Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ. «03» қаңтар 2022 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Ecomed-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Ecomed-Сырдария» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету жөніндегі жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Қызмет көрсетуші» деп аталатын «Ecomed-Сырдария» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан кез келген жеке тұлғамен – Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын тұлғалармен осы оферта талаптарында медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі – «Шарт») жасасуға ниетін білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей.
1.8. Осы шарт талаптарын толық және сөзсіз акцептеудің (қабылдаудың) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алуды және/немесе олардың ақысын төлеуді жүзеге асырған күні болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалардың акцепті мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүзеге асырылады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлемді жүзеге асыру.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету шартын жасасуға арналған осы Жария офертаға (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің қызмет бейіні бойынша Пациентке/Тапсырыс берушіге медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсетілген сәтте қолданыста болатын Клиниканың Прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
3.1. Клиника/Қызмет көрсетуші өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалар тіндері донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
— 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
— 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтерді (көмекті) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсету орны: Қызылорда қ., Арай шағынауданы, М. Әжіхожа көшесі, 91.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емдеу нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызметтер көрсету кезінде және олардан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Қызмет көрсетуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен сағаттарында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның жұмыс кестесіне сәйкес) күн сайын жүргізіледі.
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін.
жексенбі – сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс кезде қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүзеге асырылады.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылған.
3.5. Мамандардың барлық қабылдаулары алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады:
— Клиниканың http:// www.ecomed.kz сайты арқылы, Клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны бойынша: +7 775 007 07 00;
— тікелей Клиникадағы тіркеу бөлімінде әкімшілер арқылы.
Пациенттер тіркеу бөлімімен немесе Клиниканың call-орталығымен келісу бойынша дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылмай келе алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарап-тексеру, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдау ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін, осы аралықта әрбір қабылдаудың ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауының ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Қарап-тексеру ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы зерттеудің нақты түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа Пациентке шұғыл көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ басқа науқасты шұғыл тәртіппен тексеру кезінде қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің жұмыс кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды үзуге құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта қабылдауға онлайн өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа телефон соғу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар Пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе осындай ауруға күдік туындаған жағдайда, Пациент мамандандырылған медициналық ұйымға жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен медициналық ұйымдарда Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алған кезде отбасылық мәртебесін растайтын құжаттарды және емдеу мен қызмет көрсету үшін қажетті барлық басқа құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасы арқылы Клиниканың/Қызмет көрсетушінің есеп айырысу шотына да жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберетін азаматтарға (Пациенттерге) медициналық қызметтер көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жүзеге асырылуы; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жерден болмаған және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы Пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға телефон арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлауға міндеттенеді.
3.15. Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, алдын ала жазылуы болғанның өзінде Клиника Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Егер алдыңғы Пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болса, дәрігер Пациенттің алдын ала жазылған уақытын кейінірек уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Дәрігер жағдайы неғұрлым ауыр Пациентті қабылдау немесе басқа Пациенттердің респираторлық жолмен берілетін инфекциялық ауруы бар Пациентпен байланысын азайту қажет болған жағдайда, алдын ала жазылу болғанына қарамастан Пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдау тоқтатылған жағдайда Клиника оған жазылған Пациенттерді жедел түрде хабардар етеді, бұл ретте Клиника басқа дәрігерді ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толық тоқтату құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте оны төлеуге жұмсалған ақшалай қаражат қайтарылмайды немесе қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулерді (оның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), операциялық араласуларды жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.
3.18. Денсаулығына құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар Пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда, Клиника мәліметтерді медициналық ұйымның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына береді.
