Жалпыға қолжетімді ұсыныс
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шарты
Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. «03» қаңтар 2022 жыл.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Экомед-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медициналық қызметтер алуға ниет білдірген жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.
1.2. Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету туралы Шарт жасасуға теңестіріледі.
1.3. Осы офертада көрсетілген талаптар «Экомед-Шығыс» ЖШС-де медициналық қызметтер көрсету туралы жария шарттың талаптарын құрайды.
1.4. Осы арқылы бұдан әрі «Клиника және/немесе Жеткізуші» деп аталатын «Экомед-Шығыс» ЖШС Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін Директор атынан Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген жеке тұлғамен осы офертаның талаптарымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі – «Шарт») жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы офертаның қолданылу мерзімі 5 (бес) жыл болып белгіленеді.
1.6. Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.
1.7. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей болып табылады.
1.8. Осы шарттың талаптарын толық және сөзсіз акцептеудің (қабылдаудың) дәлелі, сондай-ақ шарттың жасалған күні Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алуды және/немесе оларға ақы төлеуді жүзеге асырған күні болып табылады.
1.9. Осы офертаны қабылдауға (акцептеуге) ниет білдірген жеке тұлғалардың акцепті мына әрекеттердің бірін жүзеге асыру арқылы жасалады:
— call-орталық арқылы маманның қабылдауына алдын ала жазылу;
— медициналық қызметтерді нақты алу;
— медициналық қызметтер үшін алғашқы төлемді жүзеге асыру.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Жеке тұлғаларға медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған осы Жария оферта (бұдан әрі – Шарт) бойынша Клиника/Жеткізуші медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша Пациентке/Тапсырыс берушіге медициналық қызметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, Клиника мамандарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзбауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданыста болатын Клиниканың прейскурантымен белгіленеді.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
3.1. Клиника/Жеткізуші өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-VI Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
— 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
— 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-236/2020 «Жыныстық жасушалар, репродуктивтік ағзалар тіндерінің донорлығын жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
— 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
— 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
— 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
— 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
— 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
— 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
— 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы;
— 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
— 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
— 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтерді (көмекті) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.
3.2. Медициналық қызметтер көрсету орны: Өскемен қ., Клиниканың орналасқан жері бойынша.
3.3. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені қызметтер көрсету кезінде және одан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.4. Клиника/Жеткізуші осы шарт бойынша қызметтерді жұмыс күндері мен жұмыс уақытында көрсетеді. Жазылу Клиниканың жұмыс уақытында бос уақытқа, кез келген күнге (Клиниканың жұмыс режиміне және нақты маманның кестесіне сәйкес) күн сайын жүргізіледі.
Call-орталықтың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма 08:00-ден 20:00-ге дейін,
сенбі – 08:00-ден 14:00-ге дейін.
жексенбі – 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Клиниканың жұмыс уақытынан тыс кезде қабылдауға онлайн өтінімдер тек сайт арқылы қабылданады.
Бұл ақпаратты өңдеу call-орталық операторларының алғашқы жұмыс сағаттарында жүргізіледі.
Өзекті телефон нөмірлері Клиниканың ресми интернет-ресурсында да орналастырылған.
3.5. Барлық мамандардың қабылдауы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады:
— Клиниканың http:// www.ecomed.kz сайты арқылы, Клиника сайтындағы онлайн өтінімді толтырғаннан кейін;
— call-орталық телефоны арқылы: +7 775 007 07 00;
— Клиникадағы тіркеу бөлімінде әкімшілер арқылы.
Пациенттер Клиниканың тіркеу бөлімімен немесе call-орталығымен келісу бойынша дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылмай-ақ кіре алады.
3.6. Барлық кіріс қоңырауларға call-орталық қызмет көрсетеді және call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
3.7. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандануына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/тексеру, басқа қызметтер) байланысты.
► Алғашқы қабылдаудың ұзақтығы 30 (отыз) минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін, осы аралықта әрбір қабылдаудың нақты ұзақтығын маман белгілейді.
► Маманның қайталама қабылдауының ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан 30 (отыз) минутқа дейін болуы мүмкін. Тексерулердің ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 20 (жиырма) минутқа дейін болуы мүмкін.
► Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ауыр жағдайдағы басқа пациентке шұғыл көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ басқа пациентті шұғыл тәртіппен тексеру кезінде қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.
Пациенттерді дәрігерлердің қабылдауы Клиника белгілеген кестеге сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлердің жұмыс кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Пациенттерді қабылдауды уақытша тоқтатуға құқылы.
3.8. Сайт арқылы қабылдауға жазылу. Сайтта қабылдауға онлайн өтінім беру үшін нысанды толтырып, жазылуды растау үшін call-орталық операторының қоңырауын күту қажет. Егер call-орталықтың жұмыс уақытында 24 сағат ішінде өтінім расталмаса, техникалық ақау орын алуы мүмкін, сондықтан өтінімді қайта жіберу немесе call-орталыққа телефон соғу қажет.
Толығырақ ақпаратты call-орталық телефондары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінен алуға болады.
