Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Атырау қ. «05» шілде 2022 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед-Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед-Атырау» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету туралы жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Қызмет көрсетуші» деп аталатын «Экомед-Атырау» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан кез келген жеке тұлғамен – Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын тұлғалармен осы офертаның талаптарымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі – «Шарт») жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей.
1.8. Осы шарт талаптарын толық және сөзсіз акцептеудің (қабылдаудың) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруы, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алуы және/немесе олардың ақысын төлеуі болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалардың акцепті мына әрекеттердің бірін жүзеге асыру арқылы жасалады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлем жасау.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария офертаға (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Клиника/Қызмет көрсетуші өзінің қызмет бейіні бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Пациентке/Тапсырыс берушіге медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
3.1. Клиника/Қызмет көрсетуші өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-VI Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалар тіндері донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
— 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
— 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсетілетін орын: Атырау қ., Авангард-2 шағынауданы, 23А үй.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызмет көрсету кезінде және одан кейін жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар туындауы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толық жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Қызмет көрсетуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен жұмыс уақытында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге күн сайын жүргізіледі (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның жұмыс кестесіне сәйкес).
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін,
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс уақытта қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүргізіледі.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылады.
3.5. Барлық мамандардың қабылдауы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http:// www.ecomed.kz сайты арқылы, клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00;
— тікелей клиникадағы тіркеу бөлімінде әкімшілер арқылы.
Пациенттер клиниканың тіркеу бөлімімен немесе call-орталығымен келісу арқылы дәрігер қабылдауына алдын ала жазылмай-ақ кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарап-тексеру, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдау ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін, осы аралықтағы әрбір қабылдаудың ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауының ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Қарап-тексеру ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ басқа науқасты шұғыл тәртіппен тексеру кезінде қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің жұмыс кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды тоқтатуға құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта қабылдауға онлайн өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа телефон арқылы хабарласу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік туындаған жағдайда пациент мамандандырылған медициналық ұйымға жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен медициналық ұйымдарда пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алған кезде отбасылық мәртебесін растайтын құжаттарды және емдеу мен қызмет көрсету үшін қажетті барлық басқа құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасының көмегімен Клиниканың/Қызмет көрсетушінің есеп айырысу шотына да жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызмет көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жүзеге асырылуы; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жерден болмаған және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді.
3.15. Егер Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіксе, Клиника алдын ала жазылу болған жағдайда да Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Егер алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болса, дәрігер пациенттің алдын ала жазылған уақытын кейінірек уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Дәрігер жағдайы ауыр пациентті қабылдау немесе респираторлық жолмен берілетін инфекциялық ауруы бар пациенттің басқа пациенттермен байланысын азайту қажет болған жағдайда, алдын ала жазылу болғанына қарамастан пациенттерді қабылдау кезегін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдауы тоқтатылған жағдайда Клиника дәрігерге жазылған Пациенттерді бұл туралы жедел хабардар етеді, бұл ретте Клиника басқа дәрігерді ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызмет алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толық тоқтату құқығын өзінде қалдырады, бұл ретте төленген ақшалай қаражат қайтарылмайды және қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулерді (соның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), операциялық араласуларды жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.
3.18. Денсаулығына зиян құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда Клиника мәліметтерді медициналық ұйым орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына береді.
3.19. Пациент белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, медициналық құжаттарды рәсімдеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылған кезде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді. Әрбір Пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызмет сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық уақытқа кешіккен жағдайда, егер дәрігер келесі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдауды ұзартуға мүмкіндігі болмаса, қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзінде қалдырады.
