Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Орал қ. «05» шілде 2022 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед-Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед-Жайық» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету туралы жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Қызмет көрсетуші» деп аталатын «Экомед-Жайық» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директордың атынан Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген жеке тұлғамен осы офертаның талаптарымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі «Шарт») жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей болып табылады.
1.8. Осы шарт талаптарының толық және сөзсіз акцептелуінің (қабылдануының) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруы, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алуы және/немесе оларға ақы төлеуі болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалардың акцепті мына әрекеттердің бірін жүзеге асыру арқылы жасалады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлем жасау.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария офертаға (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің қызмет бейіні бойынша медициналық қызметтерді (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың Прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
3.1. Клиника/Қызмет көрсетуші өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-VI Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалар тіндерінің донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
— 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
— 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтерді (көмекті) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсетілетін орын: Орал қ., 10 шағынаудан, Самал көшесі, 104.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызметтерді көрсету кезінде және олар көрсетілгеннен кейін жақын және алыс кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толығымен жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Қызмет көрсетуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен жұмыс уақытында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның жұмыс кестесіне сәйкес) күн сайын жүргізіледі.
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін.
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс кезде қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүргізіледі.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылады.
3.5. Барлық мамандардың қабылдауы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http:// www.ecomed.kz сайты арқылы, Клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00;
— тікелей Клиникадағы тіркеу бөлімінің әкімшілері арқылы.
Пациенттер Клиниканың тіркеу бөлімімен немесе call-орталығымен келісу арқылы дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылусыз кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/қарап-тексеру, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдау ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін, осы аралықта әрбір қабылдаудың ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауының ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Қарап-тексеру ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ басқа науқасты шұғыл тәртіппен тексеру кезінде қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің жұмыс кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды үзуге құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта қабылдауға онлайн өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау болуы мүмкін және өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа телефон шалу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік болған жағдайда пациент мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алу кезінде отбасылық мәртебесін растайтын құжаттарды және емдеу мен қызметтер көрсету үшін қажетті барлық басқа құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасының көмегімен Клиниканың/Қызмет көрсетушінің есеп айырысу шотына да жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызметтер көрсету талаптары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жүзеге асырылуы; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жерден болмаған немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент Клиниканы мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабардар етуге міндетті.
3.15. Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, Клиника алдын ала жазылу болғанның өзінде Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Егер алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болса, дәрігер пациенттің алдын ала жазылуын кейінгі уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Егер жағдайы неғұрлым ауыр пациентті қабылдау немесе респираторлық жолмен берілетін инфекциялық аурумен ауыратын пациентпен басқа пациенттердің байланысын азайту қажет болса, дәрігер алдын ала жазылу болғанның өзінде пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдауы тоқтатылған жағдайда Клиника дәрігерге жазылған Пациенттерді бұл туралы жедел түрде хабардар етеді, бұл ретте Клиника басқа дәрігер ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толық тоқтату құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте оны төлеуге жұмсалған ақша қаражаты қайтарылмайды немесе қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулерді (оның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), хирургиялық араласуларды жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндетті.
3.18. Денсаулығына зиян құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда Клиника медициналық ұйымның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына мәліметтерді береді.
3.19. Пациент белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келуі және медициналық құжаттарды қалыптастыру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келген кезде де, алдын ала жазылу кезінде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиниканы мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабардар етуге міндетті. Әрбір Пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, егер дәрігердің кейінгі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірместен қабылдауды ұзартуға мүмкіндігі болмаса, дәрігер қабылдауды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
3.22. Пациент Клиниканың дәрігерлік және өзге де персоналының кабинетіне олардың шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде Клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа пациенттерге де құрметсіздік таныту ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиниканың медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмауына әкелуі немесе денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, оның ішінде Клиника дәрігерлері мен персоналы туралы жағымсыз пікірлер білдірген, персоналға дөрекі қарым-қатынас жасаған, медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдары мен тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрінетін психологиялық үйлесімсіздік болған жағдайда, егер медициналық қызметтер көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалары) кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау, жеке қорғаныш құралдарын: респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазиялық араласу алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің диагнозы, ағзасының жағдайы, емдеу және профилактика бойынша ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындылар, егер олар Пациентке Клиниканың медициналық персоналы тарапынан жұмыс уақытында берілген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытындының деректерін басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шарт бойынша Пациентке немесе өзге тұлғаларға Клиникамен келіспей Пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік байланыс қызметтерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Пациент осы Шартта көрсетілген Клиникадағы мінез-құлық қағидаларын сақтамаған жағдайда Клиника персоналы оған қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға барған кезде Пациенттер мен оларды ертіп жүретін тұлғалар Клиниканың мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтерді көрсету кезінде және олар көрсетілгеннен кейін жақын және алыс кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толығымен жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиникадағы ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге барған және оның үй-жайларында болған кезде:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге де әрекеттер жасауға;
— басқа пациенттерге және Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиниканың мүлкін бүлдіруге;
— Клиникадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есіктерді тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық рәсімдер жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— әдепсіз сөздер айтуға, Клиника персоналын немесе Клиникадағы өзге тұлғаларды балағаттауға және оларға дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге, Клиника персоналы мен басқа Пациенттерге қоқан-лоқы жасауға және қысым көрсетуге жол берілмейді.