3.9. Клиникаға инфекциялық ауруы бар пациент жүгінген және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы қойылған немесе оған күдік болған жағдайда, пациент мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.
3.10. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен медициналық ұйымдарда пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.
3.11. Пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын хабарлауы қажет, ал ҚРТ (қосалқы репродуктивтік технологиялар) қызметтерін алу кезінде отбасылық мәртебесін растайтын құжаттарды және емдеу мен қызмет көрсету үшін қажетті барлық басқа құжаттарды ұсынуы тиіс.
3.12. Төлем Орталықтың кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасы арқылы Клиниканың/Жеткізушінің есеп айырысу шотына да жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызметтер көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлемнің жүзеге асырылуы; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының болуы.
3.13. Дәрігер күтпеген жерден болмаған немесе басқа төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, call-орталық маманы (әкімші) бұл туралы пациентке алғашқы мүмкіндік болған кезде хабарлайды.
3.14. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді.
3.15. Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, алдын ала жазылуы болғанына қарамастан, Клиника Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Алдыңғы пациентке медициналық көмек көрсетуді аяқтау үшін қажет болған жағдайда дәрігер пациенттің алдын ала жазылған қабылдауын кейінірек уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Ауыр жағдайдағы пациентті қабылдау немесе респираторлық жолмен берілетін инфекциялық ауруы бар пациенттің басқа пациенттермен байланысын азайту қажет болған жағдайда, дәрігер алдын ала жазылу болғанына қарамастан пациенттерді қабылдау кезектілігін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты қабылдауы тоқтатылған жағдайда Клиника дәрігерге жазылған Пациенттерге бұл туралы жедел хабарлайды, бұл ретте Клиника басқа дәрігер ұсынуға міндетті емес.
3.16. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда, Клиника/Жеткізуші медициналық қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толықтай тоқтату құқығын өзінде қалдырады, бұл ретте қызметке төленген қаражат қайтарылмайды немесе қайта есептелмейді.
3.17. Диагностикалық зерттеулер (соның ішінде пункция, биопсия, инъекциялар және т.б.), хирургиялық араласулар жүргізу қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.
3.18. Денсаулығына құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар пациенттер Клиникаға жүгінген жағдайда, Клиника медициналық ұйымның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына мәліметтер береді.
3.19. Пациент белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, медициналық құжаттарды ресімдеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып келуі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға барған кезде де, алдын ала жазылған кезде де өзінің дербес деректерін: Т.А.Ә., ЖСН, жасын, тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефонын хабарлауы қажет.
3.20. Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға мүмкіндігінше қысқа мерзімде телефон арқылы хабарлауға міндеттенеді. Әрбір Пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациентті қабылдаудың кешігуіне әкелуі мүмкін.
3.21. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, дәрігер келесі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірмей қабылдау уақытын ұзарту мүмкіндігі болмаса, қабылдауды ауыстыру құқығын өзінде қалдырады.
3.22. Пациент Клиниканың дәрігерлік және өзге персоналының кабинетіне олардың шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде Клиника персоналының кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады. Бұл Клиниканың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу және Клиника персоналына ғана емес, басқа пациенттерге де құрметсіздік таныту ретінде бағаланады.
3.23. Пациент Клиника медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны белгіленген мерзімде аяқтауды мүмкін етпеуі немесе денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабардар етілген.
3.24. Пациент Клиниканың ішкі тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын бұзған, медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтірген, Клиника персоналына құрметсіздік танытқан, дәрігерлер мен Клиника персоналы туралы жағымсыз пікірлер айтқан, персоналға дөрекілік көрсеткен, медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдары мен тағайындауларын орындамаған, сондай-ақ пациент пен дәрігер арасындағы медициналық жанжал түрінде көрінетін психологиялық үйлесімсіздік болған жағдайда, егер медициналық қызметтер көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды.
3.25. Пациент жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндеттенеді.
3.26. Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалар) кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
3.27. Әрбір инвазивтік араласудың алдында Пациент оның мәтінімен алдын ала танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қояды.
3.28. Пациенттің диагнозы, ағзасының жағдайы, емдеу мен профилактикаға арналған ұсынымдар мен тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындылар, егер олар Пациентке Клиника медициналық персоналының жұмыс уақытында берілген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында осы медициналық қорытындының деректерін басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне ұсынуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шартпен Пациентке немесе өзге тұлғаларға Клиникамен келіспей пациенттің медициналық қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік қарым-қатынас сервистерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.
3.29. Осы Шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
3.30. Клиникаға барған кезде Пациенттер мен оларды ертіп жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3.31. Пациент Клиника жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтынымен келіседі, өйткені медициналық қызметтер көрсету кезінде және одан кейін, жақын және ұзақ мерзімді кезеңдерде әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулардың туындау ықтималдығын толықтай жоққа шығара алмайды.