3.19. Пациент медициналық құжаттарды ресімдеу үшін белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты алып жүруі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылу кезінде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға телефон арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлауға міндеттенеді. Әрбір Пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациентті қабылдаудың кешігуіне әкелуі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық уақытқа кешіккен жағдайда, егер дәрігердің келесі Пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдау уақытын ұзарту мүмкіндігі болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
3.22. Пациент Клиниканың дәрігерлік және өзге де персоналының кабинетіне олардың шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде Клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа Пациенттерге де құрметсіздік ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиниканың медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмауына әкелуі немесе денсаулық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екені туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, оның ішінде Клиника дәрігерлері мен персоналы туралы теріс пікірлер білдірген, персоналға дөрекі қарым-қатынас жасаған, медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдары мен тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ Пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрінетін психологиялық үйлесімсіздік болған жағдайда, егер медициналық қызметтер көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы Шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалары) кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын: дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазивтік араласудың алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің диагнозы, ағзасының жағдайы, емдеу және профилактика бойынша ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын денсаулық жағдайы жөніндегі медициналық қорытындылар, егер олар Пациентке Клиниканың медициналық персоналының жұмыс уақытында берілген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытындыларды басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шарт бойынша Пациентке немесе өзге тұлғаларға Клиникамен келіспей Пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік байланыс қызметтерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Осы Шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға келген кезде Пациенттер мен оларды алып жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Кез келген мүлікке зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емдеу нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтер көрсету кезінде және олардан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиникадағы ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге келген және оның үй-жайларында болған кезде:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге де әрекеттер жасауға;
— басқа Пациенттерге және Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиника мүлкін бүлдіруге;
— Клиникадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есіктерді тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық рәсімдер жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— балағат сөздер айтуға, Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға ұрысуға және дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін әрекеттер жасауға, Клиника персоналы мен басқа Пациенттерге қорқыту немесе қысым көрсетуге жол берілмейді.
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезеңде Пациентке, оның заңды өкіліне және алып жүруші тұлғаларға:
— спирттік ішімдіктер ішуге, өзге де есірткі және масайтатын заттарды қолдануға, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге;
— қоқысты, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдарды, пайдаланылған препараттарды еденге тастауға қатаң тыйым салынады.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және алып жүруші тұлғалардың әдепсіз, жол берілмейтін және агрессивті мінез-құлқы, зорлық-зомбылық немесе бұзақылық әрекеттер жасауы, медициналық персоналға қатысты дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және алып жүруші тұлғаларға респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын: дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану ұсынылады.
3.37. Жоғарыда баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника басшылығы мен персоналы Пациентке қызмет көрсетуден, бақылаудан және емдеуден, медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтерге ақы қызмет көрсетілетін күні маманның алғашқы/қайталама қабылдауына дейін кассада толық көлемде төленеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай шегінде нақты маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – Клиника Пациентінің осы ай ішінде сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын және Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтерге ақы Пациенттің/Тапсырыс берушінің өзі (немесе оның келісімімен басқа тұлға) қызмет көрсету басталған күні қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес толық көлемде төлейді.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда, медициналық қызметтер үшін енгізілген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжат пен чек болған кезде, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет құны арасындағы айырманы төлейді, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында Клиниканың медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
4.7. Клиника қызметтеріне ақы Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Қызмет көрсетушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы Шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен болған жіті аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде Пациенттің өміріне төнген қатерді жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер көрсету қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмекті ақысыз көрсетуді қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (оның мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және шынайы ақпарат беруге;
5.1.7. Пациентті:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентке шұғыл немесе жоспарлы стационарлық емдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетуге қарсы көрсетілімдер және ықтимал жағымсыз салдарлар туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда Шарттың біржақты бұзылатыны туралы хабардар етуге және хабарлауға;
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдеу іс-шаралары көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге;
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақшалай қаражат енгізіп, төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы Шартқа сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін пайдалана отырып, медициналық қызметтерді сапалы және толық көлемде көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақшалай қаражатты есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда дәрігерлерінің тәжірибесіне, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына және клиникалық базаның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігердің нұсқамалары орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын, сондай-ақ ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтер көрсетуге кіріспеуге;
5.2.5. Қызмет көрсетуден:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
— Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаған жағдайда;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) ресімдеуден/қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
— Клиниканың ішкі тәртібі, осы Шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсетуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда бас тартуға;