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезеңде Пациентке, оның заңды өкіліне және еріп жүретін тұлғаларға:
— спирттік ішімдіктер ішуге, өзге де есірткілік және масайтатын заттарды қолдануға, Клиниканың кіреберісінде, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге;
— қоқысты, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдарды, сондай-ақ пайдаланылған препараттарды еденге тастауға қатаң тыйым салынады.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және еріп жүретін тұлғалардың орынсыз, жол берілмейтін және агрессивті мінез-құлқы, күш қолдану немесе бұзақылық әрекеттері, медициналық персоналға қатысты дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиниканың фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және еріп жүретін тұлғаларға жеке қорғаныш құралдарын: респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану ұсынылады.
3.37. Жоғарыда көрсетілген ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника басшылығы мен персоналы пациентке қызмет көрсетуден, бақылаудан және емдеуден, медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтер үшін төлем қызмет көрсетілетін күні маманның алғашқы/қайталама қабылдауына дейін кассада толық көлемде жүргізіледі. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай шеңберінде нақты маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – осы ай ішінде Клиника пациентінің сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын, Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтер үшін төлемді Пациент/Тапсырыс беруші жеке өзі (немесе оның келісімімен басқа тұлға) қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес қызмет көрсету басталған күні толық көлемде жүзеге асырады.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартқан жағдайда, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық қызметтер үшін төленген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты және чегі болған кезде Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет құны арасындағы айырманы төлейді, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайлар бұған жатпайды.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету процесінде Клиниканың медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүзеге асырылуы мүмкін.
4.7. Клиника қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Қызмет көрсетушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен пайда болған жіті аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде пациенттің өміріне төнген қатерді жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер көрсету қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмекті ақысыз көрсетуді қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
5.1.7. Пациентті:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентке шұғыл немесе жоспарлы стационарлық емдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетудің қарсы көрсетілімдері мен ықтимал теріс салдары туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда шарттың біржақты бұзылатыны туралы хабардар етуге міндетті.