3.32. Клиниканың ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары. Медициналық мекемеге барған және оның үй-жайларында болған кезде:
— емдеуші дәрігердің әрекеттеріне араласуға, медициналық көмек көрсету процесін бұзуға ықпал ететін өзге әрекеттер жасауға;
— басқа пациенттер мен Клиника қызметкерлеріне құрметсіздік танытуға;
— Клиника мүлкін бүлдіруге;
— Клиникадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға, шулауға, есіктерді тарсылдатуға және т.б.;
— қабылдау және медициналық емшаралар кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;
— былапыт сөздер айтуға, Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға тіл тигізуге және дөрекілік көрсетуге не басқа адамдардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— Клиника қызметкерлері мен басқа Пациенттерді қорлауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге, Клиника персоналы мен басқа Пациенттерге қоқан-лоқы көрсетуге және қысым жасауға жол берілмейді.
3.33. Клиникада және оған іргелес аумақта болған кезеңде Пациентке, оның заңды өкіліне және еріп жүретін тұлғаларға:
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, өзге есірткілік және масайтатын заттарды қолдануға, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге;
— қоқысты, темекі тұқылдарын, жеке гигиена құралдарын, бахилаларды және басқа медициналық құралдарды, пайдаланылған препараттарды еденге тастауға қатаң тыйым салынады.
3.34. Пациенттің, оның заңды өкілдерінің және еріп жүретін тұлғалардың әдепсіз, жол берілмейтін немесе агрессивті мінез-құлқы, күш қолдану немесе бұзақылық әрекеттер жасауы, медициналық персоналға дөрекі сөздер айтуы, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы жағдайында Клиника әкімшілігі Пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту құқығын өзінде қалдырады.
3.35. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
3.36. Эпидемиологиялық жағдай кезінде Пациентке, оның заңды өкіліне және еріп жүретін тұлғаларға респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады. 3.37. Жоғарыда көрсетілген ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника басшылығы мен персоналы пациентке қызмет көрсетуден, бақылаудан және емдеуден, медициналық қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
4.1. Қызметтер үшін төлем маманның алғашқы/қайталама қабылдауының алдында қызмет көрсетілетін күні кассада толық көлемде жүргізіледі. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
Алғашқы қабылдау – бір ай ішінде нақты маман дәрігерге алғаш рет жүгіну;
Қайталама қабылдау – осы ай ішінде Клиника пациентінің сол маман дәрігерге барлық қайталама жүгінулерін қамтиды.
4.2. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыста болатын, Клиника/Жеткізуші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.
4.3. Медициналық қызметтерге ақы төлеуді Пациент/Тапсырыс беруші жеке өзі (немесе оның келісімімен басқа тұлға) қызметтер көрсетіле бастаған күні қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес толық көлемде жүзеге асырады.
4.4. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емделуден негізді түрде бас тартқан жағдайда, Клиника мен Пациент арасында жасалған жеке шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық қызметтер үшін төленген сома Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты мен чегі болған кезде Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.
4.5. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Шарт талаптарын Пациент/Тапсырыс беруші бұзған жағдайларды қоспағанда, Клиника/Жеткізуші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет құны арасындағы айырманы төлейді.
4.6. Пациент Клиника қызметтерін оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында Клиниканың медициналық персоналы қосымша қызметтер тағайындаған жағдайда, Пациент оларды алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
4.7. Клиника қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
5. КЛИНИКАНЫҢ/ЖЕТКІЗУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Жеткізуші:
5.1.1. Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Жеткізушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртіптеріне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсетуге;
5.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
5.1.3. Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданыста болатын Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беруге;
5.1.4. Медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, ал клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдерге және дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.5. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен болған жіті аурулар, жағдайлар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде пациенттің өміріне төнген қатерді жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер көрсету қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмектің ақысыз көрсетілуін қамтамасыз етуге;
5.1.6. Пациентке Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс режимі, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары туралы мәліметтерді қамтитын тегін, қолжетімді және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
5.1.7. Пациентке хабарлауға:
— қандай да бір қызмет түрлерін көрсету мүмкін еместігі туралы;
— Пациентке шұғыл немесе жоспарлы стационарлық ем ұйымдастыру қажеттілігі туралы;
— нақты қызмет түрін көрсетуге қарсы көрсетілімдер және ықтимал жағымсыз салдарлар туралы;
— ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда шарттың біржақты бұзылатыны туралы.
5.1.9. Пациентке оның денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге;
5.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке медициналық құжаттаманы, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен емдеу шаралары көрсетілген денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беруге.
5.1.11. Медициналық қызметтер көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауға;
5.1.12. Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына ықпал етуге.
5.1.13. Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарауға;
5.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақшалай қаражатты енгізгеннен және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы шартқа сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін пайдалана отырып, медициналық қызметтерді сапалы әрі толық көлемде көрсетуге;
5.1.15. Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлерін, көлемін, құнын, сондай-ақ одан түскен ақшалай қаражатты есепке алуға міндетті.