5.2.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың/Қызмет көрсетушінің пікірінше оның денсаулығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға мүмкіндік беретін қызметтерден бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіре отырып, одан медициналық көмектен бас тартқаны туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісе отырып қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, Пациенттің қабылдауға жазылуын ауыстыруға немесе жоюға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық туралы кодексінде көзделген жағдайларда Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника Пациенттеріне арналған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын, «Ecomed-Сырдария» ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Медициналық қызметтер көрсететін емдеуші дәрігердің және тиісті мамандардың емдеу мен тексеру бойынша медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы Шарттың қолданылу кезеңінде өз бетінше емделмеуге, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем алмауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа Пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы Шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету тәртібімен және талаптарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтер көрсетіле бастағанға дейін олардың құнын Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Қызмет көрсетушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы, анамнезіндегі патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіптік зияндылықтар, аллергиялық реакциялар туралы мәліметтерді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынуға. Сондай-ақ Клиникада/Қызмет көрсетушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (олар болған жағдайда), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына әсер етуі мүмкін өзге де факторлар туралы өзіне белгілі барлық мәліметтерді ұсынуға;
6.1.9. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге әсер етуі және сауығу болжамына ықпал етуі мүмкін екенін білуге;
6.1.10. Денсаулық жағдайы нашарлаған кезде өзінің емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту кезінде көңіл-күйіндегі кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің немесе call-орталығының қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс үшін ақпаратты (электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірлерін, нақты тұрғылықты мекенжайын), сондай-ақ дербес деректерін, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды хабарлауға;
6.1.13. Клиника/Қызмет көрсетуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға мүмкіндік беретін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тартқаны туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен және/немесе келмеген жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті жою құқығын өзіне қалдыратынын ескеруге;
6.1.15. Өз денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат ұсынған жағдайда емдеу нәтижесі үшін Клиника/Қызмет көрсетуші жауапты болмайтынын ескеруге;
6.1.16. Эпидемия, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндеттенеді.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлері мен медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалардың құрметпен қарауына;
6.2.4. Клиникадан/Қызмет көрсетушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен оны растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.5. Бұрын берілген түсініктемелер түсініксіз болған жағдайда Клиникадан/Қызмет көрсетушіден өзінің денсаулық жағдайы, ұсынылған диагностика және емдеу әдістері туралы қосымша түсініктемелер талап етуге;
6.2.6. Өзінің емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.7. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.8. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.9. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан кезде Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар оған түсінікті түрде түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба енгізу арқылы ресімделеді және оған Пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.10. Ішкі аудит және Пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.11. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу барысында алынған өзге де мәліметтер туралы ақпараттың Клиника персоналы тарапынан Клиникадан тыс таратылмауына;
6.2.13. Өз денсаулығының жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдарлары мен жүргізілген ем нәтижелері туралы толық ақпаратты өзіне қолжетімді нысанда алуға, сондай-ақ ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтары, емдеуден бас тартудың ықтимал салдарлары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы ақпарат алуға, үйіне шығарылу немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырылу себептерін түсіндіруге, өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге құқылы.
6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат берілуі тиіс тұлғаны тағайындай алады. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып одан жасырылуы және Пациенттің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын құжаттар және басқалары) береді және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Көрсетілген келісім жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді, оның ішінде шектеусіз: жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (оның ішінде беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі, сондай-ақ Пациент Клиникада фото-, бейне-, аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мынадай тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөніндегі өзара міндеттемелерді қабылдайды.
7.3. Тараптар мұндай ақпаратқа тек Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.5. Тараптар қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе оған қатысты алынған кез келген ақпаратты, оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз, Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзгеше мақсаттарда жария етпеуге және пайдаланбауға міндеттенеді, бұған ақпаратты алушы Тараптың оны Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпарат жатпайды.
7.6. Осы Шартпен құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе Клиникадан тыс өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.8. Пациенттің медициналық құжаттарындағы және медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз өзінің жағдайына байланысты еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда беруге жол беріледі.
7.9. Медициналық тексерулердің нәтижелерін Клиника персоналы Пациенттерге жеке өзі немесе мобильді не өзге де қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, Пациенттің тіркелу кезінде көрсеткен сұрауы бойынша ғана хабарлайды.
7.10. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді, қызметтер көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қою арқылы береді.
7.10.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Қызмет көрсетушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.10.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиника/Қызмет көрсетуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.
7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Егер осы Шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуы себеп болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Клиника Пациент ұсынған құжаттардың (оның ішінде жеке құжаттардың) және/немесе ақпараттың шынайы болмауы, жалғандығы, дәл еместігі және т.б. салдарынан туындаған зардаптар үшін жауап бермейді.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулығы туралы толық емес ақпарат берген немесе медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызметтердің сапасы үшін жауап бермейді.