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдеу іс-шаралары көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге;
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге;
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақша қаражатын енгізгеннен және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы шартқа сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін пайдалана отырып, медициналық қызметтерді сапалы әрі толық көлемде көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақша қаражатын есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Қызмет көрсетуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын басшылыққа ала отырып немесе тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда өз дәрігерлерінің тәжірибесіне, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына және клиникалық базаның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігердің нұсқамалары орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын, сондай-ақ ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтерді төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтерді көрсетуге кіріспеуге;
5.2.5. Мына жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;
— Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаған кезде;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) рәсімдеуден/қол қоюдан бас тартқан кезде;
— Клиниканың ішкі тәртібі, осы шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары бұзылған кезде;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсетуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде;
5.2.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың/Қызмет көрсетушінің пікірінше оның денсаулығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға мүмкіндік беретін қызметтерден бас тартқан жағдайда, оған мұндай бас тартудың денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіре отырып, медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісе отырып қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент қызметті алу үшін белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауға жазылуын ауыстыруға немесе тоқтатуға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника пациенттері үшін ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидаларын, «Экомед-Жайық» ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Медициналық қызметтер көрсететін емдеуші дәрігердің және емдеу мен тексеру бойынша тиісті мамандардың медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарттың қолданылу кезеңінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын дәрігермен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем алмауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсетудің тәртібі мен талаптарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтердің құнын олар көрсетіле бастағанға дейін Клиника/Қызмет көрсетуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Қызмет көрсетушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтерді сапалы көрсетуге қажетті әрі дұрыс ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы, анамнезіндегі патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіптік зияндылықтар, аллергиялық реакциялар туралы ақпаратты және өзге де қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті. Сондай-ақ Клиникада/Қызмет көрсетушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына әсер етуі мүмкін өзге де факторлар туралы өзіне белгілі барлық басқа мәліметтерді ұсынуға;
6.1.9. Пациент өзінің денсаулығы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге әсер етуі және сауығу болжамына ықпал етуі мүмкін екенін білуге тиіс;
6.1.10. Пациент денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту кезінде өзін-өзі сезінуіндегі кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, өзінің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің немесе call-орталығының қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, нақты тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ дербес деректерін, ал қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды хабарлауға;
6.1.13. Клиника/Қызмет көрсетуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға мүмкіндік беретін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші қызметті алу үшін белгіленген уақытқа келмеген және/немесе 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші қызметті алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
6.1.15. Денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат берген жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші емдеу нәтижесі үшін жауапты болмайды;
6.1.16. Эпидемиялар, карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, қорғаныш құралдарын, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалануға;
6.1.17. Клиниканың мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндетті.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлері мен медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалар тарапынан құрметпен қаралуға;
6.2.3. Клиникадан/Қызмет көрсетушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.4. Бұрын ұсынылған түсіндірмелер түсініксіз болған жағдайда өзінің денсаулық жағдайы, ұсынылған диагностика және емдеу әдістері жөнінде Клиникадан/Қызмет көрсетушіден қосымша түсініктемелер талап етуге;
6.2.5. Өзінің емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.6. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.7. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.8. Пациент немесе оның заңды өкілі заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан жағдайда Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар қолжетімді нысанда түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба енгізу арқылы ресімделеді және оған Пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.9. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.10. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер туралы ақпараттың Клиника персоналы тарапынан Клиникадан тыс жерде таратылмауына;
6.2.11. Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты қауіп, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емнің нәтижелері туралы толық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға, сондай-ақ ықтимал қауіптер мен артықшылықтар, ұсынылған және балама емдеу әдістері, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы ақпарат алуға, үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептері туралы түсіндірме алуға, өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге құқылы. 6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны тағайындай алады. Денсаулық жағдайы ескеріле отырып, ақпарат Пациенттен жасырылып, оның жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын құжаттар және т.б.) береді және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Көрсетілген келісім жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде шектеусіз: жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (оның ішінде беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі, сондай-ақ Пациент Клиникада фото-, бейне-, аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мына тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу, автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарт талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтауға өзара міндеттенеді.
7.3. Тараптар оларға тек Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.4. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға екінші Тараптан Шартқа сәйкес немесе Шартқа қатысты алынған кез келген ақпаратты оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзге мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді, бұған ақпаратты алушы Тараптың оны Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпараты жатпайды;
7.5. Осы шартпен құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе Клиникадан тыс жерде өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісімді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда).
7.6. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, оның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісімді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің медициналық құжаттарында қамтылған және медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз беру өзінің жағдайына байланысты еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда жол беріледі.
7.8. Медициналық тексерулердің нәтижелерін Клиника персоналы пациенттерге жеке өзі немесе мобильді не өзге де қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, Пациент тіркелу кезінде көрсеткен сұрау бойынша ғана хабарлайды.
7.9. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді, қызмет көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қоя отырып береді.
7.9.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қою арқылы оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Қызмет көрсетушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді,
7.9.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қою арқылы Клиника/Қызмет көрсетуші аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Қызмет көрсетушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.
7.10.3. Мен Клиниканың/Қызмет көрсетушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, медициналық қызметтер көрсету туралы Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуы осы Шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына себеп болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Клиника Пациент ұсынған құжаттардың (оның ішінде жеке құжаттардың) және/немесе ақпараттың дұрыс еместігіне, жалғандығына, дәл еместігіне және т.б. байланысты туындаған салдарлар үшін жауапты болмайды.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулығы туралы толық емес ақпарат берген немесе медициналық көрсетілімдерден туындаған жағдайларда Клиника/Қызмет көрсетуші медициналық қызметтер көрсету сапасы үшін жауапты болмайды.