5.2. Медициналық қызметтер көрсету кезінде Клиника/Жеткізуші:
5.2.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртіптері мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, ал тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда өз дәрігерлерінің тәжірибесіне, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпы қабылданған тәсілдер мен дәлелді медицина базасына және клиникалық базаның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес айқындауға;
5.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға;
5.2.3. Дәрігерлік нұсқамалар орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын және ішкі тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5.2.4. Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанға дейін ақылы қызметтер көрсетуге кіріспеуге;
5.2.5. Қызмет көрсетуден бас тартуға:
— Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
— Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаған жағдайда;
— Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) ресімдеуден/қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
— Клиниканың ішкі тәртібі, осы шартта баяндалған Клиникадағы мінез-құлық қағидалары бұзылған жағдайда;
— медициналық қызметті қауіпсіз көрсетуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда.
5.2.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника/Жеткізушінің пікірінше оның денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда, мұндай бас тартудың денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіре отырып, одан медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат алуға;
5.2.7. Пациентпен алдын ала келісу бойынша қызмет көрсету уақытын өзгертуге, жіті ауру белгілері бар Пациентті кезектен тыс қабылдауға, емдеуші дәрігерді ауыстыруға;
5.2.8. Пациент белгіленген қызмет алу уақытынан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда Пациенттің қабылдауға жазылуын ауыстыруға немесе жоюға;
5.2.9. Пациенттердің дербес деректерін сақтауға және өңдеуге, заңнамаға сәйкес иесіздендірілген түрде пайдалануға;
5.2.10. Қазақстан Республикасының Денсаулық туралы кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге құқылы.
6. ПАЦИЕНТТІҢ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пациент/Тапсырыс беруші:
6.1.1. Клиника пациенттеріне арналған ішкі тәртіп және мінез-құлық қағидаларын, «Экомед-Шығыс» ЖШС-де белгіленген қағидаларды сақтауға;
6.1.2. Емдеуші дәрігердің және медициналық қызмет көрсететін емдеу мен тексеру жөніндегі тиісті мамандардың медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға, Клиниканың/Жеткізушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
6.1.3. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен (медициналық персоналмен) ынтымақтасуға;
6.1.4. Осы шарттың қолданылу кезеңінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емшілердің, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінің, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын өз дәрігерімен алдын ала келіспей орындамауға және олардан ем қабылдамауға;
6.1.5. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
6.1.6. Осы шарт бойынша медициналық қызметтер көрсетудің тәртібімен және шарттарымен танысуға;
6.1.7. Медициналық қызметтердің құнын олар көрсетіле бастағанға дейін Клиника/Жеткізуші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Жеткізушінің кассасы арқылы төлеуге;
6.1.8. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және дұрыс ақпаратты: өзінің дербес деректерін, өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, анамнезінде бар патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын болған немесе қазіргі аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, соның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер мен кәсіптік зиянды факторлар, аллергиялық реакциялар туралы мәліметтерді және өзге де қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті. Сондай-ақ Клиникада/Жеткізушіде жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса), өзінің денсаулық жағдайы және емдеу барысына әсер етуі мүмкін өзге де факторлар туралы өзіне белгілі барлық ақпаратты ұсынуға;
6.1.9. Өз денсаулығы туралы ақпаратты әдейі бұрмалау қойылатын диагноздың дұрыстығына, тағайындалатын емге әсер етуі және сауығу болжамына ықпал етуі мүмкін екенін білуге;
6.1.10. Денсаулық жағдайы нашарлағаны туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлауға, емдеу курсынан өту кезінде көңіл-күйі мен хал-жағдайындағы кез келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға, өз денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге;
6.1.11. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің немесе call-орталығының қызметкеріне беруге;
6.1.12. Байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірлерін, нақты тұрғылықты мекенжайын), сондай-ақ дербес деректерін, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынуға;
6.1.13. Клиника/Жеткізуші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартқан жағдайда медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат беруге;
6.1.14. Пациент/Тапсырыс беруші белгіленген қызмет алу уақытына келмеген және/немесе 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, Клиника/Жеткізуші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті жою құқығын өзінде қалдыратынын ескеруге;
6.1.15. Денсаулығы туралы ақпаратты жасырған немесе толық емес ақпарат ұсынған жағдайда Клиника/Жеткізуші емдеу нәтижесіне жауапты болмайтынын ескеруге;
6.1.16. Эпидемиялар мен карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтауға, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты қорғаныш құралдарын пайдалануға;
6.1.17. Клиника мүлкіне ұқыпты қарауға;
6.1.18. Осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндетті.