3.22. Пациент Клиниканың дәрігерлік және өзге де персоналының кабинетіне олардың шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа пациенттерге де құрметсіздік таныту ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиниканың медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермеуі немесе денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника дәрігерлері мен персоналы туралы жағымсыз пікірлер білдіру арқылы Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, персоналға дөрекі қарым-қатынас жасаған, медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдары мен тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрінетін психологиялық үйлесімсіздік болған жағдайда, егер медициналық қызметтерді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалар) кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазиялық араласу алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің денсаулық жағдайы туралы диагноз, ағзасының жай-күйі, емдеу және профилактика жөніндегі ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын медициналық қорытындылар, егер оларды Клиниканың медициналық персоналы жұмыс уақытында пациентке ұсынған болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытындыларды басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шарт бойынша пациентке немесе өзге тұлғаларға Клиникамен келіспей пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік байланыс қызметтерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Осы Шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға барған кезде Пациенттер мен оларды алып жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Кез келген мүлікке зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтер көрсету кезінде және одан кейін жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар туындауы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толық жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиниканың ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге бару және оның үй-жайларында болу кезінде:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге әрекеттер жасауға;
— басқа пациенттерге және Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиника мүлкін бүлдіруге;
— Клиникадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есіктерді тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық процедуралар жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— бейәдеп сөздер айтуға, Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға тіл тигізуге және дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге, Клиника персоналы мен басқа Пациенттерге қоқан-лоқы көрсетуге және қысым жасауға жол берілмейді.
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезеңде Пациентке, оның заңды өкіліне және бірге жүретін тұлғаларға:
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, өзге де есірткілік және масайтатын заттарды қолдануға, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге;
— қоқысты, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдарды, пайдаланылған препараттарды еденге тастауға қатаң тыйым салынады.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және бірге жүретін тұлғалардың әдепсіз, жол берілмейтін және агрессивті мінез-құлқы, зорлық-зомбылық немесе бұзақылық әрекеттер жасауы, медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту құқығын өзінде қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және бірге жүретін тұлғаларға респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.37. Жоғарыда баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника басшылығы мен персоналы пациентке қызмет көрсетуден, бақылаудан және емдеуден, медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтерге ақы маманның алғашқы/қайталама қабылдауына дейін қызмет көрсетілетін күні кассада толық көлемде төленеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай шегінде нақты бір маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – осы ай ішінде клиника пациентінің сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын, Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтердің ақысын Пациент/Тапсырыс беруші жеке өзі (немесе оның келісімімен басқа тұлға) қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес қызметтер көрсетіле бастаған күні толық көлемде төлейді.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық қызметтер үшін енгізілген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты мен чегі болған кезде Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда, Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет құны арасындағы айырманы қайтарады.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін алғанға дейін олардың ақысын төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында клиниканың медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
4.7. Клиника қызметтеріне ақы Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Қызмет көрсетушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетілуін, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде пациенттің өміріне төнген қауіпті жою үшін кенеттен пайда болған жіті аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмектің ақысыз көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және шынайы ақпарат беруге;
5.1.7. Пациентке:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентті шұғыл немесе жоспарлы стационарлық емдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетудің қарсы көрсетілімдері мен ықтимал жағымсыз салдары туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда шарттың біржақты бұзылуы туралы ақпарат беруге және хабарлауға;
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдік іс-шаралар көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге;
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақшалай қаражат енгізгеннен және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы шартқа сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып, медициналық қызметтерді сапалы әрі толық көлемде көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақшалай қаражатты есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда клиникалық базаның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігердің нұсқамалары орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын және ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтерді көрсетуге кіріспеуге;
5.2.5. Мына жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
— Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаған жағдайда;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету үшін қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) рәсімдеуден/қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
— Клиниканың ішкі тәртібі, осы шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсетуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда;