8.5. Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығуының болмауы Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқамаларды бұзуы нәтижесінде орын алса, Клиника/Қызмет көрсетуші бұл үшін жауапты болмайды.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған, Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша өзінің құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өзінің талаптарын баяндаған хат жіберуге құқылы. Шағымды алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника мына жағдайларда көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін жауапты болмайды:
— Пациент емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамаған және Пациенттің денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасаған жағдайда;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде Пациенттің талабы бойынша қызметтер көрсетілген жағдайда;
— Пациенттің келмеуіне немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуына байланысты емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтерін көрсеткеннен кейін үшінші тұлғалардың медициналық араласуы болған жағдайда;
— Пациент емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартқан және мұндай жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екендігі туралы ескертілген жағдайда;
— Пациенттің одан арғы денсаулық жағдайы, сондай-ақ жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты асқынулардың туындауы үшін;
— дәрілік заттар мен препараттарды қолданудан олардың өндірушісі аннотациясында туындауы мүмкін екенін көрсеткен жанама әсерлердің пайда болуы үшін;
— егер көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде осындай ақпараттың болмауының салдары болса, Пациент бұрын ауырған аурулары, аллергиялық реакциялары, қарсы көрсетілімдері туралы дәрігерді хабардар ету міндетін орындамаған жағдайда.
8.9. Клиника/Қызмет көрсетуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасы үшін жауапты болады;
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауы не тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің немесе міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін басқа да форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдары болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікті көтереді. Сондай-ақ Қызметтерге қатысты Клиниканың/Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның клиенттерінің беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды беделсіз ететін мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, оның ішінде мессенджерлер мен чаттарда таратқаны үшін жауапты болады.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Қызмет көрсетуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын көздеуі мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер үшін берешегі туындаған жағдайда Клиника Пациент Клиника көрсеткен қызметтердің ақысын толық төлегенге дейін осы Шарт бойынша одан әрі қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.13. Клиниканың мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
8.14. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында айырмашылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.
10.1. Осы жария оферта шарты жария орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және «05» шілде 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін шартты бұзу туралы келісімге міндетті түрде қол қою немесе екінші Тараптың шартты бұзуға жазбаша келісімін растауы талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылды деп есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ.
11.1. Медициналық оқиға жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) жазбаша түрде шағым бере алады, ол тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберіледі. Шағым пікірлер мен ұсыныстар кітабында жазылуы немесе Клиника сайтына электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Шағымға жедел жауап алу үшін Пациентке ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефон нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен қаралады.
11.3. Шағым Клиника оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Шағымға жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта оған жеке табысталуы немесе ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған шағымға жауап Пациент көрсеткен электрондық мекенжайға электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес айқындайды және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін Клиника қызметтерінің Прейскурантында белгілейді. Ресми сайтта орналастырылған Клиника қызметтерінің бағасы туралы ақпарат Клиника Прейскурантындағы ақпаратпен әрқашан бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана мәртебесі бойынша өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарлайтын уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер береді. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттар қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, оларды Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттеменің ішінара немесе толық орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы жағдайлардың нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатады.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық мән-жай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапты болмайды.
13.5. Егер Шартты орындаудың кешіктірілуі форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Клиника/Қызмет көрсетуші оның талаптарын орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шартты бұзу үшін жауапты болмайды.
13.6. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Клиника/Қызмет көрсетуші Пациентке/Тапсырыс берушіге осындай мән-жайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны дереу жіберуге тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Клиника/Қызмет көрсетуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкіндігінше орынды көлемде орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ.
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты қауіп, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емнің нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді нысанда алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпаратты Пациентке емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге лауазымды тұлғалары медициналық этика талаптарына сәйкес келетін қолжетімді нысанда береді. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, олармен байланысты қауіп, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген емнің нәтижелері мен ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматқа оның еркіне қарсы берілмейді. Аурудың даму болжамы қолайсыз болған жағдайда ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс, егер азамат оларға бұл туралы хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) мұндай ақпарат берілуге тиіс тұлғаны тағайындамаса.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамада қамтылған ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және Пациенттің және оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
15. ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау жүргізілген кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауру туралы анықтама немесе медициналық картадан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картаның көшірмесі берілуі мүмкін.