6.2. Медициналық көмекке жүгінген және оны алған кезде Пациент:
6.2.1. Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдауға, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысуға;
6.2.2. Клиника қызметкерлерінің және медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа тұлғалардың құрметпен қарауына;
6.2.4. Клиникадан/Жеткізушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпаратты және растайтын құжаттарды талап етуге;
6.2.5. Бұрын берілген түсініктемелер түсініксіз болған жағдайда, Клиникадан/Жеткізушіден өзінің денсаулық жағдайына, ұсынылған диагностика және емдеу әдістеріне қатысты қосымша түсініктемелер талап етуге;
6.2.6. Өзінің емдеуші дәрігерінің және оған медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
6.2.7. Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес келетін жағдайларда тексерілуге және емделуге;
6.2.8. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беруге;
6.2.9. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқан жағдайда Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар қолжетімді түрде түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазба енгізу арқылы ресімделеді және оған Пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
6.2.10. Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа жүгінуге;
6.2.11. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу барысында алынған өзге де мәліметтердің Клиника персоналы тарапынан Клиникадан тыс жерде таратылмауына;
6.2.13. Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы толық ақпаратты, оның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, оларға байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары мен жүргізілген емнің нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер мен артықшылықтар, ұсынылатын және балама емдеу әдістері, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы мәліметтерді, үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептерін түсіндіруді қолжетімді түрде алуға, денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге құқылы. 6.2.14. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны тағайындай алады. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып одан жасырылуы және пациенттің жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген және тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, қажет болған жағдайда отбасылық мәртебесін растайтын құжаттар және т.б.) ұсынады және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ Пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Аталған келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде шектеусіз: жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (соның ішінде беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен өзге де кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Сонымен қатар Пациент Клиникада фото-, бейне- және аудиотіркеу жүргізуге келісім береді. Дербес деректерді Клиника мынадай тәсілдермен өңдейді: автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып дербес деректерді өңдеу және автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу (автоматтандырылмаған өңдеу).
7.2. Тараптар осы Шарт талаптарын орындау барысында екінші Тараптан алынған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі өзара міндеттемелерді қабылдайды.
7.3. Тараптар мұндай ақпаратқа тек Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
7.5. Тараптар Қызметтер көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға Шартқа сәйкес немесе оған байланысты екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзгеше мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді, бұған ақпаратты алған Тараптың оны осы Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпараты кірмейді.
7.6. Осы шартпен құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе Клиникадан тыс жерде өзге тәсілмен жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.7. Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді Пациентті тексеру және емдеу мүддесінде Клиникадан тыс басқа тұлғаларға, соның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).
7.8. Пациенттің медициналық құжаттарындағы және медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз ұсынуға өзінің жағдайына байланысты еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда жол беріледі.
7.9. Медициналық тексерулердің нәтижелерін Клиника персоналы пациенттерге жеке өзі немесе мобильді не өзге қосымшалар арқылы, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары арқылы, Пациент тіркелу кезінде көрсеткен сұрау салу тәсіліне қатаң сәйкес хабарлайды.
7.10. Пациент/Тапсырыс беруші дербес деректерді өңдеуге келісімді және қызмет көрсетуге ақпараттандырылған келісімді Клиниканың ресепшенінде автоматтандырылған құрылғыда ЭЦҚ кілті арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қол қоя отырып береді.
7.10.1. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Жеткізушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
7.10.2. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қоя отырып, Клиниканың/Жеткізушінің аумағында аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ аудио-, фото-, бейнематериалдарды Клиниканың/Жеткізушінің ресми сайтында жариялауға келіседі. 7.10.3. Мен медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын, Клиниканың/Жеткізушінің http://www.ecomed.kz сайтында орналастырылған медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың жасалғанын растаймын.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Егер осы Шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына Пациенттің осы Шарт талаптарын бұзуы себеп болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Клиника Пациент ұсынған құжаттардың (соның ішінде жеке құжаттардың) және/немесе ақпараттың дұрыс еместігі, жалғандығы, дәл еместігі және т.б. салдарынан туындаған зардаптар үшін жауап бермейді.
8.4. Пациент/Тапсырыс беруші өзінің денсаулығы туралы толық емес ақпарат ұсынған жағдайларда немесе медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларда Клиника/Жеткізуші медициналық қызметтер көрсету сапасы үшін жауап бермейді.
8.5. Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына келтірілген зиян немесе оның сауығуының болмауы Пациенттің/Тапсырыс берушінің медициналық нұсқамаларды бұзуы нәтижесінде туындаса, Клиника/Жеткізуші жауапты болмайды.
8.6. Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған, Клиниканың ішкі тәртібін бұзған жағдайда, Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және медициналық қызметтер көрсетпеуге құқылы.
8.7. Осы Шарт бойынша өзінің құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өз талаптарын баяндаған хат жіберуге құқылы. Талапты алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
8.8. Клиника көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін мына жағдайларда жауап бермейді:
— Пациент емдеу жөніндегі ұсынымдарды сақтамаған және денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасаған жағдайда;
— медициналық көрсетілімдер болмаған кезде қызметтер Пациенттің талап етуі бойынша көрсетілген жағдайда;
— Пациенттің келмеуіне немесе емдеуді жалғастырудан бас тартуына байланысты емдеу жоспары орындалмаған жағдайда;
— қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық туындаған жағдайда;
— Клиника қызметтерін көрсеткеннен кейін үшінші тұлғалар медициналық араласу жасаған жағдайда;
— Пациент емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартқан және бұл жағдайда нақты көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екендігі туралы ескертілген жағдайда;
— Пациенттің кейінгі денсаулық жағдайы, сондай-ақ жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты асқынулардың туындауы үшін;
— өндіруші дәрілік заттар мен препараттардың аннотациясында туындау мүмкіндігін көрсеткен дәрілік заттар мен препараттарды қолданудың жанама әсерлері үшін;
— Пациент бұрын болған аурулар, аллергиялық реакциялар, қарсы көрсетілімдер туралы дәрігерді хабардар ету міндетін орындамаған және көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде мұндай ақпараттың болмауының салдары болған жағдайда.