5.2.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың/Қызмет көрсетушінің пікірінше оның денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың оның денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіре отырып, одан медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісу бойынша қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент қызмет алу үшін белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауға жазылуын ауыстыруға немесе тоқтатуға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника пациенттеріне арналған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын, «Экомед-Атырау» ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Медициналық қызметтер көрсететін емдеуші дәрігер мен тиісті мамандардың емдеу және тексеру жөніндегі медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарт қолданылатын кезеңде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем алмауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету тәртібімен және шарттарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтер көрсетіле бастағанға дейін олардың құнын Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Қызмет көрсетушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы, анамнезіндегі патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, соның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіби зиянды факторлар, аллергиялық реакциялар туралы ақпаратты және өзге де қажетті құжаттарды ұсынуға. Сондай-ақ Клиникада/Қызмет көрсетушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына ықпал етуі мүмкін өзге де факторлар туралы өзіне белгілі барлық ақпаратты ұсынуға;
6.1.9. Өз денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге және сауығу болжамына әсер етуі мүмкін екенін білуге;
6.1.10. Денсаулық жағдайы нашарлаған кезде емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту барысында өзін-өзі сезінуіндегі кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу ақпараттандыруға;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда осы ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімі немесе call-орталығы қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, нақты тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ дербес деректерді, ал қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынуға;
6.1.13. Клиника/Қызмет көрсетуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші қызмет алу үшін белгіленген уақытқа келмеген және/немесе 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзінде қалдыратынын ескеруге;
6.1.15. Өз денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат берген жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші емдеу нәтижесі үшін жауап бермейтінін ескеруге;
6.1.16. Эпидемиялар, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндетті.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлері мен медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалар тарапынан құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
6.2.3. Клиникадан/Қызмет көрсетушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.4. Бұрын берілген түсініктемелер түсініксіз болған жағдайда Клиникадан/Қызмет көрсетушіден өзінің денсаулық жағдайына, ұсынылған диагностика және емдеу әдістеріне қатысты қосымша түсініктемелер талап етуге;
6.2.5. Өзінің емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.6. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес келетін жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.7. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.8. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан кезде Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар қолжетімді түрде түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба енгізу арқылы рәсімделеді және оған Пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.9. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.10. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер туралы ақпараттың Клиника персоналы тарапынан Клиникадан тыс жерде таратылмауына;
6.2.11. Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген ем нәтижелері туралы толық ақпаратты өзіне қолжетімді түрде алуға; ықтимал тәуекелдер мен артықшылықтар, ұсынылатын және балама емдеу әдістері, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдік іс-шаралар жоспары туралы ақпарат алуға, сондай-ақ үйге шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептері туралы түсініктеме алуға және өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір мен консилиум өткізілуіне құқылы.
6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны тағайындай алады. Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып, денсаулық туралы ақпарат пациенттің өзінен жасырылып, оның жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын құжаттар және т.б.) береді және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Көрсетілген келісім жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде шектеусіз: жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (соның ішінде беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Сондай-ақ пациент Клиникада фото-, бейне- және аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мына тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарт талаптарын орындау барысында екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөнінде өзара міндеттемелер қабылдайды.
7.3. Тараптар мұндай ақпаратқа Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.4. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе оған байланысты алынған кез келген ақпаратты, ақпарат берген Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзге мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді, бұған ақпаратты алушы Тараптың оны осы Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпараты кірмейді.
7.5. Осы шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе Клиникадан тыс жерде өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.6. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің медициналық құжаттарындағы және медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз беру өз жағдайына байланысты ерік-жігерін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда жол беріледі.
7.8. Медициналық тексерулердің нәтижелерін Клиника персоналы пациенттерге жеке өзі немесе мобильді не өзге қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, тіркелу кезінде Пациент көрсеткен сұрау бойынша ғана хабарлайды.
7.9. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді, қызмет көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қоя отырып береді.
7.9.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Қызмет көрсетушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.9.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиника/Қызмет көрсетуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.
7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Осы Шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуы себеп болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Пациент ұсынған құжаттардың (оның ішінде жеке құжаттарының) және/немесе ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі, жалған болуы, дәл болмауы және т.б. салдарынан туындайтын салдарлар үшін Клиника жауап бермейді.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулығы туралы толық емес ақпарат ұсынған немесе медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызметтердің сапасына жауап бермейді.