16. Қорытынды ережелер
16.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Қызмет көрсетуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат нысанында ресімдеуге құқылы.
16.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Қызмет көрсетушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалды және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Қызмет көрсетуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны кез келген уақытта өз қалауы бойынша кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте Пациентті/Тапсырыс берушіні өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей міндетті түрде хабардар етеді.
16.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа осы өзгерістердің енгізілуіне әкелетінімен келіседі және оны мойындайды, ал бұл өзгерістер Шартқа офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтте бір мезгілде күшіне енеді. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасу үшін қажетті барлық заңды құқықтары мен өкілеттіктері бар екенін растайды.
16.4. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді ресімдеуі Клиника/Қызмет көрсетуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
16.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Қызмет көрсетуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Клиниканың/Қызмет көрсетушінің интернеттегі сайтында және/немесе Клиниканың/Қызмет көрсетушінің орналасқан жеріндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
16.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
17. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
17.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпараты есептелетінімен сөзсіз келіседі.
17.2. Клиника/Қызмет көрсетуші:
«Экомед-Жайық» ЖШС
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,
БҚО, Орал қ., 10 шағынаудан, Самал көшесі, 104.
БСН 220240004768
ЖСК KZ02601A141000361031
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Телефон +7 775 224 15 15
Электрондық пошта: ecomed.oral@mail.ru
сайт: www.ecomed.kz
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«05» шілде 2022 ж.
Клиникадағы пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиниканың холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталығы операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға бару мына қағидаларды сақтауды көздейді:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киімге ауысу ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде пациент сыртқы киімін гардеробта қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, егер дәрігердің кейінгі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірместен қабылдауды ұзартуға мүмкіндігі болмаса, дәрігер қабылдауды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Пациент дәрігердің кабинетіне оның шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігердің кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Еріп жүретін тұлғалардың (Пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындаған жағдайда ғана жол беріледі, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлар бұған жатпайды.
2.6. Барлық келушілер (Пациент, заңды өкілдер, еріп жүретін тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беруі тиіс.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс, пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиниканың фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, жеке қорғаныш құралдарын, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштарды пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға барған кезде пациенттер мен оларды ертіп жүретін тұлғалар Клиниканың мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс.
2.12. Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, бағалы бұйымдар, телефон және ақша үшін Клиника жауапты болмайды.
2.14. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— әдепсіз сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынас анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жүргізуге;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір саудамен айналысуға;
— спирттік ішімдіктер ішуге, Клиниканың кіреберісінде, сондай-ақ кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге де заттарды қолдануға;
Мыналар бұзушылық болып есептеледі:
● персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;
● басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігер қабылдауына немесе рәсімге келмеу немесе уақтылы келмеу;
● дәрігердің ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі рәсімдерді орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз бетінше қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!)
● шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу.
Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациенттің құқыққа қайшы, әдепсіз мінез-құлқы, басқа пациентке немесе медициналық персоналға қатысты дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы, осы қағидалардың талаптарын бұзуы жағдайында, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Клиника әкімшілігі пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту, режимді және Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен ауру тарихына тиісті белгі қоя отырып шығару құқығын өзіне қалдырады.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауапты болмайды.
2-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«05» шілде 2022 ж.
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Әрбір өтінішті Клиника басшылығы жеке тәртіппен қарайды және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап береді.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
* Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2ГИС және т.б.
Клиникада:
* — тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы;
* электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» белгісімен).
Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Oral — https://www.instagram.com/ecomedoral/
• Facebook — https://www.facebook.com/ecomed oral
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім мен тіркеу бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүгіне алады:
* Директор: Рахым Жанаргуль Серикбаевна;
* Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Рахым Жанаргуль Серикбаевна
«Экомед-Жайық» ЖШС
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,
БҚО, Орал қ., 10 шағынаудан, Самал көшесі, 104.
БСН 220240004768
ЖСК KZ02601A141000361031
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Телефон +7 775 224 15 15
Электрондық пошта: ecomed.oral@mail.ru
сайт: www.ecomed.kz