8.9. Клиника/Жеткізуші қызметтердің тиісті көлемі мен сапасы үшін жауап береді.
8.10. Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің немесе осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін өзге де форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдарынан болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.11. Пациент/Тапсырыс беруші медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңнамада көзделген айыппұл санкциялары мен жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Қызметтерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және (немесе) өзге де бұқаралық коммуникация жүйелерінде, соның ішінде мессенджерлер мен чаттарда Клиниканың/Жеткізушінің және (немесе) оның клиенттерінің беделіне нұқсан келтіретін және (немесе) оларды кемсітетін мәліметтерді таратқаны үшін жауап береді.
8.12. Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда Клиника/Жеткізуші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын көздеуі мүмкін. Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер үшін берешегі туындаған жағдайда, Клиника Пациент бұрын көрсетілген қызметтердің ақысын толық төлегенге дейін осы Шарт бойынша одан әрі қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
8.14. Клиника мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті. 8.15. Қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ
9.1. Осы шарттың талаптарын Клиника/Жеткізуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Интернетте Клиниканың/Жеткізушінің сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөлімінде орналасқан қағаз жеткізгіште жарияланады. Өзгерістер олар жария түрде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында қайшылық болған жағдайда Клиниканың тіркеу бөліміндегі редакция басымдыққа ие болады.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.
10.1. Осы жария оферта шарты жария түрде орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және «03» қаңтар 2027 жылға дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады. Шарт талаптары бұзылған жағдайда Клиника екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы ережеге сәйкес Шартты бұзу үшін шартты бұзу туралы келісімге міндетті түрде қол қою немесе екінші Тараптың шартты бұзуға келісетінін жазбаша түрде растауы талап етілмейді. Шарт Пациентке хабарлама жіберілген сәттен бастап бұзылған болып есептеледі.
11. ДАУЛАР МЕН ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ.
11.1. Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
11.2. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) жазбаша талаппен жүгіне алады, талап тіркеу бөлімі арқылы беріледі және Клиника басшысының қарауына жіберіледі. Талап пікірлер мен ұсыныстар кітабында баяндалуы немесе Клиниканың сайтына электрондық түрде жіберілуі мүмкін. Талапқа жедел жауап алу үшін Пациентке Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне байланыс телефон нөмірін қалдыру ұсынылады. Өтініш заңнамаға сәйкес тәртіппен қаралады.
11.3. Талап Клиника алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Талапқа жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке өзіне берілуі не ауызша түсіндірілуі мүмкін. Клиника сайтында орналастырылған талапқа жауап пациент көрсеткен электрондық мекенжайға электрондық түрде жіберіледі.
11.4. Пациент барлық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.
11.5. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды Тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау шеңберінде Тараптар реттемеген барлық даулар ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
12. ТАРИФТІК САЯСАТ
12.1. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника дербес белгілейді және Клиника директорының бұйрығымен бекітілетін Клиника қызметтерінің прейскурантында тіркейді. Ресми сайтта орналастырылған Клиника қызметтерінің бағалары туралы ақпарат әрқашан Клиника прейскурантындағы ақпаратпен бірдей болады.
12.2. Клиника әлеуметтік негіздер бойынша: мүгедектік, зейнеткерлік жас, көпбалалы ана мәртебесіне байланысты өз қызметтеріне жеңілдіктер бермейді.
12.3. Клиника сайтта, әлеуметтік желілердегі өкілдіктері арқылы, тіркеу бөлімінде немесе кез келген басқа тәсілмен хабарланатын уақытша акциялар шеңберінде жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметтеріне жеңілдіктер береді. Клиника жекелеген Пациенттерге олардың ресми растайтын құжаттары қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдіктер беруге құқылы, мұндай өтініштерді Клиника директоры қарайды.
13. ФОРС-МАЖОР
13.1. Егер міндеттемені ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау Шарт жасалғаннан кейін Тарап алдын ала болжай немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.
13.2. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатуы мүмкін.
13.3. Тараптар Тараптардың төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық мән-жай болып табылмайтынын мойындайды.
13.4. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Тараптар жауапкершілік көтермейді.
13.5. Егер Шартты орындаудың кешігуі форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, Клиника/Жеткізуші оның талаптарын орындамауға байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шартты бұзу үшін жауап бермейді.
13.6. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Клиника/Жеткізуші Пациентке/Тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, Клиника/Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздейді.
14. ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ.
