің беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды кемсітетін мәліметтерді таратқаны үшін жауапты болады.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын көздеуі мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер бойынша берешегі туындаған жағдайда, Клиника Пациент Клиника көрсеткен қызметтер үшін толық есеп айырысқанға дейін осы Шарт бойынша қызметтерді одан әрі көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.14. Клиника мүлкіне залал келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
- Шарт талаптарын өзгерту
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің сайтында интернетте, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария түрде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында айырмашылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан редакция басымдыққа ие болады.
- Шарттың қолданылу мерзімі
10.1. Осы жария оферта шарты жария түрде орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және 2027 жылғы «03» қаңтарға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады.
- Даулар мен жанжалды жағдайларды шешу тәртібі
11.1. Медициналық оқиға жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) жазбаша түрде талап-шағыммен жүгіне алады, ол тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберіледі. Талап-шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында жазылуы немесе Клиника сайты арқылы электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Талап-шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефонының нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш бұйрыққа сәйкес белгіленген тәртіппен қаралады.
11.3. Талап-шағым Клиника оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Талап-шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке табысталуы не ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған талап-шағымға жауап пациент көрсеткен электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
- Тарифтік саясат
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес белгілейді және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін қызметтер прейскурантында тіркейді. Клиниканың ресми сайтында орналастырылған қызмет бағалары туралы ақпарат Клиника прейскурантындағы ақпаратпен әрдайым бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана болу жағдайларына байланысты өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер береді, олар туралы сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарлайды. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттармен бірге берілген өтініші негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, мұндай өтініштерді Клиника директоры қарайды.
- Форс-мажор
13.1. Егер міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы жағдайлардың нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатуы мүмкін.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық мән-жай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапты болмайды.
13.5. Егер Шартты орындаудың кешігуі форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың бұзылуына байланысты жауапты болмайды.
13.6. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны дереу жіберуге тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
- Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат беру тәртібі
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, оларға байланысты қауіп, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емнің нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді түрде алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпаратты емдеуші дәрігер немесе Клиниканың басқа лауазымды тұлғалары пациентке қолжетімді және медициналық этика талаптарына сәйкес нысанда береді. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, оларға байланысты қауіп, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген емнің нәтижелері мен ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматқа оның еркіне қарсы берілмейді. Ауру дамуының болжамы қолайсыз болған жағдайда ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне сыпайы әрі әдепті түрде хабарлануы тиіс, егер азамат оларға бұл туралы хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) мұндай ақпарат берілуге тиіс тұлғаны тағайындамаса.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамада қамтылған ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және пациенттің және оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
- Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, анықтамаларды, медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді пациентке және (немесе) басқа тұлғаларға беру тәртібі
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картадан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картаның көшірмесі берілуі мүмкін.
- Қорытынды ережелер
15.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Қызмет көрсетуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат түрінде рәсімдеуге құқылы.
15.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Қызмет көрсетушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалған және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Қызмет көрсетуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кез келген уақытта өз қалауы бойынша кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы Пациентке/Тапсырыс берушіге өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын міндетті түрде хабарлайды.
15.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа да осы өзгерістердің енгізілуіне әкелетінімен келіседі және оны мойындайды, ал Шарттағы мұндай өзгерістер офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтте бір мезгілде күшіне енеді. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасу үшін қажетті барлық заңды құқықтар мен өкілеттіктерге ие екенін растайды.
15.4. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді рәсімдеуі Клиника/Қызмет көрсетуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
15.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің сайтында интернетте және/немесе Клиниканың/Қызмет көрсетушінің орналасқан жеріндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария түрде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
15.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
- Тараптардың деректемелері мен қолдары
16.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпаратын есептеуге сөзсіз келіседі.
16.2. Клиника/Қызмет көрсетуші:
«Экомед Плюс» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 010000,
БСН: 080140009962
Есеп айырысу шоты: KZ086017111000013421
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Астана қ., БСК HSBKKZKX,
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 1, 3-кеңсе.
тел.: +7 (775) 007 07 00
e-mail: info@ecomed.kz
сайт: www.ecomed.kz
1-қосымша
2022 жылғы «03» қаңтардағы
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
Клиникадағы пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
- Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиниканың холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталығы операторларымен жүргізілген барлық сөйлесулер жазылады.
- Клиникаға бару кезінде мына қағидаларды сақтау көзделеді:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киім кию ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде пациент сыртқы киімін гардеробқа қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір пациентке жазылуына сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Қабылдауға кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, егер кейінгі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдау уақытын ұзарту мүмкіндігі болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруымен кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Пациентті ертіп жүретін тұлғалардың (Пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тек емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындау шартымен жол беріледі.
2.6. Барлық келушілер (пациент, заңды өкілдер, еріп жүретін тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайы нашарлаған кезде бұл туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беру қажет.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиниканың фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға барған кезде пациенттер мен оларды ертіп жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет.
2.12. Осы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, зергерлік бұйымдар, телефон, ақша үшін Клиника жауапты болмайды.
2.14. Мүліктің кез келген түріне залал келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
- Қатаң тыйым салынады:
— балағат сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге немесе басқа адамдардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарс жабуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жасауға;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір тауар саудасымен айналысуға;
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, Клиниканың кіреберісінде және кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге де заттарды қабылдауға.
Мыналар бұзушылық болып есептеледі:
● персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;
● басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігер қабылдауына немесе рәсімге келмеу не уақтылы келмеу;
● дәрігер ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі рәсімдерді орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз бетінше қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!);
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу.
Осы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациент құқыққа қайшы немесе әдепсіз мінез-құлық танытқан, басқа пациентке немесе медициналық персоналға дөрекі сөздер айтқан, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған, осы қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда Клиника әкімшілігі, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), пациентті бақылау мен емдеуден бас тарту, режимді және Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке уақытша жарамсыздық парағына және ауру тарихына тиісті белгі қоя отырып шығару құқығын өзіне қалдырады.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауапты болмайды.
2-қосымша
2022 жылғы «03» қаңтардағы
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін үлкен алғыс білдіреміз.
Әрбір өтінішті Клиника басшылығы жеке тәртіппен қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап береді.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
• Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2GIS және т.б.
Клиникада:
• тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы арқылы;
• электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» деген белгімен).
Клиниканың әлеуметтік желілердегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Астана — https://www.instagram.com/ecomed.astana/
• TikTok — https://www.tiktok.com/@ecomed.astana
• Facebook — https://www.facebook.com/ecomedplusastana
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім және тіркеу бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүгіне алады:
• Директор: Ибрагимов Алмаз Курманалиевич;
• Әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша директордың орынбасары, атқарушы директор Смагулов Нуржан Муктарович, алдын ала жазылу бойынша;
• Бас медициналық мейіргер Мажитова Райхан Мажитовна;
• Қаржы мәселелері жөніндегі директордың орынбасары Бисенов Нұрқасым Айдосұлы;
• Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Кайдаров Адиль Аскарович;
• Заңгер, қаржылық кеңесші Айгужина Женисгуль Сагимбаевна;
• Кадрлық-құқықтық қызмет басшысы Цой Ирина Анатольевна.