8.5. Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығуының болмауы Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқамаларды бұзуы нәтижесінде орын алса, Клиника/Қызмет көрсетуші жауап бермейді.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) немесе одан да көп рет орындамаған, Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өз талаптарын баяндаған хат жіберуге құқылы. Шағымды алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін мына жағдайларда жауап бермейді:
— Пациент емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамаған және Пациенттің денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасаған жағдайда;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талап етуі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайда;
— Пациенттің келмеуі немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуы себебінен емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтерін көрсеткеннен кейін үшінші тұлғалар медициналық араласу жасаған жағдайда;
— Пациент емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартқан және оған бұл жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екені ескертілген жағдайда;
— жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты Пациенттің кейінгі денсаулық жағдайы мен асқынулардың туындауы үшін;
— дәрілік заттар мен препараттарды қолданудан өндіруші олардың аңдатпасында көрсеткен ықтимал жанама әсерлердің туындауы үшін;
— егер көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде мұндай ақпараттың болмауы салдарынан туындаса, Пациент дәрігерге бұрын ауырған аурулары, аллергиялық реакциялары, қарсы көрсетілімдері туралы хабарлау міндетін орындамаған жағдайда.
8.9. Клиника/Қызмет көрсетуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасына жауап береді.
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауы не тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің немесе міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін басқа да форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдары болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікті көтереді. Сондай-ақ Қызметтерге қатысты Клиниканың/Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның клиенттерінің беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды қаралайтын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, соның ішінде мессенджерлер мен чаттарда таратқаны үшін жауап береді.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын қарастыруы мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер бойынша берешегі туындаған жағдайда Клиника Пациент Клиника көрсеткен қызметтер үшін толық төлем жасағанға дейін осы Шарт бойынша қызметтерді одан әрі көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.13. Клиника мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөліміндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария түрде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында айырмашылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөліміндегі редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.
10.1. Осы жария оферта шарты жария түрде орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және «03» қаңтар 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін шартты бұзу туралы келісімге міндетті түрде қол қою немесе екінші Тараптың шартты бұзуға жазбаша келісімін растауы талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылды деп есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ.
11.1. Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) жазбаша түрде шағым бере алады, ол тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберіледі. Шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында жазылуы немесе Клиника сайты арқылы электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефон нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
11.3. Шағым Клиника оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке өзіне табысталуы не ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған шағымға жауап пациент көрсеткен электрондық мекенжайға электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес айқындайды және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін Клиника қызметтерінің прейскурантында тіркеледі. Клиниканың ресми сайтында орналастырылған қызмет бағалары туралы ақпарат Клиника прейскурантындағы ақпаратпен әрдайым бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана болу жағдайларына байланысты өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарланатын уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер береді. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттар қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, оларды Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттеменің ішінара немесе толық орындалмауы не тиісінше орындалмауы Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатады.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық жағдай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапкершілік көтермейді.
13.5. Егер Шартты орындаудың кешіктірілуі форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болса, Клиника/Қызмет көрсетуші оның талаптарын орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шартты бұзу үшін жауап бермейді.
13.6. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орынды болған дәрежеде орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ.
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емнің нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді түрде алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат пациентке медициналық этика талаптарына сәйкес келетін қолжетімді түрде емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге лауазымды тұлғалары арқылы беріледі. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары және олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген ем нәтижелері мен ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматтың еркіне қарсы берілмеуге тиіс. Ауру дамуының қолайсыз болжамы жағдайында, егер азамат бұл туралы отбасы мүшелеріне хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) мұндай ақпарат берілуі тиіс тұлғаны тағайындамаса, ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамада қамтылған ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және пациенттің және оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
15. ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картасынан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картасының көшірмесі берілуі мүмкін.
16. Қорытынды ережелер
16.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Қызмет көрсетуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат түрінде рәсімдеуге құқылы.
16.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Қызмет көрсетушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалған және Тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Қызмет көрсетуші өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Пациентке/Тапсырыс берушіге міндетті түрде хабарлай отырып, өз қалауы бойынша кез келген уақытта оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кері қайтарып алу құқығын өзінде қалдырады.
16.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа да осы өзгерістердің енгізілуіне әкелетінімен келіседі және оны мойындайды, бұл ретте Шартқа енгізілген өзгерістер офертаға енгізілген тиісті өзгерістер күшіне енген сәтте бір мезгілде күшіне енеді. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасуға қажетті барлық заңды құқықтар мен өкілеттіктерге ие екенін растайды.