14.1. Әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы туралы қолда бар ақпаратты, соның ішінде тексеру нәтижелері, аурудың болуы, оның диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары және жүргізілген емнің нәтижелері туралы мәліметтерді өзіне қолжетімді түрде алуға құқылы.
14.2. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат пациентке медициналық этика талаптарына сәйкес келетін қолжетімді түрде емдеуші дәрігер немесе Клиниканың өзге лауазымды тұлғалары арқылы беріледі. Ақпарат тексеру нәтижелері, аурудың болуы, диагнозы мен болжамы, тексеру және емдеу әдістері, олармен байланысты тәуекелдер, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары мен олардың салдары, сондай-ақ жүргізілген емнің нәтижелері мен ықтимал асқынулар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат азаматқа оның еркіне қарсы берілмейді. Аурудың даму болжамы қолайсыз болған жағдайда ақпарат азаматқа және оның отбасы мүшелеріне әдепті түрде хабарлануы тиіс, егер азамат оларға бұл туралы хабарлауға тыйым салмаса және (немесе) мұндай ақпарат берілуі тиіс тұлғаны тағайындамаса.
14.3. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға және заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қатысты пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкіліне беріледі.
14.4. Медициналық құжаттамада қамтылған ақпарат медицина қызметкерінің құпиясын құрайды және пациент пен оның заңды өкілдерінің келісімінсіз тек қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша берілуі мүмкін.
15. ПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫН, АНЫҚТАМАЛАРДЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелерді беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
15.2. Пациенттің уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжат белгіленген нысандағы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
15.3. Эмбрионды тасымалдау жүргізілген кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын манипуляцияны жүргізген медициналық ұйым береді.
15.4. Пациенттің өтініші бойынша оған ауруы туралы анықтама немесе медициналық картадан үзінді көшірме берілуі мүмкін. Пациенттің жазбаша өтініші негізінде оған медициналық картаның көшірмесі берілуі мүмкін.
15. Қорытынды ережелер
15.1. Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші және Клиника/Жеткізуші кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шартты жазбаша екіжақты құжат нысанында ресімдеуге құқылы.
15.2. Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Жеткізушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалған және Тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Жеткізуші оферта талаптарына өзгерістер енгізу немесе офертаны өз қалауы бойынша кез келген уақытта кері қайтарып алу құқығын өзінде қалдырады, бұл ретте өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Пациентке/Тапсырыс берушіге міндетті түрде хабарлауы тиіс.
15.3. Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа да осы өзгерістердің енгізілуіне әкелетінімен келіседі және оны мойындайды, бұл өзгерістер Шартқа офертадағы тиісті өзгерістер күшіне енген сәтпен бір мезгілде күшіне енеді. Осы арқылы Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасуға қажетті барлық заңды құқықтар мен өкілеттіктерге ие екенін растайды.
15.4. Пациенттің/Тапсырыс берушінің Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін қызметтерді ресімдеуі Клиника/Жеткізуші және Пациент/Тапсырыс беруші тарапынан енгізілген өзгерістермен келісу ретінде бірмәнді түсініледі.
15.5. Осы шарттың талаптарын Клиника/Жеткізуші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шартқа енгізілген өзгерістер Интернетте Клиниканың/Жеткізушінің сайтында және/немесе Клиниканың/Жеткізушінің орналасқан жеріндегі қағаз жеткізгіште жарияланады. Өзгерістер олар жария түрде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
15.6. Осы Шартта көзделмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
16.1. Тараптар Пациенттің/Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде оның дәрігер қабылдауына және тексеруге жазылу кезінде көрсеткен ақпаратын есептеуге сөзсіз келіседі.
16.2. Клиника/Жеткізуші:
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«03» қаңтар 2022 ж.
Клиникадағы пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің мінез-құлық қағидалары
1. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Клиниканың холдарында аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізіледі.
1.1. Клиниканың call-орталық операторларымен барлық сөйлесулер жазылады.
2. Клиникаға бару кезінде мынадай қағидаларды сақтау көзделеді:
2.1. Клиникаға кірген кезде бахила кию немесе ауыстыратын аяқ киімге ауысу ұсынылады.
2.2. Жылдың суық мезгілінде пациент сыртқы киімін гардеробта қалдыруы тиіс. Жылдың кез келген мезгілінде медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
2.3. Әрбір пациентке жазылуға сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінеді. Кешігу және қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі пациентті қабылдаудың кешігуіне әкелуі мүмкін. Пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіккен жағдайда, дәрігер келесі пациенттердің мүдделеріне нұқсан келтірмей қабылдауды ұзарту мүмкіндігі болмаса, қабылдауды ауыстыру құқығын өзінде қалдырады.
2.4. Пациент дәрігердің кабинетіне оның шақыруы бойынша кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.
2.5. Пациентті ертіп жүретін тұлғалардың (пациенттің заңды өкілдерін қоспағанда) кабинетте болуына қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тек емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындау шартымен жол беріледі.
2.6. Барлық келушілер (пациент, заңды өкілдер, еріп жүретін тұлғалар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.