8.5. Егер жоғарыда көрсетілген жағдайлар Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқамаларды бұзуы нәтижесінде орын алса, Клиника/Қызмет көрсетуші Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығу фактісінің болмауы үшін жауап бермейді.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған, Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша өзінің құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өз талаптары баяндалған хат жіберуге құқылы. Талапты алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін мына жағдайларда жауап бермейді:
— Пациенттің емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамауы және оның денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасауы;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талап етуі бойынша қызметтер көрсету;
— Пациенттің келмеуіне немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуына байланысты емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе төзімсіздік туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтері көрсетілгеннен кейін үшінші тұлғалардың медициналық араласуы;
— Пациент емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартқан және оған мұндай жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екені ескертілген жағдайда;
— Пациенттің одан әрі денсаулық жағдайы, сондай-ақ жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты асқынулардың туындауы;
— өндіруші аннотацияда туындау мүмкіндігін көрсеткен дәрілік заттар мен препараттарды қолданудан болатын жанама әсерлердің пайда болуы;
— Пациент дәрігерге бұрын ауырған аурулары, аллергиялық реакциялары, қарсы көрсетілімдері туралы хабарлау міндетін орындамаған және көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде мұндай ақпараттың болмауының салдары болған жағдайда.
8.9. Клиника/Қызмет көрсетуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасы үшін жауапты болады.
8.10. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауы не тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің немесе осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін басқа форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдарынан болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Клиника/Қызмет көрсетуші және (немесе) оның клиенттері туралы, Қызметтерге қатысты олардың беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) беделін түсіретін мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, оның ішінде мессенджерлер мен чаттарда таратқаны үшін жауапты болады.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын көздеуі мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер үшін берешегі туындаған жағдайда, Клиника Пациент Клиника көрсеткен қызметтердің ақысын толық төлегенге дейін осы Шарт бойынша одан әрі қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.14. Клиника мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы Шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Интернетте Клиниканың/Қызмет көрсетушінің сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан қағаз жеткізгіште жарияланады. Өзгерістер олар жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында алшақтық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөліміндегі редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.
10.1. Осы жария оферта шарты жария орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және «03» қаңтар 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға немесе Шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін міндетті түрде Шартты бұзу туралы келісімге қол қою немесе екінші Тараптың бұзуға келісімін жазбаша түрде растауы талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылды деп есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ.
11.1. Медициналық оқиға жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) жазбаша түрде шағыммен жүгіне алады, ол тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберіледі. Шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында баяндалуы немесе Клиниканың сайтына электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке ішкі аудит және Пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефон нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамаға сәйкес тәртіппен қаралады.
11.3. Шағым Клиника оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке өзіне берілуі немесе ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған шағымға жауап Пациент көрсеткен электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша ішкі аудит және Пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы Шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері арқылы, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы Шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес айқындайды және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін Клиника қызметтерінің Прейскурантында белгіленеді. Клиниканың ресми сайтында орналастырылған қызметтер бағасы туралы ақпарат Клиника Прейскурантындағы ақпаратпен әрқашан бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана болуына байланысты өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника өзінің жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне уақытша акциялар шеңберінде жеңілдіктер береді, олар туралы сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарлайды. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттар қоса берілген өтініші негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, оларды Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттеменің ішінара немесе толық орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы мән-жайлар нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатады.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық мән-жай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапты болмайды.
13.5. Егер Шартты орындаудың кешіктірілуі форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шарт талаптарын орындамауына байланысты оның бұзылуы үшін жауап бермейді.
13.6. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орынды болған шамада орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ.
14.1. Әрбір азамат өзіне қолжетімді нысанда өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдарлары және жүргізілген ем нәтижелері туралы мәліметтерді алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпаратты емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге де лауазымды тұлғалары Пациентке қолжетімді және медициналық этика талаптарына сәйкес нысанда береді. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдарлары, сондай-ақ жүргізілген ем нәтижелері және ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматқа оның еркіне қарсы берілмейді. Аурудың даму болжамы қолайсыз болған жағдайда ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс, егер азамат оларға бұл туралы хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) мұндай ақпарат берілуі тиіс тұлғаны тағайындамаса.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамадағы ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және Пациент пен оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша ғана берілуі мүмкін.
15. ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау жүргізілген кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картадан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картаның көшірмесі берілуі мүмкін.
15. Қорытынды ережелер
15.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Қызмет көрсетуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат түрінде ресімдеуге құқылы.
15.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Қызмет көрсетушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалған және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Қызмет көрсетуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кез келген уақытта өз қалауы бойынша кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте Пациентке/Тапсырыс берушіге өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей міндетті түрде хабарлауы тиіс.
15.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа осы өзгерістердің енгізілуіне әкелетінімен келіседі және оны мойындайды, бұл ретте Шартқа енгізілген өзгерістер офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтте бір мезгілде күшіне енеді. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шартты жасасуға қажетті барлық заңды құқықтары мен өкілеттіктерінің бар екенін растайды.
15.4. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді ресімдеуі Клиника/Қызмет көрсетуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
15.5. Осы Шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Интернетте Клиниканың/Қызмет көрсетушінің сайтында және/немесе Клиниканың/Қызмет көрсетушінің орналасқан жеріндегі қағаз жеткізгіште жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
15.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
16.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпараты есептелетінімен сөзсіз келіседі.
16.2. Клиника/Қызмет көрсетуші:
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
2022 жылғы «03» қаңтардағы
ашық (жария) оферта шартына
Клиникадағы Пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиниканың холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталығы операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға келу мынадай қағидаларды сақтауды көздейді:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киім кию ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде Пациент сыртқы киімін гардеробта қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір Пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациентті қабылдаудың кешігуіне әкелуі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық уақытқа кешіккен жағдайда, егер дәрігердің келесі Пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдау уақытын ұзарту мүмкіндігі болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Алып жүруші тұлғалардың (Пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына тек емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындау шартымен жол беріледі, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда.
2.6. Барлық келушілер (Пациент, заңды өкілдер, алып жүруші тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент өзінің денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беруі тиіс.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға келген кезде Пациенттер мен оларды алып жүруші тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс.
2.12. Осы мінез-құлық қағидалары мен осы Шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, бағалы бұйымдар, телефон және ақша үшін Клиника жауап бермейді.
2.14. Кез келген мүлікке зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— балағат сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жүргізуге;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір тауар сатумен айналысуға;
— спирттік ішімдіктер ішуге, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге де заттарды қолдануға.
Мыналар бұзушылық болып саналады:
● персоналға, басқа Пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас;
● басқа Пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігер қабылдауына немесе рәсімге келмеу немесе уақтылы келмеу;
● дәрігердің ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі рәсімдерді орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз қалауымен қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!);
● Шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу.
Осы мінез-құлық қағидалары мен осы Шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациент құқыққа қайшы, әдепсіз мінез-құлық танытқан, басқа Пациентке немесе медициналық персоналға қатысты дөрекі сөздер айтқан, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған, осы қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Клиника әкімшілігі Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту, режимді және Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке жарамсыздық парағына және ауру тарихына тиісті белгі қоя отырып шығару құқығын өзіне қалдырады.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауап бермейді.
2-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
2022 жылғы «03» қаңтардағы
ашық (жария) оферта шартына
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін өте ризамыз.
Әрбір өтінішті Клиника басшылығы жеке тәртіппен қарайды және оған 30 (отыз) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап береді.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектері мен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
• Клиниканың сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2ГИС және т.б.
Клиникада:
• — тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы;
• электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» белгісімен).
Клиниканың әлеуметтік желілердегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram ecomed_kyzylorda — https://www.instagram.com/ecomed_kyzylorda/
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша ішкі аудит және Пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім және тіркеу бөлімі бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүгіне алады:
• Директор: Жандарбекова Жадыра Абдувалиевна;
• Медициналық мейіргер: Шәтенова Гүлзат Қосынбайқызы.
• Бас бухгалтер: Ноғаев Нұржан Нұғманұлы
• Сарапшы дәрігер: Абенова Гулсим Канатовна
• Заңгер: Оспанова Айнур Саттарбековна
«Ecomed-Сырдария» ЖШС
ҚР, Қызылорда қ., Арай шағынауданы, М. Әжіхожа көшесі, 91
БСН 180840026186
е/ш KZ056010201000040835
HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Директор Жандарбекова Жадыра Абдувалиевна
Эл. пошта: ecomed17@mail.ru
Бухгалтерия тел.: 8 701 604 63 41