16.4. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді рәсімдеуі Клиника/Қызмет көрсетуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
16.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында және/немесе Клиниканың/Қызмет көрсетушінің орналасқан жеріндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария түрде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
16.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
17. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
17.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпараты есептелетінімен сөзсіз келіседі.
17.2. Клиника/Қызмет көрсетуші:
«Экомед-Атырау» ЖШС
Атырау қ., Авангард-2 шағынауданы, 23А үй
БСН: 151040007990
ЖСК: KZ216017141000001885
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК: HSBKKZKX
БеК: 17 ТТК 862
Электрондық пошта: ecomed.atyrau@gmail.com
Телефон: 8 701 024 15 15
сайт: www.ecomed.kz
Қосымша 1
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«05» шілде 2022 ж.
Клиникадағы пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиника холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталығы операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға бару кезінде мына қағидалар сақталады:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе аяқ киімді ауыстыратын аяқ киімге ауыстыру ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде пациент сыртқы киімін гардеробқа қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық уақытқа кешіккен жағдайда, егер дәрігер келесі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдауды ұзартуға мүмкіндігі болмаса, қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзінде қалдырады.
2.4. Пациент дәрігердің кабинетіне оның шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда, бірге жүретін тұлғалардың кабинетте болуына тек емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындау шартымен жол беріледі, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлар бұған жатпайды.
2.6. Барлық келушілер (пациент, заңды өкілдер, бірге жүретін тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімі қызметкеріне беруі тиіс.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға барған кезде пациенттер мен оларды алып жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет.
2.12. Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, бағалы бұйымдар, телефон және ақша үшін Клиника жауап бермейді.
2.14. Кез келген мүлікке зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғадан өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— бейәдеп сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жасауға;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір саудамен айналысуға;
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге құралдарды қолдануға.
Мыналар бұзушылық болып есептеледі:
● персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;
● басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігер қабылдауына немесе процедураға келмеу немесе уақтылы келмеу;
● дәрігердің ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі процедураларды орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз қалауы бойынша қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!)
● шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу.
Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациент құқыққа қайшы, әдепсіз мінез-құлық танытқан, басқа пациентке немесе медициналық персоналға дөрекі сөздер айтқан, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған, осы қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Клиника әкімшілігі пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту, режим мен Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке жарамсыздық парағына және ауру тарихына тиісті белгі қоя отырып шығару құқығын өзінде қалдырады.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауап бермейді.
Қосымша 2
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«05» шілде 2022 ж.
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін өте ризамыз.
Әрбір өтінішті Клиника басшылығы жеке тәртіппен қарайды және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап береді.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
* Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2ГИС және т.б.
Клиникада:
* — тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы;
* электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» белгісімен).
Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Atyrau — https://www.instagram.com/ecomed_atyrau/
• TikTok — https://www.tiktok.com/@ecomed.almaty
• Facebook — https://www.facebook.com/ecomedplusastana
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім мен тіркеу бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүгіне алады:
* Директор: Басарова Гулсара Жардемовна;
* Медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Сенгербекова Калимаш Амандыковна, алдын ала жазылу бойынша;
* Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Камышева Алия Чапаевна, алдын ала жазылу бойынша;
* Бас медициналық мейіргер Тирижанова Алтынгул Мырзагереевна;
* Қаржы бөлімі жөніндегі директордың орынбасары Утеулиева Турсын Муратовна;
* Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Кабдулова Асель Саламатовна;
* Кадрлық-құқықтық қызметтің басшысы Камышева Алия Чапаевна.
«Экомед-Атырау» ЖШС
Атырау қ., Авангард-2 шағынауданы, 23А үй
БСН: 151040007990
ЖСК: KZ216017141000001885
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК: HSBKKZKX
БеК: 17 ТТК 862
Электрондық пошта: ecomed.atyrau@gmail.com
Телефон: 8 701 024 15 15
сайт: www.ecomed.kz