2.7. Пациент емдеуші дәрігерден, анестезиологтан, репродуктолог дәрігерден, гинекологтан, уролог-андрологтан және т.б. жоспарланып отырған тексеру, емдеу және/немесе хирургиялық араласу туралы өзін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға құқылы.
2.8. Пациент денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлауға міндетті. Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімінің қызметкеріне беруі тиіс.
2.9. Клиника үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдары тек қоқыс жәшіктеріне тасталуы тиіс, пайдаланылған бахилалар Клиника фойесінде орналасқан арнайы жәшікке салынады.
2.10. Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге де таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қажет.
2.11. Клиникаға барған кезде пациенттер мен оларды ертіп жүретін тұлғалар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет.
2.12. Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
2.13. Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, бағалы бұйымдар, телефон және ақша үшін Клиника жауап бермейді.
2.14. Мүліктің кез келген түріне зиян келтірілген жағдайда (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе Клиника әкімшілігі оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
3. Қатаң тыйым салынады:
— былапыт сөздер айтуға;
— Клиника персоналына немесе Клиникадағы өзге тұлғаларға дөрекілік көрсетуге не басқа тұлғалардың қатысуымен олармен қарым-қатынасты анықтауға;
— айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;
— эпидемия, карантин режимі, денсаулық сақтау ұйымында төтенше жағдай енгізілген кезде бейнетүсірілім жасауға;
— қабылдау және манипуляциялар кезінде телефонмен сөйлесуге;
— қоқыс пен бахилаларды еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;
— сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір тауар саудасымен айналысуға;
— алкогольдік ішімдіктер ішуге, кіреберісте, сондай-ақ Клиниканың кез келген үй-жайында темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықтың өзгеруіне әкелетін өзге заттарды қолдануға.
Мыналар бұзушылық болып есептеледі:
● персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге тұлғаларға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;
● басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;
● дәрігердің қабылдауына немесе емшараға келмеу немесе уақтылы келмеу;
● дәрігердің ұсынымдарын сақтамау;
● медициналық персонал әртүрлі емшараларды орындаған кезде олардың талаптарын орындамау;
● дәрілік препараттарды өз қалауы бойынша қабылдау;
● Клиника үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!);
● шартта баяндалған ішкі тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын бұзу;
● Клиника аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу.
Баяндалған мінез-құлық қағидалары және осы шарттың барлық талаптары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.
Пациент құқыққа қайшы немесе әдепсіз мінез-құлық танытқан, басқа пациентке немесе медициналық персоналға дөрекі сөздер айтқан, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған, осы қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда, егер бұл оның өміріне қауіп төндірмесе (шұғыл жағдайларды қоспағанда), Клиника әкімшілігі пациентті бақылаудан және емдеуден бас тарту, режим мен Пациенттің мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке жарамсыздық парағына және ауру тарихына тиісті белгі қоя отырып шығару құқығын өзінде қалдырады.
Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттар үшін Клиника әкімшілігі жауап бермейді.
2-қосымша
Медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ашық (жария) оферта шартына
«03» қаңтар 2022 ж.
Кері байланыс
Біз Тұтынушыларымызға/Клиенттерімізге жұмысымыз туралы кері байланыс бергені, сондай-ақ Клиникадағы қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін өте ризамыз.
Әрбір өтініш Клиника басшылығымен жеке тәртіппен қаралады және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде міндетті түрде жауап беріледі.
Клиника мамандары командасының жұмысы туралы пікір қалдыруға, сондай-ақ өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен білдіруге болады:
• Клиника сайтында («Пікірлер» бөлімі); 2ГИС және т.б.
Клиникада:
• тіркеу бөлімінде орналасқан пікірлер мен ұсыныстар кітабы арқылы;
• электрондық пошта арқылы (info@ecomed.kz, «Пікірлер мен ұсыныстар» деген белгімен).
Клиниканың әлеуметтік желідегі парақшалары:
• Instagram KZ – https://www.instagram.com/ecomed.kz
• Instagram Ust-Kamenogorsk — https://www.instagram.com/ecomed_oskemen/
Сондай-ақ Пациент барлық мәселелер мен ұсыныстар бойынша Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметіне және (немесе) Клиника басшысына, сондай-ақ медициналық бөлім және тіркеу бөлімі бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүгіне алады:
• Директор: Махамбетова Назгуль Нуркановна
• Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Жагниева Гульден Нурлановна, алдын ала жазылу бойынша.
• Аға медициналық мейіргер Алдабергенова Айгерим Сериккызы
• Бухгалтер Мукалиева Шыныр Дулаткызы
«Экомед-Шыгыс» ЖШС
БСН 190140001880
Өскемен қ.
Карбышев көш., 24
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
HSBKKZKX
Е/ш KZ076010151000105161 (теңге)
Директор Махамбетова Назгуль
Мекенжайы: Өскемен қ.
Директор Махамбетова Назгуль Нуркановна
эл. пошта oskemen@ecomed.kz
телефон: 8 705 798 22 27
Call center 8 775 007 07 00
+7 777 310 39 39 бухгалтерия